Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет67/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Франческо Петрарка
(1304-1374)
Итальян гуманизмінің негізін салушы Франческо Петрарка өз 
өмірінің көп бөлігін антикалық мұраларды үйренуге арнаған ғалым, 
ақын ретінде ерекше даңққа бөленді. Оның әкесі Дантенің жақын 
досы еді, ол да 1302 жылы қара гвельфтердің қуғынына ұшырап, 
Флоренциядан қашып, Ареццода бас сауғалайды. Петрарка 1304 
жылы осы жерде дүниеге келеді. Әкесі 1312 жылы отбасымен 
Францияның оңтүстігіндегі папа тұратын Авиньон қаласына 
қоныс аударып, сол жердегі сарайға қызметке орналасады. Жас 
Петрарка болса, қала маңындағы қыстақта жасап, латын тілі мен 
көне Рим әдебиетін оқып үйренеді. Соңынан ол құқықтанумен 
айналысады. 1326 жылы ата-анасынан айрылған Петрарка оқуын 
тастап, Авиньонға келіп діни қызметке орналасады. Бұл жағдай 
оны папа билігіне жақындастырады. Сарайдағы алаяқтықтар, 
сатқындықтар, шіркеу мансаптарының сатылуы сияқты жағымсыз 
әрекеттер ақынның ызасын оятады. Ол діни қызмет атқарғанымен, 
өте заманагөй адам болатын.
Петрарка өзінің сұлу Лаураға арнаған алғашқы өлең сонеттерімен 
Рим жұртшылығына таныла бастайды. Ғылым-білімге жаны 


194
құмар, абыройлы Рим дворяны Джованни Колонна 1330 жылы 
Петрарканы өз сарайына қызметке шақырып, антик жазушылардың 
шығармашылығын үйренуіне жағдай туғызады. 1333 жылы ақын 
Франция, Германия, Фландрияға саяхат жасайды. Бұл саяхаттар 
Петрарка дүниетанымының кеңеюіне мол әсер етеді. 1337 жылы 
Римге барып, қаланың тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысады. 
Авиньонға оралған соң, Петрарка бұл қалада қалғысы келмейді. 
Сондықтан қаладан бес шақырым жердегі Воклюз қыстағына келіп, 
осы жерде жалғыз өмір сүре бастайды (1337-1341). Бұл жылдар 
Петрарка шығармашылығының өте жемісті жылдары болды. 
Петрарканың латын тіліндегі «Африка» поэмасы, Лаураға арнаған 
көптеген өлеңдері де осы жерде туады. Бұл шығармалар ақынға 
үлкен даңқ алып келеді. Көне дәуір ақындары дәстүрінде 1341 жылы 
Капитолийде (Рим) үлкен салтанатпен оған жеңімпаз лавр алқасы 
тағылды. Осы кезден бастап Петрарка Италия жазушыларының 
атақты жетекшісіне айналды, оның аты тек Италияға ғана емес, шет
елдерге де кең тарады. Папа Климент VI және басқа да дін өкілдері 
оны шіркеудегі жоғары лауазымға шақырды, бірақ еркіндіктен 
айрылып қалудан қорыққан ол бұл ұсыныстарды қабылдамады.
Петрарка да Данте сияқты көркем әдебиет майданында өз 
дәуірінің саяси өміріне әсер ету, отанның ортақ бірлігін қалыптастыру 
үшін күресті. 1347 жылғы феодалдарға қарсы көтерілістердің 
хабарын естіген ол дереу оларды құттықтайды. Көтеріліс басшысы 
Кола ди Риенци көне Рим үлгісінде Римде республикалық билікті 
жарияланғанда, Петрарка оған арнап «Ұлы рух» атты атақты саяси 
канцонасын жазып, оны қолдайтындығын ашық білдіреді. Бірақ көп 
ұзамай Риенци жеңіліске ұшырайды.
XIV ғасырдың 60-жылдарында Петрарка өз замандасы 
Боккаччомен танысып, онымен достық қатынаста болады. Өмірінің 
соңғы жиырма жылын ақын Миланда, соңынан Венеция мен 
Падуеде өткізді. Миланда Жованни Висконти қамқорлығында 
болған Петрарка «Әрқандай бақытсыздыққа қарсы шаралар 
туралы» (1358-1366) трактатын жаза бастайды. Өмірінің соңыңда 
ұлы гуманист Падуеге жақын Арква қыстағында жасап, 1374 жылы 
осы жерде қайтыс болады.
Петрарка - итальян Қайта өрлеу дәуірінің ірі өкілі, дүние 
жүзі әдебиеті қазынасына мол үлес қосқан гуманист ақын. Ол 
Цицеронның екі баяндамасын тапты. Антик жазушылар Цицерон 


195
мен Вергилийдің шығармаларын жан-жақты оқып үйренді, оларды 
өзіне ұстаз санайды. Грек жазушыларының шығармаларын латын 
тіліндегі аудармалардан оқыды. Көне Рим жазушыларының 
көркемдік әдістерін, пікірлеу негіздерін игерді. Италия әдебиеті 
латын әдебиетінің жалғасы екендігін дәлелдеп, шығармаларын 
латын тілінде жазды. Көне классиктер тілін нағыз әдеби тіл деп 
түсінді.
Петрарканың латын тілінде жазылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет