Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет228/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Лимфангиомалар
Капиллярлы және кавернозды лимфангомалар тері асты май қабатының ісігі түрінде анықталады. Олар өздігінен жазылмайды және емі - тек хирургиялық әдіс. Операция кезінде макроскопиялық түрін майлы клетчаткадан айыру қиын, бірақ кавернозды лимфангиома - лимфа бөлінімен ерекшеленеді. Ісікке келетін лимфа тамырларын байлауға мүмкіндік болмағандықтын жарадан лимфаның бөлініуі операциядан кейін де біраз уақытқа сақталады. Операция кезінде лимфангиома толық алынбаса, рецидив болуы мүмкін. Диагноз, операция кезінде алынған препаратты гистологиялық тексеру арқылы нақтыланады.


СуретVII.2. Мойын лимфангиомасы
Торсылдақты (кистозды) лимфангиомалар көбінесе мойында, иек астында орналасады және нәресте туған кезде болады. Кей жағдайда олардың көлемі өте үлкен, баланың басындай болуы мүмкін. Баланың мойынының бір жағын, иек асты аймағын тұтас алып, көкірек қуысына да таралуы мүмкін. Макроскопиялық қарағанда гемангмома лимфаға толған үлкен және кішкентай торсылдақтардан тұрады. Кей жағдайда олар жұтқыншақ пен көмекейдің өтімсіздігін тудырып шұғыл трахеостома салуды және зондпен тамақтандыруды қажет етеді. Емдеуі - тек хирургиялық жолмен, мүмкіндігінше радикальды кесіліп алынады. Бұл өте күрделі операция, өйткені лимфангиома тіл астына, тілдің өзіне жайылып дамуы мүмкін және мойынның ірі тамырлары мен ағзаларымен шытырман байланыста болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет