Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Шекспир шығармашылығының дәуірлерге бөлінуі



Pdf көрінісі
бет93/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Шекспир шығармашылығының дәуірлерге бөлінуі
Шекспирдің әдеби қызметі үш дәуірге бөлінеді. Барлығы болып 
ол екі поэма, 154 сонет және 37 пьеса жазды. Шығармашылығының 
бірінші дәуірінде (1590-1601) Шекспир поэма, сонеттерден тыс, 
Қайта өрлеу дәуірінің мазмұнын бейнелеген тамаша комедиялар: 
«Адасулар комедиясы», «Вероналық екі жігіт», «Ғашықтық сезімнің 
өршуі», «Жаз түніндегі түс», «Виндзорлық сайқымазақ әйелдер», 
«Болмашы нәрседен туған үлкен дау», «Бұл сізге ұнайды ма?», «Он 
екінші түн»; Англия тұрмысынан алынған хроникаларға жататын 
тарихи драмалар: «Ричард ІІІ», «Генрих ІV»,«Генрих V»; «Ромео 
мен Джульетта» және «Юлий Цезарь» атты даңқты трагедияларын 
жазды.
Шығармашылығының екінші дәуірі 1601-1608 жылдар аралығын 
қамтиды. Орта ғасырдағы феодалдық зұлымдыққа және басқа да 
әрқандай жауыздықтарға қарсы күрес рухымен қаруланған жазушы 
дамып бара жатқан капиталистік қоғам мен адамдардың аяққа 
тапталған арман-мақсатын көреді, туып келе жатқан буржуазиялық 
қатынастарға сын көзбен қарайды. Осы дәуірде жазушы ұлы 
гуманистік идеялар мен оқиғаларды бейнелеген өзінің «Гамлет», 
«Отелло», «Король Лир», «Макбет», «Антоний мен Клеопатра», 
«Кориолон», «Афиналық Тимон» трагедияларын жазды.
Шығармашылығының үшінші дәуірінде (1608-1612) драматург 
«Цимбелин», «Қысқы ертегі», «Боран» атты трагикомедияларын
жазды. Бұл дәуірдегі туындыларының негізгі ерекшелігі, Шекспир 


238
мұнда тұрмыс қиыншылықтарын оптимистік рухта шешуге 
ұмтылып, романтикалық ертегі сюжеттерінен мол пайдаланады. 
Мәселен, «Боран» атты шығармасы адамның болашақ тағдырына 
үлкен сеніммен қараған жазушының таңғажайып ойларының жемісі 
екендігін анық байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет