Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет206/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

^
ЕМІ ЖӘНЕ САРАПТАМАСЫ
Эпилепсия еміндегі аса маңызды принциптерге мыналар жатады. Ем, 
мүмкіндігінше, ауру үдеуінің және мида кайтымсыз органикалык өзгерістердің 
пайда болуының алдын алу үшін ерте басталуы кажет. Емді үздіксіз және ұзак 
жүргізу керек, өйткені, тырысуға қарсы дәрілік заттарды қабылдау тоқтатылғанда 
немесе тәуліктік дозасы күрт төмендетілгенде, ты рысулык дайы нды к 
жоғарылайды және пароксизмдердің жиілеуіне, ұстамалар сериясының және 
эпилептикалык күй дамуына дейінгі аскынуларға әкеп соғуы мүмкін. Ем 
кешенді, дертті үрдістің әр түрлі патогенетикалык звеноларына бағытталған 
болуы кажет. Терапия аса индивидуалды, әр түрлі симптомдарға, әр наукастағы 
ұстамалар жиілігіне, емдік препараттарды көтеруіне байланысты жүргізілуі 
керек. Әр түрлі косымша патогенді факторлардың пайда болуы мен әсерінің 
алдын алу — терапияның басты принципі болып табылады.
Эпилепсияны емдеуде әр түрлі тәсілдер колданылады, оларды кешенді 
колданған дұрыс. Олардың ішінде ең маңыздысы — дәрілік терапия, диетопе- 
рапия, психотерапия, еңбек терапиясы болып табылады. Тырысулык дайындык 
жоғарылауын ескертетін ж әне наукас өмірі мен денсаулығы үшін кауіпті 
ситуациялардың пайда болуын мүмкін емес ететін өмір жағдайын камтамасыз 
ету кажет.
Дәрілік терапия антипароксизмальды заттарды тағайындаудан тұрады. 
Көптеген эпилепсияға қарсы препаратгарды үлкен тырысулық ұстамалар кезінде 
және оның эквиваленттерінде қолданылатын және кіші ұстамалар және олардың 
эквиваленттерінде колданылатын препараттар деп ажыратуға болады.
Үлкен тырысулык ұстама емінің ең ертеден келе жатқан түрі фенобарбитал- 
мен (люминал) емдеу болып табылады. Бұл препарат жеке тағайындалады 
(тәулігіне 0,1-ден 0,3—0,4 г дейін) немесе баска препараттармен косып беруге 
болады (кофеин, бром және т.б.).


Емі жэне сараптамасы
359
Үлкен тырысулық ұстамалармен сырқат науқастарды емдеуге гексамидин 
(тәулігіне 1,5-1,75 г дейін), бензонал (тәулігіне 1 г дейін), дифенин (тәулігіне 
0,7—0,8 г дейін), финлепсин (тәулігіне 1 г дейін) препараттары кеңінен қолда- 
нылады. Сонымен қатар, әр түрлі препараттардың комбинациясын қолданады.
Э пилепсиялы қ ұстамалар эквиваленттерінің терапиясы үшін триметин 
(тәулігіне 1,2 г дейін), этосуксимид (тәулігіне 2 г дейін) және тағы басқа дәрілік 
заттар қолданылады.
Эпилепсиямен сырқат науқастардың ұзақ, үздіксіз терапиясы кезінде 
дегидратациялық терапия (әсіресе, В тобының дәрумендері), витаминотерапия 
тағайындалады. Науқастың қабылдайтын сұйықтық мөлшері тәулігіне 1,5— 
2 литрге дейін шектеледі, ас тұзын қабылдау шектеледі, ащы, өткір тағамдар 
қабылдауға тиым салынады (бұрыш, қыша және т.б.). Сүт, өсімдік диетасын 
тағайындау қажет.
Эпилепсиям ен сырқат науқастардың психотерапиясы оларды өмірге 
бейімдеуге, ауру дамуының тоқтауына және симптоматикасының регресіне 
ықпал ететін барлық жағдайды жасауға бағытталған. Эпилепсияның әрқилы 
болып келетін клиникалы қ көрінісіндегі невроз ж әне психопатия тәрізді 
бұзылыстарды ескере отырып, тұрақты рационалды психотерапия жүргізу жақсы 
нәтиже береді. Тынығу орта климаттық белдікте ұсынылады.
Эпилептикалық куйді тоқтату. Эпилепсиялық статус
дегеніміз — тырысулық 
ұстамалар бірінен соң бірі жалғасып, олардың аралығында науқас санасы 
қалпына келмей коматозды күйде қалу жағдайы. Бұл адам өмірі үшін қауіпті, 
жиі өкпе, ми ісінуі және науқас өліміне алып келетін тыныс алу, жүрек-қан 
тамыр қызметінің бұзылысы бақыланады. Сондықтан эпилепсиялық статуспен 
науқастың емі, ереже бойынша, реанимациялық бөлімшеде жүргізіледі және 
ұстамаларды тоқтатуға және ағзаның өмірлік маңызды мүшелерінің функция- 
ларын сүйемелдеуге бағытталған.
Үлкен тырысулық ұстаманы тоқтату үшін тәулігіне 30 мг дейін седуксен 
(бұлшықетке және көктамырға), 2—4 мл-ге дейін хлоралгидрат ерітіндісі (клиз­
ма түрінде) қолданылады. Бас ішілік қысымды төмендету үшін жұлындық 
пункция жасап, 20—30 мл жұлын сұйықтығы алынады. Кей жағдайда басқарылып 
отыратын наркоз қолданылады. Ми ісінуін қайтару үшін дегидратациялық ем 
жүргізіледі (лазикс, новурит, магний сульфаты).
Науқастың дерті мен жеке тұлғасының ерекшеліктерін, мамандығын еске- 
ре отырып, еңбекке орналастыру аса маңызды болып табылады. Транспортта, 
қозғалғыш механизмдермен жұмыс, жоғары ауа температурасында, суда, отта 
және өкпенің жоғары вентиляциясы бар жерлерде еңбек етуге тиым салынады.
Еңбектік, әскери сараптама ауру фактісін және оның көріністерін анықтауға 
негізделген. Үстамалардың жиілігіне, олардың сипатына және де деменцияның 
айқындылық дәрежесіне байланысты науқастар еңбекке жарамды болып та- 
нылып, ал кейде сырттан күтім мен бақылауды қажет етуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет