Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет78/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Жан 
Кальвин
(1509-1564) қызметімен тікелей байланысты. 1536 
жылы ол Женеваға кетіп, сол жерден Франциядағы протестанттық 
қозғалысқа жетекшілік жасайды. Кальвин өз пікірлерін латын 
тілінде жазылған «Христиан діни қолжазбасы» деген кітабында 
негіздеп береді. Бес жыл өткен соң бұл «Қолжазба» француз тіліне 
аударылды. Христиандардың діни ілімі Евангелизмнің орнын енді 
кальвинизм басады.
Кальвиннің негізгі танымы «тағдыр мен құдайдың адамдар 
ісіне араласпауы» жайында еді. Оның тағдыр туралы ілімінде 
«әрбір адамның маңдайына бақыт пен қасірет жазылады, адам 
соның қайсысына ие екендігін білмейді, ол тағдырға тәуелді. Бірақ, 
сонда да адам жақсылықтан үміттеніп, соған ұмтылуы керек» 
делінген. Кальвиннің тағдыр туралы бұл пікірі адамды өмірге зор 
сенімділікпен қарауға үндейді. Оның шәкірттері де «әрбір адам өз 
кәсібінен мүмкіндігінше көбірек пайда табуы, қолда барды үнемдеуі, 
қанағатшыл болуы тиіс» деген ойларды дамыта түседі. Оның тағдыр 


216
туралы ілімі - сауда мен бәсекелестік дүниесінде адамның жолы 
болуы немесе болмауы олардың еркінен тыс жағдайларға тәуелді 
екендігін діни тұрғыдан негіздеп беру болатын. «Оны адамның 
қалауы яки ісі белгілемейді, оны құдіретті, бірақ көзге көрінбейтін 
экономикалық жасырын күштер белгілейді». Бұл пікірлердің 
дұрыстығы экономикалық өзгерістер кезінде, яғни барлық ескі 
сауда жолдары мен сауда орталықтары қирап, жаңалары пайда 
болып жатқан, Америка мен Үндістан ашылып, тіпті бұрыннан 
экономикалық жетістік рәмізі болып келген алтын мен күмістің 
құны құлдырап түсіп кеткен бір уақытта, өте анық көрінді.
Кальвиншілдік шексіз билікке тәуелді болуды қаламаған 
дворяндар арасында, әсіресе феодалдық озбырлықтың негізгі тірегі 
болған Оңтүстік Франция дворяндары арасында кең таралды. 
XVI ғасырдың екінші жартысында шексіз билікке қарсы күрескен 
кальвинші - дворяндар «діни» жанжалдардан келіп шыққан 
көтерілістердің басында тұрды. Соғыс аяқталған соң-ақ олардың 
көпшілігі өз мүдделерін ойлап, католиктер жағына өтіп кетті.
Гуманистер екі партиямен де (католиктер мен протестанттар) 
кейде байланысып, кейде қол үзуге әрекеттеніп отырды. Католиктер 
партиясындағы ұлттық бірлік идеясы гуманистерге мақұл 
көрінгенмен, олардың тар шеңбердегі діни көзқарастары көптеген 
гуманистерді қанағаттандырмады. Кальвиншілердің (протестант) 
ақыл-жігерге сүйену, адамзат қоғамын қандай да бір идеал негізінде 
қайта құру секілді батыл ой-пікірлері гуманистерді қызықтырса, 
олардың буржуазиялық шектелгендігі гуманистерге жат болатын. 
Сондықтан да ірі гуманистер Рабле, Деперье мен Монтень діни 
қақтығыстардан алыс тұрды.
Франциск І-нің немерелері Карл IV (XVI ғасырдың үшінші 
ширегі) мен Генрих III (XVI ғасырдың төртінші ширегі) билік 
жүргізген дәуірлерде өзара діни соғыстар мемлекеттің жағдайын 
ауырлата түседі. Генрих IV-нің кезіндегі бейбітшілік ұзаққа 
созылмады. Кертартпа топтар мемлекетті қызыл қанға бояды. 
Осындай күрестер мен өзгерістер жағдайында Қайта өрлеу 
қозғалысы туды.
Француз Қайта өрлеу дәуірінің басталуында антикшілдік пен 
Реформация қозғалысы үлкен рөл ойнады.
XVI ғасырдағы француз Қайта өрлеу дәуірінің ірі өкілдері 
білімдерінің кеңдігімен ерекшеленетін жазушылар, философтар, 


217
тарихшылар және жаратылыстанушылар еді. Рабле, Маро, Маргарита 
Наваррская, Ронсар т.б. француз әдебиетінің қалыптасуына үлкен 
үлес қосқан әдебиет қайраткерлері болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет