Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет30/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Дене қызуының көтерілуі. Іш қуысының барлық қабыну үрдістері дене қызуының көтерілуімен жүреді. Оның деңгейі негізгі қабыну үрдісіне және асқынудың қосылуына байланысты. Негізінен, алғашқы өмірінің 3 жылында бала ағзасы кез-келген қабыну үрдісіне қызу көтерілуімен жауап береді.
Температура, тіпті айқын қабыну үрдісінде де, егер бала ағзасының реактивтілігі айқын төмендесе субфебрилді немесе қалыпты болуы мүмкін. Әдетте бұл, антибиотик қабылдаған, немесе басқа да бір аурулармен ауырған балаларда байқалады.
Антибактериальдық препараттарды қолдану, іш қуысының жедел хирургиялық ауруларының клиникалық көрінісін біраз өзгертеді. Сондықтан дәрігердің баланы алғашқы қарауына дейін, ата-аналардың өз бетімен оларды қолдануына жол бермеу керек. Дене қызуы, жансыздандыру заттарын қолданғанда да төмендейді.
Барлық ішек өтімсіздігінің түрлері аурудың дамуының алғашқы сатысында қалыпты температурада өтеді. Тек жедел ішек инвагинациясында ғана, температура кейде субфебрилді болуы мүмкін. Копростаз кезінде де температураның әлсіз көтерілуі мүмкін. Бұл жағдайда тазарту клизмасынан кейін, дәретке отырған соң, баланың дене қызуы қалыпқа келеді.
Ішек функциясының бұзылуы. Жедел хирургиялық ауруларында балалардың ішек функциясының бұзылу механизмі хирургиялық патология түрлеріне байланысты әр түрлі болады.
Толық ішек өтімсіздігінің алғашқы сағаттарында, яғни ол ащы ішектің проксимальды бөлігінде, клизмадан кейін нәжіс қалыпты болуы мүмкін. Жедел қабыну ауруларында, негізінен жедел аппендицитте ішек функциясы көп жағдайда бұзылмаған және нәжіс қалыпты болады. Алайда 3 жасқа дейінгі балаларда көбінесе нәжіс сұйық болады. Оның туындауын, қабыну үрдісінің құрт тәрізді өсіндісінен бос іш қуысына ауысуымен және перитонит тің дамуымен түсіндіруге болады.Дәл осы жағдайда диагностикалық қателіктер жіберілуі мүмкін: жедел хирургиялық ауруды ішек инфекциясы деп қабылдап, негізсіз консервативтік ем жүргізіледі.
Нәжісте қанның болуы алаңдау тудыратын синдром, ол терапевтикалық және хирургиялық ауруларда да байқалады. Нәжістегі қан асқазан және 12-елі ішек жарасында, порталды гипертензия, мықын ішектің қанаған дивертикулында, ішек инвагинациясында байқалады. Ас қорыту жолының жоғарғы бөлігінің қан ағуында нәжіс қара немесе қоңыр түстес болады. Нәжіс үнемі қанмен аралас болады. Мықын ішектің дивертикулынан қан ағуда да нәжіс қанмен аралас болады, бірақ оның түсі аздап ашықтау. Ішек инвагинациясында ауру басталғаннан кейінгі 5-6 сағаттан ерте болмайтын нәжістегі қан, осы аурудың негізгі симптомы. Мұнда нәжіс ерекше сипат алады: шырыш, аз өзгерген қанмен араласқан («таңқұрайлы желе»). Ашық қан тік ішектің шырышты қабатының жырылуында және тоқ ішектің дисталдық бөлігінің полипінде болады.
Баланы қарау. Негізгі рөлді кішкене пациенттермен тіл табысуды үйрену керек. Бұл енді сойлеп келе жатқан балаларға да қатысты. Бала түсінігіне сәйкес дұрыс әңгімелесе алу, нәтижесінде бала тынышталып қалатындай болу керек. Осы арқылы аурудың негізгі детальдарын анықтауға болады.
Баланы қарауды жылы, жақсы жарықтанған бөлмеде жүргізу керек. Ең алдымен аурудың жалпы жағдайына назар аударамыз: токсикоз және эксикоз белгілерінің орын алуына, көз жағдайына, бала мазасыз ба, әлде адинамиялы ма. Тері қабаттарын және шырышты қабаттарды мұқият қарау керек, жиі кездесетін балаларда инфекциялық ауруларында: қызылша, скарлатина, желшешек, паротит, инфекциялық гепатит ауруы –іш ауырсынуымен жиі жүреді. Бөртудің әрбір элементін бағалау керек: бөртпе тағам, немесе дәрілерге аллергиялық реакциясынан да болуы мүмкін. Склералардың сарғаюы инфекциялық гепатит ауруының бастапқы белгісі болып табылады.
Келесі зерттеу этапы – құрсақты мұқият тексеру. Оның сыртқы түрі диагнозға бағалы мәлімет береді. Іштің қампиуы немесе қабысуына, асимметриясына, дем алу актісіне қатысуына назар аудару керек. Жоғары ішек өтімсіздігінде, эпигастрий аймағында томпаю байқалады да, қалған бөлігі қабысып тұрады. Бұндай жағдайда ішек перистальтикасы күшейеді, ал пилороостенозда – «құм сағат» белгісі болады. Спленомегалияда іштің жоғарғы бөліктері үлкейеді. Перитониттің әр түрлерінде ішектің айқын парезінен, іш қампиуы байқалады. Ішектің төменгі өтімсіздігінде де іштің қампиуына әкеледі. Зақымдалған ағза аймағында, басқа бөліктермен салыстырғанда, алдыңғы іш қабырғасының экскурсиясының локальды шектелуін анықтауға болады.
Сондай-ақ, шап аймағын мұқият қарау керек, ауырсыну синдромының себебі қысылған шап жарығы, жедел лимфаденит, жұмыртқа бұралуы болуы мүмкін.
Маңызды әдістердің бірі - алдыңғы іш қабырғасын пальпациялау болып табылады. Пальпация қарапайым болу керек. Баланың ішін асықпай қарап, жұмсақ, жылы қолмен қысымды біртіндеп көбейте беру керек. Баланың ауырсыну аймағын қарауға асықпау керек. Егер шағымы сол жақта болса, зерттеу оң жақтан басталады, сосын ақырындап қабырға, эпигастрий аймағына ауысады. Ең соңында, оң жақ мықын аймағы пальпацияланады. Бауыр және өт қабы аймағының қабынуы ауырсыну оң жақ қабырға астында орналасады. Асқазандағы жедел патологиялық үрдісте, 12-елі ішекте, ұйқы бездің ауырулары эпигастрий аймағынан аздап жоғары орналасады. Ол соқыр ішектің жоғары орналасуымен байланысты. Қыздарда гинекологиялық аурулар іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынумен байқалады. Алайда, құрт тәрізді өсіндінің жамбас қуысында орналасуында да сондай клиникалық көрініс береді. Балаларда ауырсыну зонасын анықтауда алдыңғы іш қабырғасын жеңіл перкуссиялау кең қолданылады. Мендельдің белгісі бар болғанда бала бетінде ауырсыну көрінеді, жылау және мазасыздану күшейеді.
Іш пальпациясы, негізгі үрдісс аймағында туындайтын іш қуысындағы жедел қабыну үрдісінің маңызды белгісін – алдыңғы іш қабырғасының бұлшық етінің қатаюын анықтауда қажет етеді.
Барлық диагностикаға қиын жағдайларда саусақпен ректальды бимануальды зерттеу жүргізеді. Бұл, препубертатты және пубертатты кезеңдерде диагнозды анықтауға, және жедел аппендициттің асқынуын анықтауға мүмкіндік береді.
Хирургтарда, бала ұйқтап жатқанда қарау кең таралған. Физиологиялық ұйқы болу үшін көп уақыт керек. Бірақ, іш қуысының деструктивті өзгерістердің даму динамикасының жылдамдығын ескеру керек. Мұндай жағдайда, мазасыз балаларды медикаментоздық ұйқы жағдайында қарау әдісі жүргізіледі.
Әдістің қолдануы: катетер көмегімен тік ішекке шприцпен дене температурасына дейін жылытылған 3% хлоралгидрат ертіндісі, келесі дозада: 1 жаста – 10-15 мл, 1 жастан 2 жасқа дейін – 15-20 мл, 2 жастан 3 жасқа дейін – 20-25 мл енгізіледі. Хлоралгидратты енгізген соң 15-20 минуттан кейін бала ұйқтайды, сонда ішті қарауға болады.
Ұйқы безінде іш қабырғасының пассивті тырысуы және локальды ауырсыну сақталады, психоэмоционалдық реакция және бұлшық еттердің белсенді тырысуы жоғалады, қимыл қозуы жоғалған себепті симптом жеңіл анықталды (бұл әдістің қарсы көрсеткіші жоқ). Лабораториялық зерттеу әдісінің ішінде ургенттік абдоминальды хирургияда көбінесе қанның жалпы талпыламасы, ал қажет болған жағдайда биохимиялық зерттеу жүргізіледі.
Балалар хирургиясында, қажетті талаптарға ақпарат алынған мәліметтердің объективтілігі, жарақатсыздығы, өсіп келе жатқан ағзаға жанама әсері аз болатын тексерулер жауап беретін жаңа диагностикалық әдістер кең қолданылады. Мұндай әдістерге ультрадыбыстық және радионуклеидті сканирлеу әдістері, компьютерлі томография, ангиография, ядролық-магниттік резонанс жатады.
Лапароскопия. Эндоскопиялық әдістер арасында, фиброгастроскопия және фиброколоноскопиядан басқа, лапароскопия кең қолданылады. Лапароскоптардың қазіргі педиатриялық модельдері нәрестелермен қоса барлық жастағы балаларда лапароскопиялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Лапароскопияны, диагностикасы қиын болатын іш қуысының жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, қыз балаларда жыныс ағзаларының аурулары, ішектің өтімсіздігі және т.б.), іштің жабық зақымдалуы, жаңа түзілулер болған кезде жиі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет