Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


БАЛАЛАРДАҒЫ МЕГАКОЛОН. ГИРШПРУНГ АУРУЫ



бет52/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

БАЛАЛАРДАҒЫ МЕГАКОЛОН. ГИРШПРУНГ АУРУЫ


Балалардағы мегаколон. Мегаколон бүткіл тоқ ішектің барлық немесе оның бір ғана бөлігінің кеңейіп, сонымен қатар оның кабырғасының гипертрофияға ұшырауы (тоқ ішектің қалыптан тыс ұлғаюы). Тоқ ішектің бұл ауруын ең бірініші толық жазған Н.Нігсһrung (1887). Ол ауруды ғалым «megacolon congenitum idipaticum» деп атады.
Сырқаттың негізгі белгісі - нәжіс қатпасы. Алғашында, көптеген ғалымдар Гиршпрунг ілімін жақтап, аурудың себебі тоқ ішектің туа кеңеюі, сонымен қатар оның қозғалу және секрет шығару қызметінің бұзылуынан деп пайымдады (Р.Жуковский, 1903, А.И. Абрикосов, 1909, МР Ворок. 1914). Кейбір ғалымдар аурудың себебі тоқ ішектің туа кеңеюі, ал гипертрофия екіншілік болады деп дәлелдеді (В.Л.Боголюбов, 1908, Richter, 1898 және т.б.). Ең бірінші 1901 жылы Ғavalli мегаколон ішектің төменгі бөлігінің қозғалысының бұзылуынан болады деп кесіп айтты. Сонымен қатар ол өзгерістер ауэрбах жүйке жүйесінің өзгерісінен екенін айтты.
Мегаколон түрлерінің сыныптамасын толық дайындаған ғалым А.И.Ленюшкин, 1976 ж. Ол сыныптама бойынша мегаколон төмендегідей жіктеледі (Кесте ІІІ.4).
Кесте ІІІ.4.
Мегаколон түрлерінің жіктелуі



Мегаколон



Туа болатын түрлері

Жүре пайда болатын түрі

Біріншілік

Гиршпрунг ауруы, долихосигма

Күюден кейін болатын шап аймағындағы жарадан және қабынудар болатын шап аймағындағы деформациялық тыртықтар. Дағдылы және психогенді қатпалар. Эндокринді өзгерістер. В1 гипо-, авитаминозы. Жедел және созылмалы интоксикациялар (ішек инфекциясы, дәрі-дәрмектер зақымы)

Екіншілік

Аноректальдық ақаулар.
Пресакральдық ісіктер, кисталар
Құрсақ етінің туа біткен атониясы




Кейіннен Т.ЕҺrenpreis (1946), Ғ.R.Whitehose және басқа зияткерлермен бірге (1948), О.Swenson (1948), Ю.Ф.Исаков (1958) тоқ ішек қабырғасындағы ауэрбах жүйке жүйесінің өзгерісі мегаколонның пайда болуындағы ең басты мәселе екенін көрсетті. Бұл негізгі мәліметтер мегаколонның туа пайда болатын түрін немесе Гиршпрунг ауруын тоқ ішек кеңеюлерінің басқа түрлерінен ажырату үшін көп пайда келтірді.


Мегаколон ауруы әр түрлі жағдайлардан болуы мүмкін, атап айтқаңда: аноректальдық аймақтағы туа біткен даму ақаулары (жыланкөзді тік ішек атрезиясы т.б.). sріnа" bіfidа, туа және жүре пайда болатын анус тарылуы (стенозы). Сонымен мегаколон синдромы біріншілік - туа пайда болатын және де екіншілік - жүре пайда болатын аурулардан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет