Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер»


Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,58 Kb.
#86126
түріОқулық
1   2   3   4
Байланысты:
Практика №1

Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Фактілер мен құбылыстарды бақылау.
2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою.
3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау.
4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексеріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу.
Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Оқу үдерісінде баланың қызығушылығын, өздігінен үйрену, танып білу белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс формаларын ұйымдастыруға үйретуді. Жаратылыстанудың жалпы әдістемесінің аса маңызды міндеттерінің бірі-ғылым ретінде жаратылыс пен оқу пәні ретінде жаратылыстану арасындағы байланысты анықтап береді.
Қоршаған орта пәні жоғары кластарда өтілетін физика, химия, биология, география, астрономия сияқты пәндердің алғы шарттары. Бастауыш сыныпта алынған осы ғылымдар төңірегінде алған білімдері жоғары кластарда дамытылады. Қоршаған орта оқу пәні ретіндегі өзінің дидактикалық ерекшеліктері бар, бұл оны мектеп курсының өзге пәндерінен ерекшелейді. Бұл пәннің теориялық негізі жаратылыстану негіздері циклі бойынша ботаника, зоология, жертану және өлкетану пәндері болып табылады.
Табиғат жайлы ғылымдардың барлығы айнала дүниенің даму барысын түсіндіру, табиғаттың даму заңдылықтарын ашу негізін қарастырады. Табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын және өзара тәуелділігін анықтайды. Тірі және өлі табиғат арасындағы айырмашылықтарды, байланыстарды түсіндіреді. Табиғат құбылыстары ның сырын түсіндіре отырып материалистік көзқарас, яғни дұрыс дүниетанымдық көзқарас қалыптастырады. Мұғалім көмегімен айналадағы табиғатты зерттеу (бақылау) арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны қорғауға деген ықыласын тудыра отырып, өздері тұрған жердің табиғат айырмашылықтарын, олардың себептерін анықтайды.
«Дүниетану», «Қоршаған орта» пәндері «Адам,», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш ірі бөліктен (блок) құралады. Бұл айналадағы дүние туралы балада біртұтас көзқарас қалыптастыру және онда адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек.
Әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп үздіксіз оқытылады. Әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның еңбек әрекеті және бөлінбес бөлігі ретіндегі табиғатпен, негізгі мүшесі ретінде қоғаммен әрекеттестік қарым-қатынасы туралы білім мазмұны арқылы жүзеге асады.
Пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларынан (қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер, т.б.) хабардар ету негізінде дүниені, әлемді, қоршаған ортасын танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, экспери -мент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қоршаған орта пәні арқылы оқушы алғашқы тірі және өлі табиғат, табиғаттағы құбылыстарды, дене мен заттар, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін, олардың адамдарға қажеттілігі туралы біледі. Осындай мағлұматтарды ұғына отырып ұғымдар жүйесі қалыптасып, сөз қоры молайып, табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын түсінеді. Сондай-ақ, табиғатты аялау, үнемдеу т.с.с. экологиялық тәрбие беріледі.

Мектепте жаратылыстану пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Жаратылыстану оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Жаратылыстану пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, жаратылыстану тарихынан тұрды. Жаратылыстану тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған жаратылыстанудан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.


В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі жаратылыстану бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы жаратылыстанудың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Жаратылыстануды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Жаратылыстану жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде жаратылыстану пәнін 2 - класс пен 4 - класта оқытылды.
Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару ұсынылды. Жарлық бойынша барлық гимназия мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде коллекциялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті материалды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді.
Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім беретін мектептерде жаратылыстану оқу пәні ретінде ширек ғасыр бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.
Жаратылыстану мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама бойынша бастауыш мектептің 1- класында пәнді оқытуға 2 сағат бөлінді. Одан кейінгі сыныптарда сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды.
Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес реальдық және классикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курсы алынып тасталды да, биологияны, географияны және физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші мектеп жасындағыларға жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды.
Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағы лардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде жаратылыстану және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.
К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды.
К.Д.Ушинскийдің бастауыш кластарда жаратылыстануды оқыту жөніндегі көзқарастары «Ана тілі», «Балалар әлемі» деген кітаптарында, сонымен бірге мұғалімдерге арналған «Ана тілі» кітабында және «Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік тұрғыда К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше педагогикалық білгірлікпен жазылған деп бағаланаған . Кітап көрнекілік және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін жүйелі түрде арттыру негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қарапайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір жеке тақырып материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады.
К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын деп көрсетті. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді.
Осы кезеңде жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға және А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд жаратылыстану оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы жаратылыстанудың мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы жоспар бойынша 2-және 3-класта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар кірді.
А.Я.Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық сабақтар» деп аталатын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқып-үйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді. Өзінің әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар ұсынады. Айталық;
1. Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу;
2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту;
3. Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу;
4. Бастауыш кластарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу;
5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.
А.Я.Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни тек біздің уақытта кең қолдау тапты.
70-жылдардағы реакция 1871 жылы жаратылыстануды гимназияның бастауыш кластарынан алып тастауға әкелді. Ал жоғары кластарда бұл циклді пәндерді оқыту күрт қысқарды. Кейбір гимназияларда бұл пәнге мүлде тиым салынды. Тек либеральдық училищелердің жоғары сыныптарында ғана ол қысқартылған түрде оқытылды.
Капитализмнің дамуы XÌX ғасырдың соңындағы революциялық қозғалыс мектептегі білім беру ісін реформалау қажеттігін туғызды. Қоғамдық пікірдің қысымымен Халық ағарту министрлігі гимназиялық білім беруді түбірімен қайта құру мәселесін қоюға мәжбүр болды. 1901 жылы комиссия құрылып, жаратылыстану пәнін орта мектептің барлық класында енгізуді ұсынды. Бұл жобаны қоғамның либеральдық бөлігі мақұлдады, ал классикалық білім беруді жақтаушылар мұны құр әурешілік деп санады, өйткені бастауыш сынып оқушылары жаратылыс ғылымдарын түсінбейді деп есептеді.
Жаратылыстану саласы бойынша сарапшы ретінде натуралист Д.Н.Кайгородов шақырылды. Ол кезде Д.Н.Кайгородов табиғат туралы ғылыми – көпшілік кітаптардың авторы ретінде белгілі болатын. Бірнеше жыл бойы ол табиғаттың жылнамасын жариялап, Россияда фенологияның дамуына жол ашқан. Д.Н.Кайгородов мектепте табиғатты зерттеудің міндеті деп балаларды «табиғатты көріп, естіп, түсіне білуге және табиғатпен біртұтас байланыста екенімізді сезіндіруге үйретуден тұрады»-деп насихаттады. Алайда ол жаратылыстану баланың ақыл–ойын дамытуда маңызды роль атқарады деген көзқарасты қолдаған жоқ. Табиғат оның пікірінше «өскелең ұрпақтың рухани–адамгершілік тұрғыдан сауығуына» қызмет етуі тиіс. Сондықтан анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық мәліметтер баланың табиғатты қабылдауын бұзады деген жаңсақ пікірді қолдады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Аймағамбетова Қ. Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы: Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.

  2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу құралы. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2008.- 148 б.

  3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения естествознанию и экологическое воспитание в начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.

  4. Жұмабаев М. Таңдамалы. -Алматы: Ғылым,1992. 238 б.

  5. Алтынсарин Ы. Әңгімелер. -Алматы: Мектеп, 1980.-186 б.

  6. Жүнісова. К.Ж және т.б. Бағдарламалар. Дүниетану 1-4 сыныптарға арналған. –Алматы: РБК, 2003.-42б.

  7. Жүнісова К., Рахметова С. және т.б., ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты., Алматы: РБК,1998.-336б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет