30
II Тарау. Психиатриядағы негізгі даму бағыттары
зерттеулері маңызды орын алды. Бұл зерттеу нәтижелері психотропты дәрілердің
психикалық аурулар клиникасында қолданылуына жол ашып берді. О.В. Кер
биков психикалық аурулардың әр түрлі құрылымын (синдромдар деңгейінде)
математикалық модельдеуге әрекет жасады.
Кеңес психиатрлары клиникалық психиатрияның мәселелерін нозологиялық
принципке негіздеп қарастырды, олар психиатрияда жеке, бөлек аурулардың
болатынын сенімді айтты. Сонымен қатар, заманауи психиатрияда отандық
психиатрияның негізін салушы С.С. Корсаковтың ұсынған аурудың динами-
касы жөніндегі идеясы жалғасын тапты (А.В. Снежневский). Психикалық
ауруларды зерттеудегі динамикалық көзқарас психикалық аурулардың даму
үрдісінде анықталған синдромдардың кең спектрін суреттеуге мүмкіндік берді.
Осының негізінде симптоматикасының айқын бейнеленуімен синдромдардың
глоссарийі құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: