Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


гуманистер деп атады. Бұл сөз латынша  humanus



Pdf көрінісі
бет60/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

гуманистер
деп атады. Бұл сөз латынша 
humanus

адамгершілік
деген сөзден келіп шыққан.
Батыс Еуропада Қайта өрлеу дәуірі буржуазиялық мәдениеттің 
пайда бола бастауымен де ерекшеленеді. Құлдырап бара жатқан 
феодалдық қатынастар орнына жаңа буржуазиялық қатынастар 
келе бастады. Бірақ Қайта өрлеу дәуіріндегі буржуазиялық 
қоғамның алғашқы белгілері әлсіз еді. Осы заманның озық ойлы 
зиялылары жұмыссыздық пен капиталистік қатынастардың апатты 
әсерін әлі сезінбеген болатын. Сондықтан Қайта өрлеу дәуірі 
гуманистері көтеріліп келе жатқан қала буржуазиясы мүдделеріне 
шырмалып қалмай, шіркеу мен феодалдардың қанауындағы 
қарапайым бұқара халықтың арман-мақсаттарын да бейнелейді. 
Олар жаңа туып келе жатқан капиталистік қанауды да сынға 
алады. Қазіргі заман буржуазиялық үстемдігіне негіз салған 
адамдар, кім болуына қарамастан, буржуазия мүдделерімен ғана 
шектелген жандар емес еді. Керісінше, олар осы заманға тән 
болған рухпен, жаңа күрестерге ұмтылған батыл адамдар рухымен 
азды-көпті сусындаған еді... Ол заманның қаһармандары үшін 
тән болған нәрсе, олардың барлығы дерлік өз дәуірінің мүдделері 
аясында жасайды, жойқын күрестерге аянбай араласады, бірер 
партия жағында тұрып, кейбіреуі сөзімен, қаламымен, кейбірі 
қылышпен, кейбірі онымен де, мұнымен де қаруланып шайқас
ты.
Феодалдық қатынастар мен зұлымдыққа қарсы халық 
қозғалыстары, ұлт-азаттық әрекеттері Қайта өрлеу дәуірі 
гуманизмінің демократиялық негізде дамуына үлкен әсер етті. Қайта 
өрлеу дәуірінің басты ерекшелігі - жеке адамды ұлылау, табиғат пен 
қоғамды адам талаптарын қанағаттандыруға бағыттау болатын. 
Шіркеу адамның қадір-қасиетін, ой-армандарын жоққа шығарып, 
оның өмір қуаныштарынан рақат алу тілегін - жамандық, ал ақыл-
сана үстемдігін болса, адамды апатқа алып барушы қатерлі жол деп 
қаралаған бір кезеңде Қайта өрлеу әрекеті, керісінше, адамның әрі 
әлеуметтік, әрі рухани тұрғыдан азат болу идеясын қорғады, оның 
қадір-қасиетін, ақылы мен қабілетін мойындады. Қайта өрлеу дәуірі 
гуманизмі адамға жаңаша көзқараста болуымен бірге, адамның 


180
рухани еркіндігіне кедергі болатын барлық тосқауылдарға, сондай-
ақ догматизм, схоластикаға тікелей қарсы шықты. Жеке адамды 
идеалдандыру, оны табиғаттың жанды, жаратушы бөлігі ретінде 
көрсету қаһармандарға мұқтаж болған осы дәуірдің рухына сай 
келеді.
Қайта өрлеу дәуірінің тағы бір ерешелігі оның антикалық 
мәдениетке қатынасынан көрінеді. Гуманистер антикалық дәуірге 
қайту мақсатында емес, бәлкім өздерінің озық пікірлерін негіздеу 
және болашаққа сеніммен қадам басу үшін ертедегі талантты 
қаламгерлердің шығармаларына иек артады.
Гуманистер жалпы «антиктікті» емес, ал оның қалыптасқан 
классикалық дәуірін, Рим республикасының соңы мен императорлық 
биліктердің тарих сахнасына шығуы дәуіріндегі мәдени мұраларды 
жан-жақты үйренді. Олар Рим және грек әдебиеті жанрларының 
түрлі әдіс-тәсілдерін ғана емес, ал олардың тарихи тегі мен күрделі 
мазмұнына да назар аударды. Италия ғалымдары мен жазушылары, 
соның ішінде, алғашқы гуманист Боккаччо ұмыт болған көне 
қолжазбаларды іздеуге кірісті. Христиан дінінің мазмұнын әдейі 
бұзып көрсеткен туындылардың алғашқы текстерін қалпына келтіріп, 
олардың мазмұнын саралайды. Константинополъ күйрегеннен соң 
(XV ғ.), ол жерден қашқан грек ғалымдары Италияға көптеген 
қолжазбаларды алып келген. XV ғасырдың екінші жартысынан 
бастап ежелгі грек және Рим ақындары Вергилий мен Гомер 
поэмалары, Аристотель мен Платонның шығармалары жариялана 
бастады. Батыс Еуропа қалаларыңда ашылған университеттерде 
ертедегі көне тілдермен (латын, грек, иуда), айналысатын жеке 
кафедралар құрылды. Антик мәдениет пен өнерді үйрену феодалдық 
озбырлыққа, христиан діні мен саясатына қарсы күресте маңызды 
рөл атқарды.
Қайта өрлеу дәуірінің өзіне тән ерекшеліктерінің тағы да бірі - 
гуманистік әдебиеттің қалыптасуы және оның реалистік мазмұнда 
болуында. Ірі жазушылар жетілген, ықшам формаларға, көне әдеби 
мұраларға қызығады, орта ғасырлардағы халық поззиясы мен 
антикалық әдебиет үлгілеріндегі бейнелеудің халықтық әдістерін 
байқайды. Осы мұралардан теңдік пен әділеттік үшін күрес 
тақырыптарын алады. Антик әдебиеттің мұндай қасиеттерінен 
әсерлену Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль», Сервантестің 
«Дон Кихот» романдары, Шекспир мен Марлоның трагедияларында 


181
айқын көрінеді. Халық тұрмысынан алынған тақырып, образ бен 
ситуациялар, фолклорлық мотивтер Ж.Боккаччо, Саккетти (Италия), 
М.Наваррская, Б.Деперье (Франция) хикаяларында да кездеседі. 
Қайта өрлеу дәуірі реализмі дін мен шіркеу аскетизмінен ажыралған 
күйдегі фантастикадан да кең пайдаланды. Яғни, оқиға қалай болған 
болса, сол күйінде суреттелмей, реал образдар фантастикалық 
бояулармен бейнеленді. Халық дәстүрінен, фольклорлық негіздерден 
тиімді пайдалану ірі гуманистер шығармашылығының шыңдалуына 
жағдай жасады. Роберт Грин драмаларында халық өкілдері басты 
қаһармандар ретінде суреттеледі. Шекспир трагедияларында да 
кейбір персонаждар арқылы еңбекші халықтың аянышты тұрмысы 
баяндалады.
Қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің таптық жағынан шектелгендігі 
оның күйзеліске ұшырауын тездетті. Феодалдық-католиктік қудалау 
негізінде көп жазушылар революциялық әрекеттен қол үзіп, өзексіз 
мәселелермен айналысып, бір топ сараланған адамдар мүддесін 
қорғаушыларға айналады. Олардың туындыларындағы ұлттық 
мазмұн жойылады, гуманистік мақсат тарылады, антик әдебиет 
мұраларына толығымен бой ұру оларды формализмге алып келді. 
Мұның барлығы да гуманистік әрекеттің күйзелісін көрсететін 
құбылыстар еді.
1-тарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет