Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет58/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Сурет ІІІ. 23. Іштен туа болған рестовестибулярлық жыланкөз

Қыз балаларда, яғни жыланкөз жыныс мүшелеріне ашылу кезінде операциялық емді 3-4 жасқа келгенде жасаған дұрыс. Өйткені, нәрестелер операциялық жарақатты көтере алмайды. Екіншіден, өте күрделі тіндер қарым-қатынасы техникалық қиындықтар туғызады.


Егер нәрестенің жалпы жағдайы өте ауыр болса, басқа ауыр кемшіліктермен қатарласа келсе, науқас хирургиялық бөлімге кешігіп түссе, хирург- дәрігер проктологиялык операциялар жасай алмаған жағдайларда, алдымен колостома салынады, содан кейін баланың жағдайы жаксарып, қолайлы уакыт келгенде, радикалдық операциялар жасалып, үшінші сатыда колостома жабылады.
а) қарапайым тік ішек және артқы тесік атрезиясында (жыланкөзсіз) нәрестеге жсдел түрде шаптық проктопластика операциясы жасалынады (Диффенбах әдісі бойынша);
б) Егер жоғарғы тік ішек атрезиясы болса, (2 см-ден жоғары) құрсақ куыстық - шаптық проктопластика жасалынады (Ромуальди-Ребейни әдісі);
в) Тік ішек атрезиясымен қосарласқан зәр жолдарының жыланкөздерінде операция жедел түрде жасалынады. Өйткені зәр жолдарының жедел қабынуы және асқынуы қатерлі (интраректальдық құрсақ куыстық - шаптық проктопластика Ромуальди-Ребейн әдісі бойынша);
г) тік ішек атрезияның ректовестибулярлық жыланкөзімен туған
балаларда, егер жыланкөз тар болса жедел түрде Соломи әдісімен проктопластика жасалынады, ал жыланкөз диаметрі кең болса, 1 жастан кейін жоспарлы түрде операция жасалынады;
д) тік ішектің және анальдық тесіктің тарылуында емнің екі түрі колданылады:

  1. консервативтік ем - Гегер бужы аркылы кеңейту, (кеңейтуді 1-1,5 айдай жүргізеді).

  2. операциялық ем (Гартман әдісімен) - егер стенозды ошақтың үзындығы 2,5 см жоғары болған жағдайда.

ж) тік ішектің және артқы тесіктің қалыпты болып ректовагинальдық және ректовестибулярлық жыланкөзбен қатарласуы. Операция жоспарлы түрде, 2-4 жаста жасалынады. Ректовестибулярлық жыланкөзде операциялық ем Ленюшкин, алдыңғы және артқы сагиталдық проктопластика Пеня әдісімен жасалынады. Ректовагинальдық жыланкөзді шапты проктопластика әдісімен жояды.
3. ректо-шаптық жыланкөздер, жоспарлы түрде Габриель әдісімен емделеді.
и) шаптық эктопиялар:

  1. шап эктопиясында операция жасалмайды.

  1. анальдық тесіктің вестибулярлық эктопиясында операция жоспарлы түрде жасалынады (Стоун әдісімен).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет