Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Туа біткен кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөз



бет23/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Туа біткен кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөз
Туа біткен шектелген кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөз - сирек кездесетін даму ақауы. Кездесу жиілігі – барлық өңеш аномалияларының 3-4% құрайды. Жыланкөз, негізінен жоғары, VII мойын немесе I кеуде омыртқалары деңгейінде орналасады.
Кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөздердің 3 түрін ажыратады: ұзын және тар, қысқа және кең (ең жиі кездеседі), өңеш пен кеңірдек арасында кең көлемді бөлінудің болмауы.
Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Ақау белгілерінің айқындылығы жыланкөздің диаметріне және кеңірдекке түсу бұрышына байланысты. Ақауға тән белгілерге: жөтел және цианоз ұстамалары жатады. Олар баланы қоректенген кезде, әсіресе горизонталдық қалыпта байқалады. Тар және ұзын жыланкөздер кезінде, баланы қоректендіру кезінде тек аздаған жөтел ғана байқалады.
Кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөздердің диагностикасы, әсіресе тар түрлерінде, өте қиын. Зерттеу кешеніне рентгенологиялық және аспаптық әдістер кіреді. Рентгенография баланың горизонтальдық қалпында жасалады. Өңештің бастапқы бөлігіне, енгізілген зонд арқылы, контрастты зат жіберіледі. Оның кеңірдекке енуі жыланкөздің бар екендігін көрсетеді. Бұл әдістің тиімділігі төмен. Ақпаратты зерттеу әдісіне трахеоскопия жатады. Кеңірдекті дауыс байламдарынан бифуркацияға дейін мұқият қарайды. Қуыс тәрізді жыланкөз, кеңірдектің артқы қабырғасында орналасады. Жыланкөздің тура белгісі – шырышпен бірге ауа көпіршіктерінің пайда болуы.
Емі – операциялық. Операция алдындағы дайындыққа кеңірдек пен бронхиальдық ағаштың санациясы, аспирациялық пневмонияның емі кіреді. Бұл мақсатта санациялық бронхоскопия, антибактериальдық, инфузиялық ем тағайындалады. Ауыз арқылы қоректендіру толық тоқтатылады.
Жыланкөздің мобилизациясын, байлауын және кесуін оң жақтық мойындық кіреспен, сирек торакотомия арқылы жасалады. Мерзімінде жасалған диагностикада болжам – жақсы.


Өңеш ахалазиясы
Өңеш ахалазиясы - өңештің кардиальдық бөлігінің өтімділік функциясының бұзылуымен сипатталатын патология. Дерттің үдеуінде өңеш өзінің қозғалыстық белсенділігінен арылып, дилятацияға ұшырайды. Балаларда ауру сирек, көбінесе 8-9 жаста байқалады. Кейде омырау жасындағы балаларда да кездесуі мүмкін.
Клиникасы. Дерттің негізгі белгісі – дисфагия және регургитация. Аталған белгілер қатты тағамдарды қабылдағанда жиі дамиды. Кіші жастағы балаларда дисфагия бірқатар жанама белгілермен көрінеді: бала ақырын тамақтанады, тағамды мұқият шайнайды, тамақтануға берілген тағамның барлығын жемейді. Үлкен жастағы балалар тағамның өтуін жеңілдету үшін белсенді жұтудан (бос жұтыну), артынан су ішуден бас тартады. Дерттің бала кезде сирек кездесуіне байланысты, аталған белгілерді психологиялық бұзылыстармен байланыстырып, диагностика кешігеді. Өз кезегінде ол баланың жүдеуіне әкеледі, өңештегі тамақтың түнгі мезгілдегі аспирациясы рецидивті пневмонияны тудырады.
Диагностикасы. Аталған дерттің негізгі диагностика әдістері: контрастты рентгенография және эзофагоскопия. Шолу рентгеноскопия кезінде кеңейген өңеште сұйықтық деңгейі анықталуы мүмкін. Барий берген кезде ол асқазанға мүлде түспейді, немесе асқазанға баяу ағыммен түседі. Зерттеу кезінде кардияның босаңсып, контрастты заттың көп көлемінің асқазанға түсуі – кардия функциясының бұзылысының анық белгісі.
Эзофагоскопия – міндетті түрде жүргізілетін зерттеу әдісі. Ол эзофагитті, оның айқындылық дәрежесін анықтауға көмектеседі. Ал фиброгастроскоптың асқазанға кедергісіз түсуі туа біткен, немесе екіншілік стенозын теріскей шығаратын белгі.
Кардия ахалазиясының диагностикасында монометрияны қолдану қазіргі кезде шектелген. Алайда бұл диагностика әдісін жетілдіру, болашақта ахалазияны кардиоспазмнан ажыратуға көп мүмкіндік береді.
Өңеш ахалазиясын өңештің туа біткен стенозынан, пептикалық және күйіктен кейінгі стенозынан, өңеш дивертикулынан, өңеш және асқазанның қатерсіз және қатерлі ісіктерінен ажырату қажет.
Емі. Ахалазияның емінде консервативті және оперативті ем әдістері қолданылады. Консервативті емге медикаментозды терапия, буждау, кардиодилатация (балалар тәжірибесінде пневмо- және гидродилататорлармен баллонодилатация қолданылады). Аталған ем әдістері жеңілдік әкеледі, бірақ нәтиже қысқа мерзімді болады.
Өңеш ахалазиясы кезінде кең тараған ем – хирургиялық коррекция. Кең түрде шырыштан тыс кардиомиотомия, эзофагокардиофундопликация операциялары қолданылады. Науқастар, әсәресе операциядан кейінгі кезеңде, міндетті түрде диспансерлік бақылауда болады. Радикалды операциялық емнен кейін 6-12 айдан соң тексереді. Радикалды ем алмаған науқастар жылына 3-4 рет тексеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет