Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет69/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Лирикалық өлеңдері
Петрарка өзінен бұрын өмір сүрген Прованс жыршылары мен 
итальян ақындары сияқты махаббат лирикасымен де айналысты. Ол 
1327 жылы шіркеудегі ғибадат кезінде бір әдемі, жас әйелді көріп, 
оған ғашық болады. Өз өлеңдерінде осы сүйген әйелін Лаура есімімен 
жырлай бастайды. 1348 жылы бұл әйел қайтыс болады, бірақ ақын 
сол сұлуға арнап жыр жазуын тоқтатпайды. Ақынның сүйіктісі 
туралы өлеңдері «Канцоньере» («Өлеңдер кітабы») деп аталады. 
Соңынан Петрарка бұл кітапты «Мадонна Лаураның өмірі» және 
«Мадонна Лаураның өлімі» деп екі бөлімге бөлген. Шығарманың 
аты «Канцоньере» болғанымен, жинаққа сонеттер (317 өлең) мен 


197
концондар (29 өлең) енген. Кітапта махаббат тақырыбынан өзге 
саяси-философиялық өлеңдер де бар. Олардың кейбірінде («Менің 
Италиям», «Ұлы рух») отансүйгіштік идея жырланса, басқаларында 
папа билігінің кемшіліктері, діни бұзақылықтар әшкереленді.
Бізге дейін жеткен Лаураға арнаған бірінші өлең 1330 жылы 
жазылған. Аллегориялық тәсілдер ақынның өз ой-толғамын 
философиялық абстракциясыз, қарапайым пікірлермен баяндауына 
кедергілік келтірмейді. Данте әсерімен ол, сүйіктісін мейірімді, 
айналасындағыларға жақсы әсер етуші жан ретінде көрсеткенімен, 
Петрарка сұлулықты мейірімділікпен тең деп қабылдамайды. Оның 
сүйіктісі - Лаураның бойындағы қасиеттер шынайы. Лаура адамды 
өзіне ынтық ететін сұлу болғанымен, ғашықтыққа селқос қарайтын 
жан. Сондықтан ақынның сүйіктісі тек қиялда ғана. Шығармада 
ақын жүрегіндегі екі түрлі махаббат - көтеріңкі рухани махаббат 
пен шынайы жауапсыз махаббат ортасындағы қарама-қарсылық 
өз көрінісін тапқан. Шынайы өмір қайғысы ақынның рухани 
махаббатқа бой алдыруына жол бермейді.
Ғашығыма деген өртті сөндірмей
Келем жылжып жоғалатын сызыққа,
Он алты жыл қол жетпеді қызыққа,
Соның бәрі өте шыққан бір күндей...
Тағдыр-тасыр, ал махаббат керемет,
Мен өмірден енді нені сұраймын,
Қайтер ем мен көзін жұмса шырайлым,
Ол жоқ жерде тірлік маған не керек!
Қазір мұнда, сәлден кейін андамын,
Жылдамырақ заулар едім бұдан да
Қас қылғандай күш жетпейді әріге.
Он алты жыл. Баяғыша шаңдағым,
Шыбын жаным шарқ ұрады шығанға,
Тағат табар реті жоқ әлі де [103.29].
Жинақтың Лаура өліміне байланысты бөлімінде ол өз сүйіктісінің 
мейірімсіздігіне өкінбейді, қайта оны жоқтап қайғы-қасіретке 
батады. Лаура серілік лирикада сомдалған мейірімсіз ханымға мүлде 
ұқсамайды, керісінше, бетіндегі пердесін алып тастап, ақын зарын 


198
тыңдайды, оны жұбатады, көздерінен аққан жасты орамалымен 
сүртіп қояды. Данте сияқты Петрарка да өз сүйіктісін ұжмақта деп 
көрсетеді. Лаураның өлімінен соң ақын жүрегінде туған сезімдер 
арпалысы аяқталады. Сонда да, Петрарка Лаураны ұмыта алмайды. 
Жинақ соңында ақын бибі Мәриямнан оның «күналарын» кешіруін 
өтінуі мұның айқын дәлелі.
Петрарка лирикасының тарихи маңызы өте зор, өйткені, ол 
Италия поэмасын мистика мен аллегоризмнен тазартты, «күна» деп 
саналған махаббат пен тұрмыстық мәселелерді жырлауға жол ашты.
Петрарка поэтикалық формаға да ерекше назар аударып, оған 
мазмұн еркіндігін енгізді. Данте болса форманы пікір білдірудің 
құралы деп санаған болатын. Петрарка Еуропа поэзиясын жаңа 
көркем образдармен, жаңа туындылармен байытты, әсіресе, сонет 
жанрын одан әрі дамытты. Тек махаббат лирикасын ғана емес, 
сонымен бірге жинағына енген жауынгерлік рухпен суарылған саяси 
жырлары да мемлекет бірлігін қалыптастыру үшін күрескендердің 
қолындағы күшті қару ретінде қызмет атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет