Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет178/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

ПАРАПРОКТИТ АУРУЫ


Парапроктит ауруы - тік iшектiң айналасының iрiңдеп қабынуы. Парапроктит ауруы балаларда жиi кездесетiн iрiңдiк ауруы. Iрiңдiк терi астында, шонданай сүйегi мен тік iшектiң аралығында, жамбас сүйек пен көтен iшектiң аралығындада және көтен iшектiң артында шоғырланып орналасады. Балаларда кездесетiн парапроктиттiң 95% дейiнi терi астының iрiңдеп қабынуы арқылы бiлiнедi.
Парапроктиттiң негiзгi клиникалық белгiлері науқас баланың дене қызуы 38-400С-қа дейiн көтерiлiп, үлкен дәретке отырғанда, көтен iшектiң айналасын жуғанда қатты мазасыздануы арқылы бiлiнедi. Аурудың жағдайы үдемелі түрде нашарлайды - ол тамақтан бас тартып, құсады, iшi өтедi. Үлкен балалар тік iшектiң айналасында ине сұғып алғандай ауыру сезiмiнiң пайда болғандығын айтады. Жүрсе, отырса немесе үлкен дәретке отырса ауру сезiмi қатты күшейедi. Шат арасын ашып қарағанда, тік iшектiң айналасының қызарып, бiлеуленiп, қатты iсiнiп тұрғаны, кейде флюктуация байқалады. Тік iшектiң iшiн саусақпен зерттеу, ауырсыну сезiмiн қатты қоздыратындықтан тек жалпы наркоз арқылы жүргiзiлуi тиiс. Саусақпенен тік iшектiң iшiн қарағанда оның қабырғаларында iсiну белгiсi бар не жоғы анықталады. Қанның талдамасында лейкоцитоз, анемия және ЭТЖ жоғарылайды.
Емдеуі тек хирургиялық тәсiлдер арқылы жүргiзiледi. Диагнозды анықтағаннан кейiн, жалпы наркоз беру арқылы, сфинктердi жараламай, флюктуация ауданында (сағат циферблатының 3 пен 9-дың деңгейiнде) тік iшек айналасы жарты ай секiлдi кесiледi. Iрiңдi тазалап жуғаннан кейiн, жара iшiн саусақпен ашып кеңейтедi, резинадан дренаж қойылып, гипертониялық ерiтiндiлермен байланады. Үлкен балаларға келесі күннен бастап отыратын ванна, ал нәрестелердiң құйрығын антисептиктермен ұдайы жуып, кейiннен калий перманганаты (марганцовка) ерiтiндiсiмен жалпы ваннаға түсiредi. Iрiң азайғаннан кейiн, iрiңдiк iшiне Вишневский майымен, дәкеден жасалған турунда енгiзiледi. Парапроктит ауруы ағзаны қатты улайтынын ескере отырып, оған кең көлемді антибиотик дәрiлерiн (шамамен 5-7 күн), витаминдер, гистаминге қарсы дәрiлер көптеп берiледi. Қажет болған жағдайда вена тамырларына 5-10% қант ерiтiндiсi, гемодез, реополиглюкин дәрiлерi құйылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет