Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет32/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Іштің ақ сызығының жарығы
Іштің ақ сызығының жарығы барлық құрсақ жарықтарының 1% құрайды. Ол ортаңғы сызықтың жанында орналасатын апоневроздың кіндік пен төстің семсер тәрізді өсіндінің арасында, шамалы ақаулар салдарынан пайда болады. Тікелей кіндік үстінде орналасатын – параумбиликальды жарықтар жиі кездеседі. Кіндік сақинасы бұл кезде толық жабылады. Баланы сырттай қарағанда параумбиликалды жарықты кіндік жарығынан айыру қиын, бірақ жарық сақинасын пальпациялау кезінде оның кіндік үстінде тұрғандығын анықтау оңай.
Кіндік жарығынан айырмашылығы, іштің ақ сызығының жарығы негізінен ересек жастағы балаларда кездеседі. Жарықтың томпаю әр түрлі шамада болады. Көбінесе, апоневроз ақауынан (дефектісінен) тек іш пердесі алдылық клетчатка томпайып шығады. Кей жағдайларда, жарық қабын түзетін париеталдық іш пердесі апоневрозының ақауға қосылуына байланысты, ауырсыну пайда болуы мүмкін. Іштің ақ сызығының жарығының қысылуы балаларда өте сирек кездеседі. Бұл жағдайда шұғыл хирургиялық көмек қажет. Ақ сызықтың, сонымен бірге кіндік маңайының да жарықтары өздігінен жабылуға бейімділік көрсетпейді, сондықтан олардың емі тек оперативті. Диагноз нақтылы қойылғанда ғана операция жүргізеді. Науқас жалпы наркозда жатқанда томпаюдың үстінен теріні тіледі, жарық қабын бөліп алады, ашады, тексергеннен кейін мойынынан тігеді де, кесіп алады. Апоневроздағы ақауды жібек жіппен тігеді.


САРЫ УЫЗ ЖӘНЕ ЗӘР ЖЫЛҒАЛАРЫНЫҢ АҚАУЛАРЫ


Жатыр ішілік дамудың алғашқы апталарында кіндік бауы құрамында сары уыз және зәр жылғалары болады. Сары уыз жылғасы ұрық қоректенуі үшін қолданылады, зәр жылғасымен зәр ағады. Жатыр ішілік дамудың 3-5 айларында жолдардың кері дамуы жүреді; сары уыз жылғасы толық атрофияланады да, ортаңғы байламға айналады. Сары уыз жылғасының облитерациясы бұзылысының көптеген түрлері бар:

  1. толық және толық емес жыланкөздер

  2. Меккель дивертикулы

  3. энтерокистома.

Зәр жылғасының облитерациясы бұзылуының түрлері көп емес, көбіне толық және толық емес кіндік жыланкөздері түрінде болады.
Кіндіктің толық жыланкөздері сары уыз немесе бүкіл зәр жылғаларының ашық қалғанда болады.
Сары уыз жылғасының ішек жыланкөздері жиі кездеседі. Бала айқайлап, қиналған жағдайларда ішек эвагинациясы болуы мүмкін. Эвагинация жартылай ішек өтімсіздігімен қатар жүреді.
Зәр жылғасының толық жыланкөздерінде кіндік қалдығы түскеннен кейін кіндіктен тамшылап зәр ағады, ал құрсақ қуысында қысым жоғарылағанда зәр қатты ағады. Кіндіктің толық жыланкөздері кезінде тері тітіркенген, ластанған (мацерацияланған) болады.
Толық жыланкөздерінің диагностикасы ешқандай қиындық тудырмайды. Кіндіктің толық жыланкөзі кезінде, фистулография басты диагностикалық мағлұмат көзі болады. Зәр жылғасының жыланкөзіне күмән туғанда, түрлі сынамалар жүргізеді. Мысалы, метилен көгін жыланкөзге немесе қуыққа енгізеді де жыланкөзден ағып шыққан зәрдің түсін бақылайды.
Емі. Кіндіктің толық жыланкөздерінің емі – операция жасау ғана. Операция негізі бүкіл жыланкөз жолын алып тастау болып табылады. Дивертикул анықталған жағдайда, оны да алып тастайды.
Толық емес жыланкөздер, жолдардың дисталдық бөлімдерінің облитерациясы нәтижесінде дамиды және толық жыланкөздерге қарағанда жиірек кездеседі. Мұндай ақау кезінде үшін кіндік сақинасынан аз мөлшерде бөлініс бөлініп тұрады да, «сулы кіндік» деп ұзақ және нәтижесіз емделеді. Инфекция дамыған уақытта бөлініс іріңді болады.
Кіндіктің жыланкөздерін кейде гранулемамен шатастырып, консервативтік жолмен емдеуге тырысады. Тек 4-8 апта емдегеннен кейін ғана кіндік жыланкөзі диагнозы қойылады. Диагнозды толықтыру үшін жыланкөздің зондтау жүргізіледі. Егер зонд жыланкөзге 1-2 см енетін болса, диагноз күмән тудырмайды.
Жыланкөздер емін консервативтік емнен бастайды: калий перманганатының сұйық ертіндісімен ванналар жасайды және 5% йод ертіндісімен күйдіреді. Таңу пайдаланылмайды, себебі ол зәр жиналуына әкеледі. Толық емес жыланкөздердің көптілігі консервативті ем әсерінен жазылады. Консервативтік емнен нәтиже болмаған жағдайда, бала 6 айға толғаннан кейін, оперативтік ем жасау керек. Болжам дұрыс жүргізілген оперативтік ем кезінде қолайлы.
Сары уыз және зәр жылғаларының екі жақтылы облитерациясы кезінде, ол ақырындап созылады, іші секретке толады да киста түзіледі. Сары уыз жылғасының кисталары, зәр жылғасының кисталарына қарағанда жиі кездеседі. Әдетте олар ешқандай көрініс бермейді. Көптеген жағдайларда кисталар ішек өтімсіздігі, іріңдеу сияқты асқынуларға әкеледі.
Емі. Ішек өтімсіздігін қалпына келтіру, кистаны алып тастау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет