Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет54/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Сурет ІІІ. 20. Гиршпрунг ауруымен ауырған науқастың жалпы түрі

Көкірек қуысына диафрагма көтеріліп өкпені қысып дем алуға бөгет жасайды Осының барлығы тыныс жолдары ауруларының пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйелерінің қызметі де төмендеп, балаларда тахикардия болуы ықтимал. Орнықты нәжіс қатқағы бара-бара созылмалы нәжіс интоксикациясына әкеліп, ішек дисбактериозы пайда болады. Балада зат алмасу үрдісі бұзылып, гипопротеинемия, электролиттік дисбаланс, гипотрофия анықталады. Темірдің сіңуі бұзылып, фолий қышқылының және В12 витаминінің түзілуі бұзылып, сәбилерде гипонормохромдық анемия пайда болады.


Жоғары айтылған негізгі үш синдромнан басқа, Гиршпрунг ауруыңда кей кезде мына белгілер болуы мүмкін: парадоксальдық сұйық нәжіс, құсық.
Сәбидің іші өтуі дисбактериозға байланысты, өйткені ішек қабының шырышты қабаты ойылып түсе бастайды. Баланың құсуы интоксикациядан немесе ішек өтімсіздігінен болады.
Гиршпрунг кемістігінде кей жағдайда (11%) басқа туа біткен ауытқулар болады: сыңар бүйрек, мегауретер, жүрек жұмысының жетімсіздігі, «қоян ерін" және "қаскыр таңдай" (еріннің және таңдайдың жетіспеушілігі).
Аурудың барысы бойынша 3 түрі анықталған:
а) компенсаторлық
б) субкомпенсаторлық
в) декомпенсаторлық.
Компенсаторлық түрі: 1 айға дейін сәби сау балаға ұқсас болады, кей кезде нәжіс қатқағы байқалуы мүмкін, кейде метеоризм болады. Клизмадан кейін және тік ішекке түтікше қойып газын шығарғаннан кейін ішек жұмысы қалыптасып кетеді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Кейіннен, қосымша тамақ бере бастағанда балада нәжіс қатқағы күшейе бастайды. Консервативтік ем уақытша көмектеседі. Егер, күтім болмай, тамақтану кестесі бүзылса, балада нәжіс тасы пайда бола бастайды. Бара-бара балада анемия, құрсақтың қампиюы, гипотрофия, дисбактериоз белгілері пайда болып, ауру созылмалы түріне ауысады. Аурудың бұл түрі, әрине, тоқ ішектің кіші аганглионарлық аймағы болғанда анықталады.
Субкомпенсаторлық түрі өтпелі сатысына сай келеді. Егер баланы дұрыс күтпесе, сырқат декомпенсаторлы түріне ауысып кетеді. Баланың жағдайы орташа ауырлықта, жағдайы күннен күнге нашарлай береді, нәжіс қатпасы күшейіп, ішектің тазаруына клизманы жиі жасау арқылы жетуге болады. Бара-бара созылмалы нәжіс интоксикациясы белгілеры байқалып, нәжіс тастары пайда болады. Кейбір жағдайда нәжіс тастары обтурациялық ішек өтімсіздігін туғызады.
Декомпенсаторлық түрі, ауыр жағдайда баланы жедел ішек өтімсіздігіне әкеп соғады. Жас сәбиде алғашқы күннен бастап құсу, нәжіс қатқағы, метеоризм болады. Консервативтік ем көмек көрсетпейді, интоксикация артып, баланың салмағы азаяды, анемия анықталады. Қарны үлкен, көк кан тамыры кеңейеді, ішектері құрсақтың алдыңғы қабырғасы арқылы көзге түседі. Метеоризм және көкеттің жоғары тұруы тахикардия, дем алыс жиілігін арттырады.
Гиршпрунг ауруына диагноз қою анамнезді, клиникалык және рентгенологиялык зерттеулерді жүргізуге негізделеді.
Клиникалык белгілерының ішінде негізгі 3 белгіге көңіл аударған жөн (қатпалы нәжіс, метеоризм, қарынның қампиюы), сонымен қатар, тік ішекті саусакпен қарау кезінде бос ампула анықталады.
Рентгендік тексеруді, әрқашан, құрсақ қуысын және көкірек қуысын жалпы шолу рентгенографиясына түсіруден бастау қажет. Рентгенограммада көкеттің жоғары тұруы, өкпе көлемінің кішіреюі, қабырғанын горизонталды орналасуы, тоқ ішектің кеңеюі жэне оған газдың жиналуы, су деңгейлері анықталады. Керекті мәліметтерді контрастты тоқ ішек рентгенографиясынан толық алуға болады (иррография).
Тоқ ішекті нәжістен тазарту үшін күніне 2-3 рет 1% тұз кышқылы ерітіндісімен сифонды клизма жасайды. Егер, тоқ ішек ішінде нәжіс тасы болса, тік ішекке вазелин майын жіберіп тасты ерігеннен кейін алып шығады. Ішек толық тазарғаннан кейін барып барий сульфаты ерітіндісін жіберіп, ирригография жасалады.
Ирриграммада Гиршпрунг ауруына тән келесі белгілер көрінеді: тоқ ішектің дистальдық бөлігінде оның тарылуы (стенозы), ішектің стенозды жерінен жоғарғы бөлігінің кеңеюі (гипертрофиясы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет