Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет79/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Франсуа Рабле
(1494-1553)
Француз Қайта өрлеу дәуірі әдебиетінің ірі өкілі, ұлы гуманист 
жазушы Франсуа Рабле Турень уалаятының Шинон деп аталатын 
кішкене қалашығында адвокат отбасында туған.
Әкесі Антуан ұлының дін өкілі болғандығын қалайды, 
сондықтан оны Шинон қалашығы маңындағы ауылдық аббаттыққа 
береді Осы жерден монастырға өткен жас Франсуа сол дәуірде 
тыйым салынған антик кітаптарды ерекше ынтамен оқуға кіріседі, 
латын, грек тілдерін үйренеді. Ежелгі дәуір жазушылары, соның 
ішінде Гомер туындылары мен Реформация өкілдерінің кітаптары 
оның назарын аударады. Бірақ мұндай кітаптарды оқуға рұқсат жоқ 
болатын. Сондықтан Рабле бенедикттер монастырына өтіп, сол 
жерде мәжбүрлі түрде оқытылатын дін ілімінен тыс, философия 
және басқа ғылымдармен шұғылданады. Халық тұрмысымен, 
ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады. 1530 жылы ол Манпельеге 
келіп, медицина ғылымын үйренеді, грек дәрігері Гиппократтың 
афоримздерін талдап, түсіндіреді. 1532 жылы Рабле Лион 
қаласындағы ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Медицина 
саласында көптеген өзгерістер жасайды; емдеудің орта ғасырлық 
әдістерінен бас тартып, жаңа ілгерішіл әдістерді ұсынады. Ұлы 
гуманист Эразм Роттердамскиймен дос болады. Рабле Эразмге «аса 
құрметті ұстаз» деп жоғары баға береді.
Рабле өз өмірінің ішінде Италияға үш peт барып, көне Рим 
мәдени ескерткіштерімен танысады, жаратылыстану ғылымымен 
айналысады, латын, араб тілдерін үйренеді. Парижге қайтып келген 
Рабле біраз уақыт король Франциск сарайында қызмет атқарады, 
медицина саласындағы тәжірибесін қорытындылайды. 1537 жылы 
Монпольеде медицина докторы дәрежесін алады. Бірақ діни 
соғыстар күшейіп, еркін ой-пікірдегі адамдар қуғындалып жатқан 
сол дәуірде Рабле тағы да шет елге кетуге мәжбүр болады.
Рабле діни қақтығыстар азайған соң ғана өз Отанына оралып, 


218
әдеби қызметін жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет