Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет33/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Кiндiк бауының эмбриондық жарығы
Кiндiк бауының эмбриондық жарығы (omphalocele) - кiндiк бауы жарығы арқылы iш қуысындағы ағзалардың сыртқа шығуы. Жарықтың негiзгi 3 қабаты болады: амнион, вартанов «дiрiлдегi» және бiрiншiлік дамымаған iш пердесi.
Бұл ақаудың пайда болуына екi жағдай әсер етедi: баланың эмбрионды дамуы кезiнде құрсақ қуысының тар болуы себебiнен, iшек құрсақ қуысының алдында болады, яғни "физиологиялық жарық" сатысын өтедi. Сол уақытта, құрсақ қуысының алдыңғы қабатының ет талшықтарының дамымай қалса және iш қуысының алдыңғы қабыты жабылмаса осындай ақау пайда болады.
Бұл аурудың кездесу жиiлiгi, жаңа туған нәрестелерде 1:3200-ден 1:10000 дейiн болады. Бұл ауруға ең бiрiншi рет 1803 жылы S.R.Shuster, M.Brob операция жасады. Эмбриондық жарықпен туған балалардың 10%-да бала шала тууы байқалады, ал басқа мүшелердiң туа бiткен ақаулары 15%-да кездеседi. Ұл балаларда эмбриондық жарық жиiрек кездеседi. Эмбриондық жарықпен қатарласа келесi аномалиялар жиi кездеседi: Меккель дивертикулы, урахус жылғасы, тiк iшек атрезиясы, зәр жолдарының кемiстiктерi, көкет жарығы, жүректiң туа бiткен ақаулары.




Сурет ІІІ.1. Эмбриондық жарық

Ауруға диагноз қоюда қиындық байқалмайды, өйткенi кiндiк бауы аймағында жарық "iсiк" анықталады. Жұқа және жарғақ жарық қабаты арқылы iш қуысының мүшелерi көрiнiп тұрады (iшек, бауыр).


Клиникалық көрінісі. Баланы қарау кезінде құрсақ қуысы ағзаларының жартысы кіндік қабығында байқалады. Жарықтың томпайып тұруы, алдыңғы іш қабырғасы ақауының үстінде, кіндік проекциясында орналасады. Жарықтың томпайған жерінің жоғарғы шетінен кіндік шығады. Егер дамуы ерте тоқтаса, бауырдың көп бөлігі және ішектің үлкен бөлігі іш қуысынан тыс орналасады. Дамудың кешірек тоқтауы кезінде ғана тек қана ішек ілмектері іш қуысынан тыс қалады. Эмбриондық жарық құрамында, тік ішектен басқа барлық органдар болады. Көкеттің ақауы кезінде жүректің эктопиясы анықталады. Туғаннан кейін 1 сағаттан соң кіндік қабығында жылтыр, мөлдір жарық қабы түзіледі. Ары қарай бірінші тәулігінде құрғайды, лайланады, осыдан кейін іріңдейді және фибринозды қабықпен жабылады. Егер іріңдеген қабыққа алдын ала ем жүргізбесе перитонит және сепсис дамуы мүмкін.
Асқынулар. Кiндiктің эмбриондық жарығының қапшығының жарылуы, оның iрiңдi асқынуы, перитонит.
Гастрошизиспен салыстырмалы диагноз, iш қуысының алдыңғы қабатының парамедиалдық аймағындағы тесiк арқылы iш қуысының мүшелерiнiң сыртқа шығып кетуiн анықтау арқылы жүргiзiледi. Бұл ақауда жарық қапшығы анықталмайды.
Емі. Кіндік бауы жарығының диагнозы қойылғаннан кейін емдеу жүргізіледі. Емдеуде екі әдіс қолданылады: оперативті және консервативті. Оперативті әдіске абсолютті қарсы көрсеткіштер: жүрек ақауы, шала туу және бас миының ауыр жарақаты. Мұндай балаларға консервативтік ем қолданады. Күнделікті кіндік қабығын 2 йод ерітіндісімен, спиртпен өңдейді. Коагуляциялық қабық кепкеннен кейін грануляция пайда болғаннан бастап майлы таңу салынады (Вишневский майы, Шостаковский бальзамы). Антибиотиктер, физикалық ем тағайындалады (ультракүлгін сәуле, электрофорез антибиотикпен қолданады). Жарық қабы ақырындап эпителиймен қапталады, кішірейеді. Толық эпителизация 2-3 айда қалыптасады.
Операция жасауға салыстырмалы қарсы көрсеткіш: жарық көлемінің үлкендігінен, ол құрсақ қуысына сәйкес келмесе, ішкі ағзаларды бір мезетте дамымаған іш қуысына салу құрсақ қысымын лезде жоғарылатады да, көкет қозғалысы шектеледі және тыныс алу жетіспеушілігі туындайды, салдарынан өлімге жиі себепші болуы мүмкін. Кейде, мұндай балаларда, егер жетіліп туса және басқа ауруларымен ақауы болмаса, Гросс бойынша екі сатылы операция, немесе аллопластикалық материалмен ақауды жабу жүргізіледі. Жараны 5 йод ерітіндісімен өңдейді, теріні жан жағына босатады. Бөлініп алынған жақтан бұлшық ет-апоневротикалық ақаудың жарық қабына жақын, жоғарғы шетіне тігіледі. Тері, жарық қабына жақын жоғарғы шетіне тігіледі. Тері, жарық қабы үстінен, бұрыштап жібек жіппен тігіледі. Теріде тартылу болмас үшін шахматты тәртіппен тілінеді. Бұлшық етті-апоневротикалық құрақша (пластика) ақау бетіне екінші сатыда, ересек балаларда жүргізіледі. Аллопластикалық материал қолданғанда жарық қабы дакрон, немесе тефлон құрақшаларымен жабылып, бұлшық етті апоневротикалық ақау шеттеріне тігіледі.
Радикальды хирургиялық ем, аздаған және орташа көлемді жарықтарда жақсы қалыптасқан құрсақ қуысына жасалады. Радикалдық операцияда, кіндік қабаты кесіліп, ішкі жағынан түзеліп және алдыңғы құрсақ қабырғасын тігеді. Операция эндотрахеалдық наркозбен жүргізіледі. Мүмкін бұлшық ет релаксанттарын қолданбайды, себебі, егерде жарық үлкен болса, құрсақ ішілік қысымды анықтау қиын болады.
Кіндік аумағындағы тері айналасына 0,25 новокаин ерітіндісін енгізеді де, абайлап, құрсақ қуысына тигізбей, жарықтың томпайған жерін айнала тілік жасайды. Кіндік қабатты біртіндеп, жоғары шетінен бастап кеседі және бір мезетте алдыңғы құрсақ қабырғасынан тігуді бастайды. Апоневрозбен құрсақты бірге, кейде бұлшық ет шетімен тігеді. Тігістің екінші қатарын теріге салады. Тігу кезінде апоневрозда тартылу байқалса теріге екі қатар тігіс салады. Егер жарық қабығы бауырға жабысса, оны қалдырады да, йод ерітіндісімен өңдеп бауырмен бірге құрсақ қуысына енгізеді.
Гросс операциясы және консервативтік емнен кейін вентральды жарық пайда болады. Вентральды жарықтың ауыр түрінің алдын алу үшін бала стационардан шыққаннан кейін бандаж киіп жүруі, массаж және гимнастика жасауы қажет. Вентральды жарықты ересек балаларда, операциялық жолмен қалыпқа келтіреді. Құрсақ ішілік қысымның жоғарылауын анықтау мақсатында болжамды функциялық сынау жүргізіледі. Жарықты түзер алдында және түзегеннен кейін қан құрамындағы газды тексереді. Тамыр соғу жиілігі және тыныс алу жиілігі анықталады. Егер жарықты түзегеннен кейін осы белгілер қалыпты жағдайда болса, жарық қалпына келуі мүмкін.
Егер тамыр соғуы жиілесе және ентігу анықталса құрсақ қуысы көлемі жеткілікті мөлшерге жеткенге дейін операция шегеріледі, немесе мүмкін емес. Вентральды жарықта құрсақтың алдыңғы қабырғасына пластика жасауда кең тараған екі тәсіл бар. Оның бірі – бұлшық ет-апоневротикалық ақау пластикасы: апоневроздың сыртқы беті қиындымен жабылады да, ортаңғы сызық бойынша тігіледі. Шап жарығы сирек вентральды жарықтың туындауына әкеледі. Вентральды жарық, шап жарығы операциясынан 3-6 айдан кейін хирургиялық жолмен қалпына келтіреді.
Болжам. Кіндік бауының жарығын операциялық емдеу кезінде өлімділік: шағым жарықта - 30-ға дейін, үлкен және асқынған жарықтарда - 80-ға дейін байқалады. Жаңа туған балаларда операция жақсы өтеді, ары қарай қалыпты дамып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет