Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Театр» сөзінің негізгі  мағынасы  «көру», «күзету»



Pdf көрінісі
бет37/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«Театр»
сөзінің негізгі 
мағынасы 
«көру», «күзету»
дегенді білдіреді. Алғашқы дәуiрлерде 
көрермен отыратын жерді осылай атаған. Бұл атауды бүкіл театр 
ғимаратына қатысты қолдану V ғасырларда басталған. Грекияда 
театрдың жалпы халыққа арналғандығы себепті, оны көбінше тау 
етегіне құрған. Көрермендер отыратын қияның баурайындағы 
жарты шеңбер формасында алынған үлкен алаңды 
орхестр
– ойын 
алаңы деп атаған. Мәрмәр тастар төселген орхестр алаңының 
ортасына Дионис бейнесі орнатылып, хор өлеңдері, актерлардың 
ойыны осы жерде орындалған. Орхестрдың артында сцена (шатыр) 


76
деп аталатын кішкене баспана да болған, көне дәуірлерде осындай 
театр жабдықтарын сақтауға және актерлардың киінуіне арналып 
салынған бөлмелер соңын ала хор ойындарының қажеттігі жойылған 
кезеңдерде нағыз сцена – сахнаға айналады. 
Шығарма оқиғасы барысында актердің жан-дүниесінде болып 
жатқан ішкі толқыныстарды бейнелеу үшін пайдаланылған 
маскалардың түрлері антикалық дүние театрында өте көп болған. 
Масканың тағы да бір қолайлы қасиеті сонда, бір актердің түрлі 
рөлдерде ойнауына, тіпті, әйелдер бейнесінде де шығуына мүмкіндік 
берген. «Діни нанымдардың қалдығын актерлардың киімдерінен 
де көреміз. Көне дәуірдегі алғашқы актерлар орхестрге аңыздық 
патшалардың шұбатылған ұзын киімдерін киіп шығатын. 
Трагедияларда толығымен ескі аңыздардан алынған 
қаһармандардың өмірі суреттелгендіктен, олардың бейнесін 
мүмкіндігінше толығырақ ашу үшін, актерлар аяқтарына өте биік 
ағаш өкшелер қағылған аяқ киім, бастарына қоңыр шашты үлкен 
маска киген»[28,52]. 
Жалпы, ежелгі грек театрында осыған ұқсас шартты 
ерекшеліктер өте көп. Актерлардың ебедейсіз ауыр аяқ киімдері, 
үстілеріндегі шұбалаңқы көйлектерi олардың сахнада еркін 
қимылдауына кедергі болған. Беттеріндегі маскалар адам жанының 
қатып қалған бір сәтін ғана бейнелеп, кейіпкердің шынайы жан-
дүниесін көрермен назарынан тасалап қалатын. Сөздердің жоғары 
дауыспен деклемация тәрізді айтылуы да – көріністің шынайы 
өмірден алынғандығына күман келтіретін. Хордың тамаша соңына 
дейін тапжылмай бір орында тұруы әлдеқандай қолайсыз жағдайлар 
туғызатын. Осы кемшіліктерге қарамастан, грек халқының мәдени 
тарихында театрлардың орны ерекше болды. 
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Драманың пайда болу тегі, негізгі түрлері туралы мәлімет 
беріңіз.
2. Аристотельдің драманың шығу тегі, дамуы жайлы ойларына 
тоқталыңыз.
3. Дифирамб және оның орындаушылары кімдер болды ?
4. Драмалық сайыстар, Афина театры, хор және актерлар, 
ежелгі драманың құрылымы туралы не білесіз ?


77
 Эсхил
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың алғашқы 
жылдарында басталған қоғамдық-саяси оқиғалар, грек елiнiң ескi 
қауымдық құрылыстан бірте-бірте таптық мемлекетке айналуы, 
сол мемлекетте демократиялық қозғалыстың мүлдем нығаюы, 
Парсы-Грек соғыстары жылдарындағы ұлттық бірлік және дұшпан 
үстінен жеңіске жету тілегі, соғыстан кейінгі әлеуметтік және 
мәдени ілгерілеу Эсхил шығармашылығында өз көрiнiсін тапты. 
Эсхил - «трагедияның атасы» және өз шығармаларында ең өзекті 
мәселелерді көтерген талантты ақын болды.
Барша грек қаламгерлері секілді, Эсхилдің өмірі туралы 
мәліметтер де тарихта аз сақталған. Сондықтан, ұлы драматургтің 
өмірі жайлы толық әңгіме айтудың мүмкіндігі жоқ. Ақын шамамен 
б.з.б. 525-524-жылдары Эливсин қаласында ақсүйек отбасында туса 
керек, балалық шағында-ақ ірі-ірі әлеуметтік-саяси оқиғалардың 
куәгері болады.
Он бес жасында афиналықтардың табанды күресін, ақсүйектер 
ортасында басталған қырғын шайқастарды ақын өз көзімен 
көреді. Эсхил парсыларға қарсы жүргізілген ұлы соғыстан да 
шет қалмайды. Марафон мен Платея қалаларындағы, Саламин 
аралындағы ұрыстарға толық қатынасады. Осы соғыста 
демократиялық Афинаның Парсы мемлекетін жеңуі, Эсхилдің 
демократиялық құрылысқа деген сенімiн нығайта түседі. Бірақ 
Афина мемлекетінде ақша қатынасының күшеюін, ақшалы топтар 
ықпалының артуын көрген ақын демократияның әділетті құрылыс 
екендігіне күмандана бастайды. Сол себептен болса керек, ақын 
өмірінің соңғы жылдарын өз отанынан алыста, Сицилия аралында 
өткізеді және б.з.б. 456-жылы Гела қаласында көз жұмады. 
Ежелгі ғалымдардың айтуына қарағанда, Эсхил өте жемісті 
еңбек еткен қаламгер. Бірақ оның 90-ға жуық трагедияны қамтитын 
бай әдеби мұрасынан бізге дейін тек жетеуі ғана жеткен. Бұлар 
мыналар: «Парсылар», «Фиваның жеті дұшпаны», «Бұғауланған 
Прометей» және «Орестея» трилогиясына кіретін «Агемемнон», 
«Хоэфорлар» мен «Эвменидалар» трагедиялары. Бұл трагедиялардың 
«Парсылардан» басқасы мифологиялық тақырыптарға жазылған, 
ақын олардың сюжетін ежелгі замандағы «Гомер дастандары» деп 
аталған цикл дастандардан алады. Эсхил өзі жазған шығармалардың 
барлығын да «Гомер қазынасынан төгіліп қалған ұсақ дәндер» деп ба


78
ғалайды[32,329].
Бізге дейін жеткен шығармалар сан жағынан аз болғанымен, 
оларда бейнеленген ой-пікірлер ақынның грек әдебиеті тарихында 
өте маңызды орынға ие болғандығын дәлелдейді. 
Эсхилдің алғашқы туындысы - «Тiлеушiлер» трагедиясы. 
Шығарманың оқиғасы Данай патшаның елу қызы туралы
«Данаида» аңызынан алынған. Египт патшаның елу ұлы оларға 
зорлықпен үйленбекшi болады. Шахзадалардың арсыздығына 
ызаланған данаидалар әкесі Данаймен бiрге Грекиядан қашып, 
Аргос қаласындағы Пеласг патшаға келедi. Пеласг қашқындарға 
жәрдем беруге дайын. Бірақ халықпен кеңеспесе болмайтындығын 
айтады. Сөйтіп, олардың өтінішін халыққа жеткізеді. Халық 
«данаидаларды қорғау керек» деп шешiм қабылдайды. Осы 
кезде Египттің ұлдары да қалаға жетеді, қыздарға елші жібереді. 
Пеласг данаидаларды бермейміз деген соң, елшілер қалаға соғыс 
ашатындықтарын айтып кейін оралады. Бірақ қауіп-қатердің беті 
қайтқанмен, қыздардың көңілі қобалжиды. Шығарманың соңында 
кәнизектер хоры Афродитаның құдіретін мадақтай отырып, «қыздар 
өздерінің өжеттігімен тәңірiні ренжітіп алмас па екен» деген ойды 
айтады [1,125]. 
Шығарма негізiнен үш бөлімнен құралған болса керек, бірақ 
оның соңғы бөлімдері сақталмаған. Дегенмен, өжет қыздар жайлы 
аңыздың соңы белгілі: жігіттер зорлықпен данаидаларға үйленеді, 
бiрақ ызалы қыздар неке түні кек қайтарып, күйеулерді өлтiреді. Тек 
Гиперместра деген біреуі ғана мұндай ауыр қылмысқа қолы бармай, 
ерін аман қалдырады.
Мифтің 
қорытынды 
бөлімінде 
бастапқы 
райынан 
қайтып, апаларына опасыздық жасаған Гиперместра үстінен 
ұйымдастырылған сот туралы хикаяланады. Гиперместраны өз 
қамқорлығына алған Афродита құдай махаббат, неке туралы жалынды 
сөздер айтып, күнаһарды қорғайды. Ғалымдар трилогияның бізге 
жетпеген бөлімдерінің мазмұны міне, осы мифтердің мазмұнына 
сәйкес болуы мүмкін деп болжам жасайды. 
Шығарма драмалық құрылысы жағынан өте әлсіз. Шығармада 
негізгі орын тек данаидалардан құрылған хорға ғана берілген. 
Оқиғаға екінші актер енгізілгенмен, диалогтар тым аз. Бірақ осы 
алғашқы туындыда-ақ ақынның демократиялық ойларының 
алғашқы ұшқыны анық сезіледі. Аргос патшасы болса, өз халқымен 


79
кеңесіп қимылдайтын «халықшыл» патша ретінде дәрiптеледi.
«Парсылар» трагедиясы - грек әдебиетінің бізге дейін жетіп 
келген осы жанрдағы ескерткіштер ішіндегі заманагөй мазмұндағы 
жалғыз шығарма. Жақында ғана болып өткен, әрі ақынның өзі 
қатынасқан Парсы-Грек соғысы - трагедияның негізгі мазмұны. 
Шығарманың ең маңызды жері – шабарманның хикаясы. Бұл 
хикаяда Афинаның демократиялық құрылысына және өз елінің 
азаттығы үшін жанкешті ерлік көрсеткен батыр халқына мадақ 
жырлар оқылады. Осыдан кейін Атосса ханым Дарийдің қабірі 
басында құрбандық шалып, оның аруағын шақырады. 
Сарай халқының алдында пайда болған Дарий аруағы «бұл 
апаттардың баршасы Ксеркстің такаппарлығының, екіжүзділігi 
мен әке әмірін бұзып, құдайлардың қаһарына ұшырағандығының 
себебінен болды» дейді [1,126]. 
«Парсылар» трагедиясы – Парсы-Грек соғысына арнап жазылған, 
бірақ біздің дәуірге толық жетпеген трилогияның екінші бөлімі. 
Қолымызға тиген трагедия мазмұн жағынан жеке-дара туынды 
болса керек. Драмалық құрылысы жағынан «Парсылар» туындысы 
да алдыңғы трагедия сияқты лирика мен драма ортасында тұрған 
шығармаға ұқсайды. Өйткені, бұл да негізінен лирикалық әуендегі 
хор жырларынан құралған. Шығармада суреттелген оқиғалар 
көрерменнің көз алдында толық өтпейді, көбінше шабарманның 
хикаясында баяндалады. Сондықтан, жаңа трагедияда диалог 
оншалықты маңызды орынға ие болмайды. 
«Фиваның жеті дұшпаны» - Эдип туралы аңыздан алынып 
жазылған трилогияның үшінші бөлімі. Алдыңғы екі бөлімі – 
«Лай» және «Эдип» трагедиялары бізге жетпеген. Фива қаласы 
аңыздарында айтылғанындай, Лай патша сәуегей-көріпкелдердің 
айтқанына сеніп, өзінің жаңа туған ұлы Эдипті «өлтіріп, денесін 
жыртқыштарға таста» деп, сенімді қызметкеріне бұйырады. Бірақ, 
қызметкер сәбиді аяп, басқа патшалыққа жасырын аттандырады. 
Трилогияның «Лай» атты бірінші кітабы осы оқиғаны баяндайды. 
Эдиптің жат жұртта өсіп ер жетуі, кейін Фива қаласына келіп, 
білместікпен өз әкесін өлтіруі, Фива қаласының халқына жасаған 
жақсылықтары нәтижесінде осы қалаға патша болуы, өз анасына 
үйленуі, одан бірнеше перзент көруі, соңынан, өзінің жасаған 
қылмыстарын біліп, екі көзін ойып алуы және жетесіз ұлдарына 
лағнат айтуы - «Эдип» трагедиясына мазмұн болған. Трилогияның 


80
үшiншi бөлiмi – «Фиваның жеті дұшпаны» трагедиясында міне, осы 
қарғыстың ауыр зардаптары көрсетіледі. 
Шығарманың кіріспе бөлімінде Этиоклді қалаға дұшпандар 
шабуылдаған кезде көреміз. Қала іші ойран-топыр, хорды 
орындаушы әйелдерді қорқыныш билеген. Этиокл шұғыл 
шаралармен шабуылға тойтарыс береді. Дұшпанның жағдайын 
біліп келуге жіберілген «жансыз» маңызды мәліметтермен 
оралады. Этиокл мен «жансыз» арасындағы диалог – шығарманың 
ең маңызды жері. «Жансыз» қаланың жеті қақпасын жеті патша 
басып алғандығын айтып, олардың әр бірін жеке-жеке суреттеп 
береді. Жетінші қақпаны бағындырған қолбасшыны суреттеген 
кезде Этиокл ашу-ызадан қалшылдап кетеді. Бұл өз ағасы Полиник 
еді. Өйткені, туып өскен ата жұртына қылыш жалаңаштап келу - 
барып тұрған опасыздық қой!.. Хор патшаны райынан қаншама 
қайтарайын десе де, пайдасы жоқ. Аға мен інінiң бір-біріне қылыш 
көтеруі өте қайғылы жағдай екендігін Этиоклдің өзі де түсінеді, 
бірақ мақсатынан шегінбейді. Қарғыс атқан Эдип әулетінің ауыр 
азаптарын есіне түсіріп, зар жылайды. Өлең жолдары аяқтала бере 
шабарман келіп, дұшпанның жеңілденгендігін, аға мен інінің жекпе-
жек айқаста мерт болғандығын хабарлайды. Осылайша, тағдырдың 
қалауы болады, қарғыс атқан Лай әулеті түгел қырылады.
Эдиптің ұлдарын қарғап, лағнаттап қаңғып кетуі – трилогияның 
екінші бөлімі – «Фиваның жеті дұшпаны» трагедиясында 
суреттелген. Бұл туындыда алдыңғы шығармаларға қарағанда 
драмалық шеберліктің едәуір өскендігін көреміз. Алдымен, мұнда 
хордың рөлі азайып, оның орнын диалогтар басқан, ең маңыздысы 
– оқиғалардың орталығында тұрып, оларды әрекетке келтіруші бас 
қаһарман (Этиокл) пайда болған, сонымен бірге, ақын тұңғыш рет 
қаһарманның жарқын образын, адамдық келбетін жасайды. Осы 
жағынан алғанда, «Фиваның жеті дұшпаны» трагедиясы - грек 
драматургиясының бізге мәлім шығармаларының ішіндегі ең 
озығы. Мұнан өзге, трагедияда Эсхилдің діни танымы да тереңірек 
бейнеленген. Ақынның түсінігінде, жалпы грек трагедияшылары 
түсінігінде маңызды орынға ие болған тағдыр, борыш идеялары бұл 
шығармада негізгі мәселе міндетін толық атқарған» [14,22]. 
Тағдыр, қылмыс және жаза мәселелері Эсхилдің бізге дейін 
толығымен жеткен «Орестея» трилогиясында тереңірек талданады. 
Бұл шығармада ақын жантүршігерлік қылмыстардың себепшісі 


81
болған Атрей әулеті туралы хикаялайды. Грек аңыздарында 
айтылуынша, Атрей өз ағасы Фиестен кек алу мақсатында, оның 
балаларын өлтіреді. Осыдан кейін бұл қылмыстың кесапаты Атрей 
ұрпақтарына тиіп, содан бері қарай олар ортасында тынымсыз 
қан төгу, бір-бірінен кек алу толастамайды. Сондықтан, Атрейдің 
ұлы Агемемнон өз қызы Ифигенияны құдайлар жолына құрбан 
етеді. Агемемнонның әйелі Клитемнестра Фиестің тірі қалған 
ұлы Эгисфтің көмегімен ерін өлтіреді. Агемемнонның ұлы Орест 
әкесінің кегін алып, өз анасын және Эгисфті өлтіреді.
Эсхил – ұлы гуманист ақын. Заманасының бітпейтін қанды 
оқиғалары: грек қалалары ортасындағы қақтығыстар, кейбір мемлекет 
қайраткерлерінің жеке бас мүддесін ойлап, басқа мемлекеттерге 
жасаған жорықтары, осыған байланысты халық басына түскен ауыр 
зардаптар ақында терең ашу мен ызаны оятады. Сондықтан, ақын 
«Фиваның жеті дұшпаны» трагедиясында аңыз оқиғалары негізінде 
осы кезеңдерде өршіп тұрған тақ таласын, олардың қанды іздерін 
қатты сынаған болса, «Агемемнон» трагедиясында мифологиялық 
образдар арқылы өз замандастарының Агемемнон, Ахилл және 
т.б. аңыз қаһармандары сияқты даңққұмарлығын, жаугершілік 
талаптарын сынға алды. Эсхил тек азат етуші соғыстарды ғана 
әділетті ұрыс деп таниды. Тыныштық - өмірдің өшпес заңы, адамның 
мәңгілік арманы. Міне, осындай қасиетті ақиқатты мойындамай, 
соғыс өртін тұтандырған әр қандай адам құдайлардың қаһарына 
душар болады, жасаған қылмыстарының жазасын тартады. 
Өйткені, жазықсыз төгілген бір тамшы қанның да обалы бар. 
Паристің азғындығы бүкіл бір мемлекет халқының көз жасына әкеп 
соқтырса, бір әйелдің себебінен басталған ұрыс қаншама адамның 
өмірін қыршынынан қиды. Осы соғыстың қолбасшысы Агемемнон 
да өз қылмыстарына сай жазасын алды. 
Адам баласының ауыр тұрмысына, жер бетіндегі зұлымдық 
пен әділетсіздіктерге қарсы үн әсіресе, «Бұғауланған Прометей» 
трагедиясында анық естіледі. Бұл шығарма жалғыз Эсхилдің ғана 
емес, ал бүкіл дүние жүзілік әдебиеттің азаттық пен адамсүйгіштік 
шарапатына тұрғызған ұлы ескерткіші. «Бұғауланған Прометей» 
трагедиясы, «Азат болған Прометей» және «От сыйлаушы 
Прометей» трагедияларымен бірге қосылып, тұтас бір трилогияны 
құрайды, бірақ соңғы екі бөлім өкінішке орай біздің дәуірімізге 
дейін жетпеген. 


82
Эсхилдің соңғы шығармасы болған «Орестея» трилогиясында 
ақынның таланты кең қанат жаяды. Бұл шығармада актерлар саны 
екі адамнан үш адамға көбейтіледі, екінші дәрежелі тағы бірнеше 
қаһармандар пайда болады, хор өз орнын бас қаһармандарға береді, 
бірақ көпшіліктің алаңдауы мен толқыныстарын бейнелейтін күшті 
драмалық тәсіл ретінде трагедияда ол әлі де маңызды орында тұрады. 
«Агемемнон», «Дұғагөйлер» трагедияларының негізгі құндылығы 
сол, бұл шығармаларда тұңғыш рет бейнесі, табиғаты, рухани жан 
дүниесі айқын сомдалған, мінездері бір-біріне ұқсамайтын дара 
жаңа образдар пайда болады. Олардың ортасындағы ең айқыны - 
Клитемнестра бейнесі.
Ақын бұл әйелді түрлі жағдайларда: жеңіс салтанаты кезінде, 
сын сағаттарда, өлім алдындағы сәттерде толық ашып көрсеткен. 
Міне, осы жағдайларда қаһарманның бейнесі мен табиғаты 
көрермен көз алдынан тізбектеліп өтіп жатады. Ең алдымен ол - ана, 
жүрегі қайғы отына өртенеді. Жар ретінде қызғаныш дертiн көтере 
алмайды. Намысы тапталған кезде ешнәрседен тайсалмайды, 
мейрімсіз кекшілге айналады. Бұл әйелдің мінезі жағдайға қарап 
құбылуы мүмкін. Қажет сәттерде өзін ұстай біледі. Қауіп-қатер 
төнгенде айлакерлік жасайды. Қаһарман мінезін оқиғаның даму 
барысында бейнелеу - ақынның қол жеткізген ең үлкен жеңісі. 
«Агемемнон» трагедиясында Клитемнестра өте айлакер, өжет, 
ақылды және әрқандай істі орындай алатын ханым бейнесінде 
көрінеді. «Дұғагөйлер» трагедиясында ол көп өзгеріске ұшыраған. 
Алдыңғы айлакерлік сезілмейді. Кек алу дерті ханымның күш-
жігерін құртқан. Түнімен жаман түстер көріп шығады. Бата, 
дұға оқып ерінің аруағын тыныштандыруға ұмтылады. Ұлының 
оралуын қорқынышпен күтеді. Сондықтан оның «өлгенін» 
естігенде қуанышын жасырмайды. Өз қатесін аңдаған соң, бір 
сәт алдыңғы өжеттігі оянып, қолына балта беруін сұрайды. Бірақ 
Орестпен кездескенде, оны тағы да қорқыныш, үрей билейді. 
Оған жалбарынады, өлтірмеуін өтінеді. Драмалық жағдайлардың 
күрделенуі, оқиғалардың толассыз шиеленісуі тұрғысынан 
«Орестея» трагедиясында біраз жаңалықты байқаймыз. Сондықтан 
«Агамемнон» трагедиясының басталуында-ақ көрермен патша 
отбасында қайғылы оқиғаның болатындығын сезе бастайды. Бұл 
жағдай Клитемнестраның жалған сөздерінде, Агемемнонның 
көңіліндегі күдіктерде, Кассандраның тынымсыз толқуында, 


83
патшаның жан дауысын естіген халықтың бұл оқиғаға біресе 
сеніп, біресе сенбей екіленуінде айқын көрінедi. Оқиғаны бұлай 
бірте-бірте күшейтіп, көрерменді ұдайы толқыныста ұстап отыру – 
антикалық дүние драматургиясында сирек кездесетiн жағдай. 
Эсхил өз шығармаларында көбінше құдайларды және белгілі 
бір мақсат жолында күресуші қайсар, жігерлі жандарды бейнелейді. 
Бірақ қаламгердің туындыларындағы адамдар қарапайым жандарға 
ұқсамаған құдай тақылеттес ұлы, құдіретті, өжет тұлғалар болып 
келеді. Ақын осы қаһармандардың табиғатындағы бiр ғана жеке 
қасиетті ашып көрсетеді. Біз Эсхил шығармаларында кейінгі 
трагедияшыларға тән терең психологиялық көріністерді, адам 
жанындағы рухани толғаныстарды көрмейміз.
Эсхил өзінің титан тектес ұлы образдарын жасау барысында 
олардың басындағы жағдайларға қатысты сөздерді көп қолданады. 
Сондықтан, ақынның әдісі де қаһармандары сияқты ұлы, жетілген 
теңеу және басқа да көркемдік тәсілдері мол, әрі көтеріңкі рухта 
болып келедi. 
Грек трагедиясының формасында алатын орнымен, өзінің 
поэтикалық шеберлігі және туындыларында суреттелген заманагөй 
мұраттарымен Эсхил бүкіл антикалық дүние әдебиетіне күшті әсер 
еткен. Аристофан өзінің «Бақалар» атты комедиясында Эсхилді 
ұлы өнер қайраткері және халықтың данышпаны сипатында ерекше 
құрметтеп, грек трагедияшылары арасында оны ең жоғары орынға 
қояды. Эсхилдің жаңа заман әдебиеті, өнері мен музыка мәдениетіне 
тигізген ықпалын бағалау өте қиын. Еуропа жазушыларынан 
Мильтон, Вольтер, Гете, Шиллер, Шелли, Байрон және басқа да 
қаламгерлерді тамсандырған, оларға поэтикалық шабыт берген 
шығарма - «Бұғауланған Прометей» трагедиясы. Ақындар мен 
сазгерлер ұлы грек қаламгерінен үлгі ала отырып, Прометей 
аңызы сюжетіне жазған дастандарында, саздарында зұлымдыққа, 
теңсіздікке қарсы халық наразылығын бейнелеген.
Жалпы, Прометей образы азаттықтың мәңгі үлгісі, ұлы жаршысы 
болып, адамзат тарихында өшпес із қалдырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет