Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет65/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Уильям Шекспир (1564-1616)


Ұлы ақын, драматургтің шығармашылық қызметіне қатысты мәліметгер өте көп сақталған. Оның өмірі мен әдеби қызметіне байланысты материалдар замандастарының берген бағалары, естеліктері негізінде жинақталған.


Уильям Шекспир 1564 жылдың 23 сәуірінде Орталық Англияның Стрэтфорд қаласында туған. Ол отбасындағы 8 перзенттің үшіншісі еді. Әкесі Жон Шекспир қарапайым қолғап тоқушы, саудамен де айланысатын адам болған. Өз еңбегімен абыройға ие болып, қала кеңесіне сайланады, қала әкімі қызметіне де тағайындалады.
Стрэтфорд Эвон өзенінің бойына жайласқан, Бирмингамнан Оксфорд пен Лондонға баратындар осы қала арқылы өтетін.
Сондықтан, бұл қалада әртүрлі адамдар - мәртебелі саяхатшылар, саудагерлер мен қолөнершілер, кедей студенттер мол болатын.
Стрэтфордқа актерлер труппасы да жиі келіп, түрлі тамашалар көрсетіп отыратын. Бұл оқиға қала мәдениетінің дамуына белгілі дәрежеде әсер етті. Шекспирдің театрға қызығушылығы да осы жерде оянды.
Уильям алғашында ауылдық «Грамматика мектебінде» білім алады. Мұнда негізінен латын тілі үйретіліп, схоластикалық логика мен риторикадан қысқаша түсініктер берілетін. Уильямды әсіресе Рим ақыны Овидийдің шығармалары ерекше қызықтырады, бірақ кедейліктің салдарынан 16 жастағы Уильям оқуды тастап, жұмыс істеуге мәжбүр болады. 18 жасында ол Анна Хэтуэй деген фермердің қызына үйленіп, Сузанна есімді қыз, Юдеф және Гамлет есімді ұлдары дүниеге келеді.
Стрэтфорд Шекспирдің үлкен талап-мақсаттарын қанағаттандыра алмайтын еді. Ол 1587 жылы Лондонға барып, сондағы театрға қызметке орналасады. Бұл жерде Уильям суфлер көмекшісі, соңынан актер, кейінірек режиссер, тіпті театрды басқару істеріне де араласады.
Шекспир театрда алдын басқа авторлардың пьесаларын қайта өңдеп, оларды жаңа мазмұнмен байытады («Адасулар комедиясы»,
«Әр нәрсенің мейірімі бар» т.б.). Сонымен бірге өзі де пьесалар жаза бастайды және аз уақыттың ішінде шебер драматург ретінде танылады.
Актерлер арасынан шығып үлкен абыройға ерісе бастаған осы жаңа драматургті кейбір жазушылар ұнатпайды. Мәселен, Шекспирдің замандасы болған драматург Роберт Грин оны кедейлер арасынан шығып, біздің қауырсындарымызға оранып алған жасанды
«қарға», өзін «сахна әміршісімін», деп ойлайтын «келімсек» деп әжуалайды. Шекспирдің драматургия саласындағы еңбегі көп қырлы, әрі әсерлі болатын. Сондықтан да дұшпандарының көп болуы табиғи нәрсе еді.
Шекспир 90-жылдардың басында театр жанашыры болған жас ақсүйек граф Саутгемтонмен танысады. Оған өзінің екі поэмасы –
«Венера мен Адонис» және «Лукрецияны» сыйға тартады.
Шекспир 1599 жылы әріптестерімен бірге жаңа ашылған
«Глобус» театрына қызметке өтеді. Бұл дәуірде «Глобус» театрына Жемс Бербеж, Уильям Кемп сияқты талантты актерлар жиналып,
театрдың абыройы едәуір артқан болатын. Бұл болса, театрдың әлеуметтік жағдайын көтеруге мүмкіндік береді. Шекспирдің де материалдық жағдайы оңалады. Шекспир шығармашылығының гүлденген дәуірі де оның осы театрда жұмыс істеген жылдары болды.
Ұлы драматург 1612 жылы Лондоннан өзінің туған қаласы Стрэтфордқа қоныс аударады. Бұдан соң шығармашылықпен айналыспайды.
Яков I билігі дәуірінде феодалдық озбырлық күшейіп, театрлар толығымен сарай бақылауында болады, ақсүйектік рухтағы драматургия белең алып, шынайы халықшыл қойылымдардың сахнадан толығымен ығыстырылып шығарылуы Шекспирдің жазушылықты қоюына себепші болған деуімізге толық негіз бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет