Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет29/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

ІІІ. АБДОМИНАЛЬДЫҚ ХИРУРГИЯ


Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының семиотикасы және тексеру жүргізу әдістері
Бала жасында жедел ауру белгілерімен байқалатын құрсақ қуысының шұғыл аурулар жиі кездеседі. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым оның мүшелері мен жүйелерінің, әсіресе орталық жүйке жүйесінің функцияларының дамымауы болады. Сондықтан кез келген баланың патологиялық жағдайында бір типті белгілер болады: мазасыздану, тамақтан бас тарту, құсу, гиперемия, ішек функциясының бұзылуы. Бұл кезде іш пердесінің ауруы болуы міндетті емес, яғни осындай жағдайларда псевдоабдоминальдық белгілер болады. Мысалы пневмонияда, отитта, менингитте, остеомиелитте және т.б.
Балаларда жедел хирургиялық аурулардың арнайы ерекшеліктері бар. Ересек адамдарда көп кездесетін аурулар балаларда кездеспейді. Іш перде ағзаларының жедел хирургиялық патологиялық клиникалық көріністерінің әр түрлілігіне қарамастан негізгі белгілері - ауырсыну, құсу, температураның жоғарлауы, ішек функциясының бұзылуы. Клиникалық көріністер ауруға және бала жасына байланысты әр түрлі болады.
Ауырсыну. Іштегі ауырсыну – хирургиялық аурулар мен іш пердесінің травматикалық зақымдалуының негізгі белгісі. Ересектерде іштегі ауырсыну сипаты мен механизмін анықтау қиындық тудырмайды. Ал балаларда әсіресе 1,5-2 жастағы кезінде өте қиын.
Баланың мазасыздануына әр түрлі себептер бар: қарын ашу, функциялық дискомфорт, ішекте газдың жиналуы. Ең жиі белгі -жылау. Ішек инвагинациясы кезінде ауырсыну кенеттен, ұстама тәрізді сипатта болады. Тамақтан бас тарту - алаңдаушылық симптомы. Баланың ұйқысының бұзылуына да мән беру керек. Іштің ауырсынуы кезінде балалардың ұйқысы бұзылады. Ересектеу жаста, балалар сөйлей бастаған кезде олар өздері шағымдарын айта бастайды. Іштегі ауырсынудың сипаты әр түрлі болады. Қабыну ауруларында – тұрақты, өткір емес ауырсынулар болады. Кейбір кездерде іштегі ауырсыну өткір сипатта болады, балалар мазасыз, кейде жата беруі мүмкін. Ондай жағдайлар аталық без кистасының бұралуы, бүйрек-тасты коликада, ішектің бұралуында кездеседі. Баяу ағатын қабынулық ауруларында ауырсынулар өткір емес, ол бала ағзасының реактивтілігіне байланысты. Балалар ауырсынуды әр түрлі көтереді: кейбіреулері өте қатты мазасызданады, кейбірі тыныш болады.
Ересек жаста ауырсыну сипаты мен ауырған жерін анықтау қиын емес, кейде керісінше балалар ауруханаға жатудан ауруханаға жатудан қорқып, шағымдарын жасыруы мүмкін. Іштегі ауырсыну тыныштық жағдайда да, қозғалыс кезінде де болуы мүмкін.
Құсу – ең жиі кездесетін белгі. Омырау жасындағы балаларда артық тамақтандырғаннан кейін құсу болуы мүмкін. Ол диспепсияда, ішек инфекцияларында, гепатитте, панкреатитте және басқа ауруларда кездеседі.
Жедел хирургиялық аурулардағы құсудың пайда болу механизмі асқазан–ішек жолдарының бір бөлігінде кедергінің болуы. Құсу неғұрлым ерте болса, өтімсіздік орны жоғары болады. Құсу рефлекторлық сипатта да болады. Жедел инвагинация кезінде бір ішек қуысына екінші ішек кіргенде алғашқы кезде алғашқы кезде рефлекторлы құсу болады. Тұрып қалған қою-жасыл түсті құсық механикалық өтімсіздігінің болуын көрсетеді.
Ішек өтімсіздігінің дәрежесін құсық мөлшеріне және құрамына байланысты бағалайды. Жоғарғы ішек өтімсіздігінде құсық құрамы қышқыл болады. Құсу - негізінен іш қуысының жедел қабыну үрдістерінің симптомы болады. Мұнда құсу 1 рет немесе 2 рет, бірақ қабыну үрдісі іш пердесіне ауысқанда жиірек болады.
Құсық құрамында қан аралас болса – көптеген хирургиялық аурулардың белгілері: асқазан және 12 елі ішектің жара ауруы, портальды гипертензия кезінде өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі. Қан ағу, эрозивті гастрит және т.б. қан аралас құсу қанның ұю жүйесінің бұзылуына байланысты ауруларда болады. Бұл жағдайларда, тіпті шағын жарақаттардың өзі асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінен қан ағуға әкеледі. Кейде, құсықта қанның байқалуы жедел хирургиялық аурулармен байланысты болмауы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет