«Плеяда» ақындары Реформация мен гуманистік қозғалыстарға қарсы Еуропада
басталған қысым Францияға да өз әсерін тигізді. Әдебиетте діни
мотивтер күшейді. Бірақ ол ілгерішіл қозғалысты тұншықтыра
алмады. Осындай ауыр жағдайда француз гуманизмі өзінің жаңа
даму сатысына көтерілді. Осы дәуірде француз тілін реформа жасап,
ұлттық әдебиет пен мәдениетті қалыптастыруды өз алдына мақсат
қылып қойған алдыңғы қатарлы француз жастарының «Бригада»
атты әдеби үйірмесі пайда болды. Соңынан бұл үйірме (оған жеті
қаламгер қатысты) «Плеяда» деп аталды. Үйірмеге көне грек және
латын тілдерінің маманы Жан Дора жетекшілік етті. Пьер Ронсар,
Дю Белле, Жан Антуан Этьен Жодель, Белле және Пошюс де
Тиар осы үйірменің белсенді мүшелері болды. Көп ұзамай, үйірме
жетекшілігін