196
көзқарастарын айқын танытады.
Өмір қуанышын, табиғат
сұлулығын жырлау, өзге діндерге құрметпен қарау сияқты ойларды
айтумен қатар ақын христиан дінінің шырмауынан да шыға алмайды,
орта ғасырдың схоластикалық дүниетанымынан қол үзе қоймайды.
Бұл жағдай ондағы қайғылы көңіл-күйді күшейте түседі. «Дүниеге
ызамен қарау туралы» (1343) деген шығармасында Петрарканың өз
дүниетанымы мен түсінігіндегі кемшіліктер байқалады. Шығарма
Петрарка мен дінбасы Августин арасындағы диалог түрінде
баяндалған. Августин – орта ғасырлық
діни-аскетизмнің негізін
салушылардың бірі. Ол да жас кезінде ғашықтықты өз басынан
өткізген. Августин ақындағы әділдікке ұмтылу, шығармашылықпен
айналысу, атақ-даңққа бөленіп, ғашықтық
сезімге берілу сияқты
қасиеттердің уақытша нәрсе екендігін айтып, оны мұндай
сезімдерді жеңуге, тек қана «о дүниені» ойлауға үгіттейді. Петрарка
Августинмен қызу тартысқа түседі. Ол
махаббат пен атақ-
абыройдан бас тарта алмайтындығын, Лаураға деген махаббаты
оның шабытын оятатынын, ол уақытша емес, мәңгілік жанға ғашық
екендігін айтады. Августин Петрарканың
Лаураға қатынасының
өмірлік махаббат екендігін айтып, онда бұл туралы сенімді пайда
етеді. Ақын оның пікіріне қосылуға дайын, бірақ ол бұл дүниенің
істерін аяғына дейін жеткізуі керек. Бұдан біз жаңа өзгерістер болып
жатқан сол дәуірдегі Петрарка көзқарасындағы қоғамдық-саяси
кемшіліктерді көреміз. Дегенмен, ондағы гуманистік сана христиан
аскетизмінің догмаларына толығымен бағынбайды. Адамның
тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері, ақыл-санасы «о дүние» туралы
қиял-түсініктерден жоғары тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: