Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Іріңді-қабыну ауруларынмен науқас балаларды тексеру



бет139/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Іріңді-қабыну ауруларынмен науқас балаларды тексеру
Хирургиялық инфекцияның патогенезі күрделі. Алғашқы кезекте балалар организмінің микробтық флорамен ластануы. Ластану үрдісі антенатальды, жиі интра- және постнатальды кезеңдерде орын алуы мүмкін. Сонымен бірге, жаялық, таңу материалдары, құрал-жабдықтар және акушер қолынан да инфекциялануы мүмкін. Бірақ микроорганизмдердің көп мөлшерін балалар постнатальды: қоршаған ортадан (ауа, тағам, жаялық, емізік және т.б.) жұқтырады.
Нәресте тәні микроорганизмдермен ластанғаннан (контаминация) кейін олардың тәндк орын тебу (колонизация) үрдісі жүреді. Контаминация (ластану) нәтижесін үш, өзара байланысқан факторлар анықтайды: жаңа туған нәресте организмінің реактивтілігі, микробтық флораның агрессивті жайылуы, микробтар антогонизмі. Колонизация бала өмірінің 7-ші күнінде аяқталады. Өзара байланысқан факторлардың бір-біріне сәцкес келуі колонизация нәтижесінде макроорганизмдердің симбионттық қарым-қатынасы.
Перзентханада нәрестелер үшін алғашқы апта госпитальдық инфекцияның болуына байланысты қауіпті болып есептеледі. Қабыну үрдісінің алдын алу үшін тағайындалған антибиотиктер госпитальды штаммдарға емес, симбиоздық флораға әсер етіп, дисбактериоз туындайды.
Жергілікті иммунитет тері, шырышты қабат асқазан ішек жолдарының бактериоцидтік әсеріне байланысты. Жаңа туған нәрестелерде, ересек балаларға қарағанда, инфекцияның кіруіне қосымша жолдар болады.
Терінің қорғаныштылығы, оның бетінде қышқыл реакциядан тұрады және эпидермис қалың болғандықтан оның микроорганизм өткізгіштігі төмен болады. Жаңа туған балаларда, тері иммунитетінің дефициті (кемшілігі) тері бетінде сілтілік ортаның болуынан, туу жабындысымен жабылғандықтан, оның бактерицидтік әсері болмайды. Эпидермис оларда жұқа және астындағы дермадан, әсіресе тері қатпарларында, жеңіл ажыраты-лады. Терінің терең қабаттарына микроорганизмдердің жеңіл енуіне олардың болбыр болып келетін жерлері ықпал жасайды.
Шырышты қабаттың жергілікті иммунитеті, оның құрамындағы лизоцим секретінің бактерицидтік әсеріне байланысты. Бірақ жаңа туған нәрестелерде оның мөлшері аз, сондықтан олардың қорғаныштық әсері де шамалы.
Инфекцияның асқазан-ішек жолдары арқылы организмге енуіне асқазанның қышқылдығы кедергі жасайды. Жаңа туған нәрестелерде асқазан сөлінің қорғаныштығы мен қышқылдығының төмен болуына байланысты асқазан арқылы және асқазан ішек жолдарының төменгі бөліктеріне іріңдік микроорганизмдердің өтуі стафилококктық жаралы некрозды энтероколиттің дамуына әкеледі.
Жаңа туған нәрестелерде, жалпы, арнайы емес иммунитеттің жетіспеушілігі қан сарысуында комплементтің төмен болуымен байланысты. Бұл, жергілікті инфекциялық үрдістің жайыла таратылуы (генерализациясы) хирургиялық сепсиске әкеледі. Оған жалпы арнайы иммунитеттің жеткіліксіздігі, жаңа туған нәрестелерде иммундық жүйенің төмендеуі иммуноглобулиндердің, әсіресе G-иммуноглобулиндердің төмендеуіне әкеледі.
Қалыпты жағдайда жаңа туған нәресте ағзасы ана ағзасынан иммуноглобулиндерді қажетті мөлшерде алады, бірақ бұл кезде олардың шығуы да жоғары. Ал өзіндік G-иммуноглобиннің өндірілуі бала 3 айға жеткендеғана тіршілікке қажетті дәрежеге жетеді. Сондықтан, екінші аптадан бастап 3 айға дейін бұл иммуноглобулиндер мөлшері төмендеген, яғни Пфаундлер феномені дамиды. Осы жаста іріңді-септикалық аурулармен науқастанғандар саны жоғарылайды.
Толығымен жиналған анамнездің, іріңді-қабыну ауруларын анықтау үшін үлкен маңызы бар. Әсіресе алдында ауырған ауруларына, хирургиялық инфекциялық үрдістің дамуына баса назар аудару керек. Негізгі ауруға осы ауру екіншілік болып қосылса, мысалы, нәрестелердегі кіндік сепсисінен кейін дамыған жедел гематогендік остеомиелит. Алдындағы өткен терапияны - гормональдық, антибактериальдық, іріңдіқ инфекцияның қайталануын, әсіресе балалардың алғашқы жылдарындағы дисбактериоз симптомдарын ескеру керек.
Жергілікті ошақ (бір немесе бірнеше) мұқият қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу арқылы анықталады. Ары қарай қосымша әдістер қолданылады: рентгенография, рентгеноскопия, радионуклеидті тексеру әдістері, ультрадыбыстық тексеру, компьютерлік томография, эндоскопиялық тексеру, т.с.с.
Науқастың реактивтілігін анықтау зертханалық тексеру әдістері қатарына кіреді. Қабыну үрдісінің айқындығын, қоздыр-ғыштар қасиетін қан формуласы бойынша анықтауға болады. Ста-филококктық инфекцияға лейкоциттер, лимфоцитозбен және ней-тро--пения, граммтеріс инфекцияға – лимфопения мен нейтро-филез тән. Абсолюттік лейкопения сепсистің өте ауыр түрлерінда және болжамы бойынша жағымсыз белгілері ретінде белгілі.
Уыттану (интоксикация) дәрежесін анықтау үшін, Я.Я.Кальф-Калиф 1941 жылы ұсынған уыттанудың лейкоцитарық көрсеткішін (интоксикацияның лейкоцитарлық индексі) есептеу әдісі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет