Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Бас сүйек пен мидың ашық жарақаты



бет180/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Бас сүйек пен мидың ашық жарақаты.
Бастың жұмсақ тіндерінің зақымдануының бас сүйек сынықтарының проекциясына сәйкес келетін жарақаттарын ашық бас-ми жарақаттары деп атайды. Сонымен қатар, ашық бас-ми жарақатына мұрын, құлақ және ауыз қуысынан қан немесе ликвор ағуымен жүретін жарақаттар да жатады.
Клиникасы. Балалар ауруханаға көбінесе гемипарез немесе паралич, бұлшық ет тонусының өзгерістерімен, рефлекстердің тежелуімен, анизокориямен, гипертермиямен, жүрек, тыныс алу қызметінің бұзылуымен, сопор немесе кома жағдайында жеткiзi-ледi. Аталған клиникалық көріністер, бас сүйектерінің және мидың зақымдану дәрежесiне, алынған жарақаттың ауырлығына, науқас-тың жасына байланысты болады. Кейде ошақтық неврологиялық көрініссіз өтетін ашық бас-ми жарақаттары кездесуі мүмкін.
Емі. Барлық ашық бас-ми жарақатында операция жасалады. Жараға бiрiншiлiк хирургиялық өңдеу жасалып, миға енген сүйектің сынықтары алынып тасталынады. Егер сүйектiң сынған бөлiктерi iрi болса және мидың iсiнуi болмаса, онда сүйек сынықтары орнына келтіріліп ақау жабылады. Медикаментоздық ем ми зақымдануының ауырлығына байланысты жүргізіледі.
Ашық бас сүйек жарақатында ауруханадағы ем мерзiмi 4-10 аптаға дейін созылады. Кейіннен бас-ми жарақатын алған науқастар неврологтардың бақылауында болуы тиіс.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫҚТАР
Паталогиялық сынықтар - бұл сүйек ауруымен ауыратың балаларда аздаған жарақаттаушы күш әсер еткенде пайда болатын сынықтар. Мұндай сынықтар фиброздық остиодисплазияда, рахитте, цингада, остеомелитте, туберкулез ауруларында туындайды.
Сүйектенудің дамуының жеткіліксіздігі – этиологиясы белгісіз, туа пайда болған сүйек сынғыштығы. Сүйек омырау жасындағы балаларды орағанда, аяқ-қолын жазғанда, ересек балаларда - отырғанда, аяғына тұрғанда азғана күштің әсерінен сынып кетеді.
Клиникалық көрінісі: сынған жерде ауырсыну, сүйек сынықтарының жылжымалылығы, сықыр, деформация, ісіну байқалады.
Бұл аурудың жатыр ішілік және кеш пайда болатын түрлерін ажыратады. Сүйек дамуының жеткіліксіздігінің белгілеріне аяқтың қисаюы, бұлшық еттің солуы, көгілдір склера және тістің «кәріптас»(«янтарь») тәрізділігі жатады. Жаңа туған нәрестелерде аяқтарының қисықтығы, томпайған сүйек тіндерінің жатыр ішінде сынып біткен жерлері байқалады. Мұндай «шыны тәріздес» сынықтар саны өте көп болуы мүмкін. Сүйек дамуының жеткіліксіздігіне қарамастан, сынықтар тез бітеді. Омырау жасындағы балаларда бас сүйектері өте жұмсақ болғандықтан есейгенде бастың деформациясы туындайды.
Рентгенограммада - сүйектердің нәзік, жұқарғандығы мен қатар, біткен сынықтардың орны да көрінеді.
Емі: Бұл ауру сынықтарының негізгі емі - репозиция және фиксация. Гипстен лонгетаны, сүйектен тартуды сынық толық біткенге дейін ұстайды. Жергілікті еммен қатар, УФО, поливитамин, витамин «Д», балық майы, кальций препараттары, неробол, тиреокальцитонин беріледі. Қисайған аяқ-қолды түзету үшін кейде операция жасалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет