Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Робин Гуд туралы халық балладалары



Pdf көрінісі
бет91/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Робин Гуд туралы халық балладалары
Өткен дәуірлердегі ұлы жазушылар әрқашан халық 
шығармашылығына назар аударып, оның сюжеті және көркемдік 


233
әдістерінен кең пайдаланған.
Ежелгі Шотландияда өлең шығару мен айту дәстүрі күшті 
дамыған еді. Өмірдегі барлық оқиғалар, яғни туғаннан өлгенге 
дейін: еңбек қуанышы, дем алу, той және халық серуендері өлеңсіз, 
әнсіз өтпейтін. Орта ғасырларға тиісті шотланд және ағылшын 
халық өлеңдері XVIII ғасырдан бастап жазып алына бастады. Бізге 
дейін үш жүзге жақын сюжет пен баллада, мыңнан артық олардың 
нұсқалары жеткен.
Бұл дәуірдегі халық поэзиясы лирикалық және эпикалық 
жырларды қамтиды. Еңбек мерекелері мен тойларда айтылатын 
жырлар, негізінен, лирикалық өлеңдер, ал баллада (алғашында 
би және музыкамен бірге орындалған өлең) деп аталатын 
жырлар эпикалық мазмұнда болды. Онда тарихи, аңыздық 
немесе тұрмыстық оқиғалар суреттелді. Кейбір балладалар 
тарихи оқиғаларға байланысты туып, оларда ағылшындар мен 
шотландтар арасындағы соғыстар, шотланд халқының азаттық үшін 
күресте көрсеткен ерліктері мен төзімділігі жырланған. «Чевиет 
жотасындағы тосқауыл», «Отерберн шайқасы» атты балладалар 
бұған айқын дәлел бола алады. «Дерхем маңындағы шайқас (XIVғ.) 
туралы балладада» Шотландия королі Давидтің Англияны басып 
алу үшін жасаған тұтқиыл шабуылының жеңіліске ұшырағандығы 
хикаяланады.
Робин Гуд және оның жасағының жауынгерлік ерліктеріне 
арналған балладалар саны қырықтан асады. Олардың көпшілігі 
XIV ғасырдағы зұлматқа қарсы күреске шыққан және өз еркіндігін 
қорғаған шаруалар («йомен») ішінен шыққан батыр Робин жайында 
болып келеді. Оның жасағы кедей шаруалар мен майда кәсіпшілерден 
құрылған еді. Олардың әрекетінде XIV-XVI ғасырларда болған 
өзара феодалдық соғыстар, салықтың көптігінен қиын жағдайда 
қалған шаруалардың дворян ақсүйектерге қарсы күшті наразылығы 
мен көтерілістер айқын көрінеді. Робин Гуд туралы балладалардың 
сюжеті онша күрделі емес.
Король яки шериф бұйрығымен Робинді тұтқындауды армандап 
жүрген әрбір адам, оның күш-құдіретін көрген кезде, өз еркімен 
оның жасағына қосылып кететін еді.
Ержүрек, епті әрі батыл Робин Гуд өзін тұтқындау үшін 
құрылған дұшпан торының барлығынан да айлакерлікпен құтылып, 
шаруалардың қас жауы болған жауыз шерифке қарсы аяусыз күрес 


234
жүргізеді.
Бұл ретте «Робин Гуд пен Гай Гисберн туралы баллада» назарға 
лайық. Робинді іздеп жүрген Гай орман ішінде оған кездейсоқ 
кездеседі, бірақ оны танымайды. Олар оқ атысу сайысына түседі. 
Робиннің мергендігін көрген Гай «жүрегің де қолың сияқты болса, 
онда Гуд сенен мықты емес екен» дейді. Кек алу мақсатында Гудті 
іздеп жүргендігін айтады. Халық қаһарманы Гуд «сол іздеп жүрген 
адамың мен боламын» дейді. Екі ортада қатты шайқас басталып, 
Робин Гайды өлтіреді. Соңынан Робин шериф сақшыларының 
тұтқынындағы «балақай Жанды» құтқарады. Жан болса Гудтен 
қашып бара жатқан шерифті найзамен түйреп, одан кек қайтарады.
Робин Гудтің ерліктері жазба әдебиет үлгілерінде де өз көрінісін 
тапқан. Шекспирдің «Бұл сізге ұнайды ма?» комедиясында Гуд есімі 
кездеседі. Роберт Гриннің « Жорж Грин – Векфильд даласының 
сақшысы» драмасында халық батыры Робин Гуд туралы тамаша 
эпизод бар. Робин Гуд - жауыз феодалдармен соғысып, кедей 
шаруалардың мүддесін қорғаған нағыз халық қаһарманы. 
Батыр жігіт мына біздің
Робин Гуд – деп өсті елім.
Ел аузына бұл аңыздың
Сақталуы емес тегін.
Мерген болып атанды ерте,
Бала еді ол, жас десті елі.
Сайысуға ешкім жеке
Шыға алмады, бәстеспеді.
Өртеді үйін жаулар оның.
Робин Гуд болды ғайып –
Шервуд орманы арасында
Жатты жасақ қол жиналып.
Шеттерінен мерген еді,
Қылыштасу – шарт оларда,
Күш айламен тең келеді
Екеуінің алты адамға.
Жүрді кезіп ылғи мерген,
Орман сүзіп, дала бағып.
Кезіксе егер бір бай адам,
Бар ақшасын қалады алып,
Молдаларға Робин Гуд


235
Сенбеді де, аямады,
Кім жасырса жауыздығын,
Соны жау деп санады.
Ал, егерде тартса біреу
Азап Шериф төрелерден.
Өзгеше сый көре келген.
Сол-осынау ну орманға
Аш-арыққа берді көмек
Қуаң жылдар ел жүдейтін.
Жесірлерді жүрді қорғап,
Жетімді аяп елжірейтін.
Егіншіге де, малшыға да
Робин Гуд тиіспейтін:
Кім кедейдің білсе үлесін,
Сол аяуға тиіс дейтін[96.64].
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қайта өрлеудің алғашқы сатысында Англиядағы реформация 
қозғалысының жағдайы қандай еді?
2. Вильям Ленгледтің «Шаруа Петр туралы ой» атты поэмасы 
ағылшын қоғамындағы қандай жағдайларды әшкереледі?
3. Робин Гуд туралы халық балладаларының туу себебі неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет