Параметрлер, мВ
|
Анальдық тесіктен арақашықтық, см
|
20+m
|
10+m
|
1.
|
Тонус
|
38,6+5,50
|
45,1 + 5,10
|
2.
|
Спонтанды белсенділік
|
22,8+ 5,60
|
39,2 + 7,20
|
3.
| Орташа вольтаж |
1,24 + 0,26
|
2,54 + 0,50
|
4.
|
Прозерин инъекциясынан кейінгі моторлық әрекет белсенділігі
|
23,2 + 2,10
|
34,2 + 10,25
|
5.
|
Баллонмен тітікендіргеннен кейінгі моторлық әрекет белсенділігі
|
-
|
44,8 + 11,20
|
Кестеде көрсетілгендей, сигма тәрізді ішектің дистальдық бөлігінде қабырғасының тонусы, орташа вольтаж, моторлық белсенділігі біраз жоғары. Ол ішектің шығаруына қатысатын бөлімінің физиологиялық ерекшелігімен түсіндіріледі.
Дені сау балаларда прозерин инъекциясы моториканы өзгертпейді. Бірақ кейбір жағдайларда инъекция, әсіресе алғашқы минутта, кезінде ауырсынулық тітіркенуден, моториканы төмендетеді. Механорецепторларды резина баллонмен тітіркендірудің кері реакциясы айқын көрінеді: алғашқы мезгілде вольтаж қисығы 10-15 мВ-ға төмендейді, содан соң 30-90 сек кейін қалпына келеді, тербелістер тереңдеп, ақырында ұсақ толқындар жоғалады. Егер тітіркендірулер тоқтатылса, 2-3 минуттан кейін тербеліс биопотенциалы бастапқы деңгейге келеді.
Рентгенологиялық зерттеу. Тоқ ішектің рентгенологиялық зерттеу әдісі стационарда да, поликлиникада да қолданылады. Оның құрамына бір - бірін толықтыратын рентгеноскопия және рентгенография жатады.
Ішек өтімсіздігімен ауырған балаларды зерттеуді көкірек және құрсақ қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясынан бастайды. Онда ішек ілмектерінде ауаның біркелкі таралуын анықтайды. Кейбір жағдайларда, олардағы көлденең сұйықтық деңгейін анықтайды және жалпы шолулық рентгеноскопия жасалынады. Ал кейде рентгеноскопияның орнына, баланың рентгендік сәулелену дозасын азайту үшін рентгенография қолданылады.
Жалпы шолу рентгенограммасы арқылы тоқ ішектің жағдайын толық бағалауға болмайды, сондықтан зерттеудің рентгенконтрасты әдісі қолданылады. баланы дайындау - ішекті толық босатумен аяқталады. Ішекті тазалау немесе сифондық клизмамен, тексеретін күні және оның алдында жасалады. Ішектің жақсы босатылуына, тік ішекке түнге қарай енгізілген 50-100 мл жылытылған вазелин майы немесе жылы сабынды су әсер етеді.
Шырышты қабаттың бедерін (рельефін) толығымен зерттеу үшін, контрасттық тексерудің жетілдірілген (модификацияланған) әдістері қолданылады. Мысалы, ауамен қосарланған барий клизмасымен контрасттық тексеру. Басында контрастты қоспа енгізіледі де науқас табиғи жолмен ішекті босатады. Содан кейін, көзбен бақылай отырып тік ішек арқылы ауа жібереді. Шырышты қабаты анық, контрастық рентгенограммалары түсіріледі.
Егер, нәресте дамуында аноректальдық ақау бар болса, зәр шығару жолдарын рентгенологиялық тексеру міндетті түрде жүргізілуі керек. Себебі даму ақаулары аноректальдық кемістіктерге ұқсас болады. Операция кезінде ректосигмоидтық зонада бір бүйректің несепағарына хирург лигатура қойғаны белгілі. Егер хирург сәйкес ақауды білсе, ол абайлар еді де қателіктер жіберуге жол бермеуші еді.
Тоқ ішектің, зәр шығару жолдарымен байланысына күдік туса, қосымша уретероцистография жасау керек. Баланы рентген столына бүйіріне жатқызады, астыңғы аяғы бүгілген, ал үстіңгі аяғы жазылған. Шприцке қосылған жұмсақ резина катетерді уретра арқылы 2-2,5 см-ге енгізеді және саусақпен ұстап тұрады. Жылытылған контрастық зат, баяу, уретраға енгізіледі. Доза жартылай енгізілгеннен соң, оны тоқтатпай, рентгенография жасай бастайды. Қуық толған соң, баланың жатқан жағдайын өзгертпей, зәр шығаруды ұсынады және зәр шығару кезінде екінші рентгенограмма жасалынады. Контрастты зат ішек қуысына ағуы бойынша ректоуретралдық және ректовезикалдық жыланкөз бар-жоғы шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |