Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Франциядағы Қайта өрлеу әдебиеті



Pdf көрінісі
бет77/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Франциядағы Қайта өрлеу әдебиеті
Қайта өрлеу қозғалысы XIV ғасырдың ортасында Италияда, XV 
ғасырдың екінші жартысында Еуропаның басқа да жерлерінде, XVI 
ғасырдың басында Францияда пайда болды. Француз Қайта өрлеу 
дәуірі әдебиетіне Италия әдебиеті айтарлықтай ықпал етті.
Бұл кезде француз королі Франциск I Италияға әскери жорық 
бастап, католиктердің басшысы, испан королі Карл V-мен соғысып 
жатқан еді. Италияда болған француздар Қайта өрлеу дәуірі 
мәдениетімен жақын танысты. Архитекторлар Франциск І-нің 
бұйрығымен Ренессанс әдісінде қамалдар салады. Гуманист 
жазушылар Данте, Петрарка мен Боккаччо шығармалары француз 
тіліне аударылады. Олар ежелгі антик мәдениет жәдігерліктері 
қатарында үлкен қызығушылықпен оқылды.
Француз протестантшылдығы үлкен екі дәуірді өз басынан өткізді. 


215
Алғашқы протенстанттар гуманистік пікірлерге бейім зиялылар 
тобынан болды. Олар сол дәуірдегі билік пен дін негіздеріне де сын 
көзбен қарады. Атақты математик 
Лефебр
(1555-1557) Италиядан 
оралған соң, Аристотель мен басқа да грек ғалымдарының ойларын 
жаңаша талдауға кіріседі. Енді ол аудармаларға сүйенбей негізгі 
түпнұсқаларға негізделіп, осы пікірлердің шынайы мазмұнын 
ашуға ұмтылады. Соңынан Лефебр «қасиетті кітаптарды» да қайта 
тексереді. «Інжілде» ол поптардың жалған сөздерінің ешқайсысы 
да жоқ екендігін анықтайды. Сөйтіп, Лефебрде алғашқы саф 
таза «Інжіл» іліміне қайта оралу пікірі туады. Лефебр өз пікірін 
дәлелдеу үшін «Інжілді» қайта тәржімалап, тұңғыш рет француз 
тілінде жариялады. Оның осы әрекеті дін өкілдерінің күшті 
наразылығын тудырады. Лефебр шет елге қашуға мәжбүр болды, 
ал оның қолдаушылары жазаға тартылып, өлтірілді. Кейіннен 
Франциск I Лефебрді ақтап, Реформацияға аярлықпен қарап, оны 
Францияға кіргізбекші болды. Бірақ отызыншы жылдары католик 
іліміне қарсы халық қозғалысының күшейіп бара жатқандығынан 
билеуші топтар қатты қорықты. Осыдан соң Франциск І еркіндігі 
үшін күрескендердің барлығына кешірім жасады. Көп ұзамай 
«еретиктерді» жазалау басталады. 1546 жылы ірі ғалым Этьен Доле 
жазықсыз отқа өртелді.
Француз протестантшылығының мұнан соңғы тағдыры 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет