Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет110/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

20

XI 
Та
р
ау.
П
си
хи
ка
лы
қ 
на
уқ
ас
та
р 
те
р
ап
и
яс
ы
н
ы
ң
негіздері


Шокты емдеу әдістері
203
ноотроптардың транквилизаторлык әсері бар (натрий оксибутираты, фенибут). 
Гематоэнцефалдык тоскауылдан нашар өтетін ноотроптар (аминалон), ми кан 
айналысының жедел бұзылыстары кезінде тиімді. Ноотроптардың жанама 
әсерлері аз: жеңіл козу жағдайы, ұйкы бұзылысы болуы мүмкін. Пирацетам 
асказан шырышты кабатына жергілікті-тітіркендіруші әсер етеді. Ноотроптар­
ды ересектер де және 1 жастан жоғары балалар да колдануға болады.
Ойлау үрдісі бұзылған жағдайда ми кызметіне тікелей емес, үрей, депрессия, 
мазасыздык күйлерін басу аркылы баска да психотропты заттар тиімділік 
көрсетеді (антидепрессанттар, транквилизаторлар, нейролептиктер).
Резистенттілік мзселесі.
Психотропты заттар әсеріне тұрактылык үрдістің 
ерекше катерлілігімен, наукас метаболизмінің индивидуалды ерекшеліктерімен, 
кате үйлесімдерді колдану немесе дозаны аса сактыкпен көтерумен және дұрыс 
емес ем тактикасымен байланысты болуы мүмкін. Сондыктан, резистенттілік 
түзілуін болдырмас үшін психоз жағдайын басуда нейролептиктер мен 
антидепрессанттардың ұсынылған дозаларынан төмен мөлшерінен сенімді бас 
тарту керек. Наукас жағдайын үнемі және белсенді бакылау дәрілік заттардың 
дозасын бірден өзгертуге, егер күткен нәтижеге уакытында кол жеткізілмесе, 
оларды алмастыру үшін кажет.
Психотропты перапараттардың көпшілігі ішке кабылдағанда жаксы сіңіріледі, 
резистенттілік орын алғанда уакытша бұлшык ет ішілік немесе көктамыр ішіне 
енгізуге көшкен дұрыс. Бұл кезде препараттың төменгі дозасының тиімділігі 
де аныкталуы мүмкін. Резистенттілікті аластатудың тағы бір тәсілі — дәрілік 
заттарды бірден токтату болып табылады. Н ейролептиктер мен анти- 
депрессанттардың үлкен дозасын бірден токтату аздап жайсыздык тудырады 
(жүрек айну, АҚ тербелістері, үлкен дәреттщ жиілеуі). Қы ска мерзімдік 
токтатудан кейін бұрынғы дозаны кайта тағайындау жиі тиімді әсер береді. Бұл 
әдістің бір түрі «зигзаг» әдісі болып табылады, бұл кезде препарат дозасы күрт 
өзгертіліп отырады.
Резистенттілікті аластатуда соңғы жылдарда тәжірибеге ж аңа әсер ету 
механизмі және ерекше химиялык кұрылымы бар препараттардың енгізілуі 
маңызды болды. Нейролептиктер ішінде жанама әсерлері сирек дамитын (ле- 
понекс, немесе азалептин), негативті симптоматиканы басатын (рисперидон, 
зипрекса), бір реттік колдануда ұзак әсер көрсететін (зипрекса) заттар алынды. 
Антидепрессанттар арасында серотониннің кері байланысының ингибиторла­
ры аса кызығушылык тудырып отыр (прозак, паксил, золофт), олар әсіресе, 
үшциклді антидепрессанттарға төзімділік туындағанда тиімді.
Резистенттілікті емдеуде шокты әдістерді және жалпы биологиялык әсер 
тәсілдерін колдану да тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет