Түсінік хат Химия 9-сынып Оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова -Алматы «Мектеп» 2019ж Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
9-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны:
№ 1 зертханалық тәжірибе «Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН анықтау»;
№ 1 практикалық жұмыс «Ион алмасу реакциялары»;
№ 2 зертханалық тәжірибе «Тұздар гидролизі»;
№ 3 зертханалық тәжірибе жалын түсінің боялуы бойынша «Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын анықтау»;
№ 4 зертханалық тәжірибе «Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар»;
№ 5 зертханалық тәжірибе «Сулы ерітіндідегі Сl-, Br-, I-, PO43-, SO42-, CO32-, NO3-, SiO32- аниондарын анықтау»;
№ 2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау»;
№ 6 зертханалық тәжірибе «Концентрацияның температурасы мен бөлшектер көлемінің реакция жылдамдығына әсері»;
№ 3 практикалық жұмыс «Реакция жылдамдығына катализатордың әсері»;
№ 7 зертханалық тәжірибе «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы»;
№ 8 зертханалық тәжірибе «Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі»;
№ 9 зертханалық тәжірибе «Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі»;
№ 4 практикалық жұмыс «Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару;
№ 5 практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»;
№ 10 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделін дайындау»;
№ 11 зертханалық тәжірибе «Аммиак молекуласының моделін дайындау»;
№ 6 практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу»;
№ 12 зертханалық тәжірибе «Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»;
№ 13 зертханалық тәжірибе «Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау»;
№ 14 зертханалық тәжірибе «Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау»;
№ 15 зертханалық тәжірибе «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу»;
№ 16 зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың денатурациясы»;