Әдіс қалыпты жағдайда және наркоз уақытындағы өкпе вентиляциясының адекваттылығын талқылауға мүмкіндік береді.
Көрсеткіштері. Өкпе-жүрек аурулары, көкірек қуысы мен іштің травмалық зақымдалуы, анемия, интоксикация.
Қандағы оттегі мөлшері химиялық (Ван Слайк әдісі) немесе фотометрия арқылы өлшенуі мүмкін. Қазірғі уақытта бірінші әдіс жиі, екінші әдісті басқару ретінде қолданылады. Ақырғысы, қанның оттегімен қанығуының динамикасын бақылау үшін қолдануы мүмкін.
Әдістемесі. Балаларда тексеру үшін саусақтан қанды стабилизаторы (гепарин, фторлы натрий) бар стаканға 0,5-1 мл алады. Қандағы оттегінің парциалдық қысымын анықтаудың өте кең таралған әдісі – полярография. Оны полярографқа қосылған арнайы электродтың көмегімен жүзеге асырады.
Балалардағы полярографтық зерттеу ерекшелігі:
Саусақтан алынған қанның сулылығына байланысты, оны майдың көпіршіктерінсіз шприцке толтыру қиынға соғады, ал көпіршіктердің аз мөлшері құрылғының бағдарының қозғалысын шақырады және қанның сынамасы жоғалады. Сол себепке байланысты бір қанның сынамасынан РО2 қайталама өлшемін жүгізуге болмайды.
Жаңа туған нәрестелерде бұл әдісті жасау қиын, себебі 1 мл қанды алу үшін олардың саусақтарын бірнеше рет тесуге тура келеді.
Оттегінің парциалдық қысымын операция барысында динамикалық бақылау үшін артерияық қаннан кейде 5-10 сынама алады. Соншалықты сынаманы қанның оттегімен қанығуы және қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті анықтау үшін алады. Баладан ол үшін онсыз да маңызды қанның көп мөлшері алынады. Сондықтан балалардан сынамаға қан алған кезде алынған қанның мөлшері ескеріліп отыруы, ал керек жағдайда қан құюмен алынған қанның орны толтырылып отыруы қажет.
Әдісті бағалау. Қанның оттегімен қанығуын және қысымын анықтау гипоксемияны, оның дәрежесін, оның пайда болуы туралы сұраққа жауап береді. Егер гипоксемия гиповентиляциямен байланысты болса, ол үнемі ағзада СО2-нің бөгелуімен сипатталады, артериялық қанда СО2-ң қысымы мен мөлшері көбейеді.
Тамыр-артериялық шунттардың болуына байланысты гипоксемия.
Қан ағысына қатынасты вентиляцияның тепе- теңсіздігінің нәтижесінде болған гипоксемия.
Қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті тексеру. Балалар хирургиясында ең қолайлы экспресс-әдіс Siggard Andersen әдісі болып табылады. Ол тек 0,1 мл қанды қажет етеді, анализ уақыты – 3-5 минут. Бір сынамада сутегі иондарының концентрациясын (рН), көмір қышқыл газының парциалдық қысымын (РСО2), буферлік негіздердің артықшылығын немесе дефицитін (+ВЕ), стандартты бикарбонаттарды (SВ), шын бикарбонаттарды (АВ) және қандағы СО2 жалпы мөлшерін анықтауға болады.
Көрсеткіштері. Тотығу үрдістерінің бұзылуынан жүретін аурулар (пневмония, бронхоэктатикалық аурулар, туа пайда болған және жүре пайда пайда болған жүрек ақаулары және т.б.), наркозбен жүргізілген ұзақ операция.
Әдістемесі. Қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті тексеру үшін микро-Аструп («Радиометр» фирмасы) қолданылады.
Әдісті бағалау. Andersen-Astrup, микро әдісімен анықталған көрсеткіштер қанда қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылуын, ағзада зат алмасуы үрдісінің немесе тыныс алудың бұзылуының нәтижесінде оның ауытқуы болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде ағзада қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылуының 4 түрін ажыратады:
Тыныс алу ацидозы, өкпенің вентиляциясының жеткіліксіздігінен болған РСО2 көбеюімен байқалатын ағзаде көмір-қышқыл газының бөгелуіне байланысты болған тыныс алу ацидозы.
ВЕ көрсеткішінің жоғарылауы - теріс белгісімен (негіздің дефициті) байқалатын зат алмасудың толық тотықпаған өнімдерінің ағзада жиналуына байланысты болған метаболитикалық ацидоз.
Гипервентиляцияға байланысты қанда РСО2 төмендеуімен көрінетін ағзадан көмір қышқыл газының тым көп шығуына байланысты болған тыныс алу алкалозы.
ВЕ көрсеткіштерінің жоғарлауы оң белгісімен (негіздің артықшылығына) байқалатын сілтілердің жоғарлауы немесе ағзада қышқылдардың жеткіліксіздігімен байланысты болған метаболитикалық алкалоз. Айтылған бұзылыстар компенсацияланған ауытқулар немесе декомпенсацияланған сипатта болады.
Ацидоз кезінде қан реакциясы қышқыл жаққа жылжиды, ал алкалоз кезінде сілтілі жаққа жылжиды. Сонымен бірге, тотығу-қалыптастыру үрдістері кезіндегі бұзылыстар, тыныс алу бұзылыстарына сәйкес келуі мүмкін. Мұнда қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылыстары сәйкес сипатқа ие болады. Бұзылыстың келесі нұсқалары болуы мүмкін:
Тыныс алу және метаболитикалық ацидоз, әдетте мүндай ацидоз декомпенсацияланған болады.
Тыныс алу ацидозы және метаболитикалық алкалоз. Қанның реакциясы қалыпты, қышқыл немесе сілтілі болуы мүмкін.