Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет83/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Панург образы
Романдағы өзіне тән образдардың бірі - Панург бейнесі. Ол 
орта бойлы, түр-тұрпаты келіскен, үсті-басы таяқтан көгерген және 
киімінің жұпынылығы сондай, тіпті оны иттер талап тастаған немесе 
«Периш округінен алма теріп келген қаңғыбас» екен деп ойлап 
қалуың мүмкін. Алғаш рет Парижде көрген және Францияның 
жасыл бағында, яғни Гуренде туып, өскен осы жігітті Пантагрюэль 
ұнатып қалды. Өте момын, бірақ туғаннан өзіне жетер қулығы бар, 
қаңғыбас баланың негізгі кемшілігі - жоқшылық еді. Сонымен 
бірге ол ақша табудың «алпыс түрлі айласын» білетін, олардың ең 
жеңілі және қарапайымы ешкімге сездірмей ұрлық жасау болатын. 
Сотқар, айлакер және сауыққой бұл жігіт арқылы жазушы осы 
дәуірдегі полицияларды, түнгі күзетшілерді және дін өкілдерін 
масқаралайды. Епшіл, жалаңаяқ Панург бейнесі орта ғасырдағы 
қаңғыбас кедей студенттерді еске түсіреді. Осы пысықтығы 
арқылы Пантагрюэльмен бәсекелесу мақсатында әдейі Англиядан 
келген ғалым Таумасты жеңіп, абыройын айрандай төгеді. Панург 
- өз іс-әрекетімен осы дәуір әдет-ғұрыптарын, христиан дінінің 
қағидаларын келеке-мазақ еткен көңілді, өмірсүйгіш адамның 
образы.
Пантагрюэльдің досы және ұстазы Эпистоменнің дәулермен 
шайқаста қаза табуы, оның Панург жәрдемінде қайта тірілгені, 
о дүниеде көргендерін хикаялап беруі өте қызық оқиға. Орта 
ғасыр діни әдебиетінде «о дүниеге» барып келгендердің тамұқ 
азабы туралы хикаялары маңызды орынды алатын. Рабле өз 
шығармасының идеялық мазмұнын ашуда міне, осы хикаялау 
формасын шебер пайдаланып, билеуші топ өкілдерін әжуалайды. 
Бұрынғы өткен атақты адамдар - ұлы қолбасшылар, патшалар, 
папа мен байлар тамұқта аянышты халде жасайды. Мәселен, ұлы 
қолбасшы Александр етік жамаумен әрең тіршілік етеді. Ксеркс 
көшеде қыша сатады, Цицерон - от жағушы, Эней - диірменші, 
Агемемнон – қоқыс тазалаушы, Ахилл – шөп орушы болып жұмыс 
істейді, папа Бонафаций болса таспа сатады. Шығармада танымал 
адамдар ғана емес, шіркеу діндарлары мен олардың о дүние туралы 
ертегілері масқара қылынады.
Рабленің екі кітабын да гуманизмнің хас дұшпаны болған 


223
Сорбонна (Париж университетінің теология факультеті) «зиянкес 
шығарма» деп қатты сынға алады. Рабле өте ауыр жағдайда да жазған 
туындыларын сақтап қалуға ұмтылады. «Таурат» танымдарын 
сынаған бөлімдерді солайынша қалдырып, Сорбонна қағидаларына 
қарсы келетін пікірлерді жұмсартып, кальвиншілерді қолдаған 
бөлімдерін алып тастайды, бірақ ол бәрі бір дұшпандар қуғынынан 
құтыла алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет