Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет208/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Имбецильдік
(латын тілінен 
imbecillus
— әлсіз) — олигофренияның орташа 
дәрежесі. И диотиям ен зардап ш егетін науқастармен салы стырғанда, 
имбецилдікпен сырқат науқастарда психикалық даму едәуір жоғары ж әне


362
XXVIII Тарау. Кемақылдық (олигофрениялар)
коршаған ортаға реакциясы әр түрлі және жанды болып келеді. Имбецилдер 
сөйлеу функциясын игереді, бірак олардың сөздік коры оншакты сөзбен 
шектеледі, кейде олар кы ска фазалар айтады, сөздері зат есімдерден және 
етістіктерден тұрады, аграмматикалы, тілдері мүкіс. Ойлау аса нақгы, бірак 
элементарлы біріктіру кабілеті болады. Механикалык есте сактауға шектелген 
кабілеттілік болады, бірнеше бірліктерден тұратын арифметикалык әрекеттер 
ж асай алады (қосу ж ән е алу). ¥ғы м дары өте кедей, жекелігі ж о қ — 
айналадағылардың іс-әрекетін кайталайды, еліктейді. Имбецильдікпен сыркат 
наукастар өзін-өзі күтудің элементарлы дағдыларын игерген. Кейде оларды 
карапайым еңбек процестеріне икемдендіруге болады және олар жеке опера- 
цияларды игереді. Өз бетімен өмір сүруге кабілетсіз және үнемі корғаныс пен 
күтімді кажет етеді.
Имбецилдер эмоциясы төмен дифференциаланған, бірак идиотиямен 
салыстырғанда, канык болып келеді. Аффективті кызмет аздап әркилы. Эле- 
ментарлы жағдайларда олар жиі абдырып, ұялады. Олар ренжігіш, кек сактағыш 
болып келеді, кейбірі ызакорлықпен және агрессивтілікпен ерекшеленеді.
Имбецилдердің психикалык акаулары ф изикалык ж әне неврологиялык 
бұзылыстармен бірге жүреді.
23 жастағы наукаста психикалык аурулармен тұкым куалау ауырлығы жок. 
Ата-анасыныщ дені сау. Анасыныщ жүктілігі асқынусыз өткен. Асфиксия 
жағдайында босанған. Өмірінің алғашкы күндерінен-ак дамуы жағынан артта 
қалған, 2 жасында жүрген, 7 жасында сөйлеген. Балалар инф екциясы нан 
қызылша, қызамықпен ауырған. 8 жасқа дейін түнгі энурез байқалған. Науқасты 
жазуға ж әне окуға үйреткен, бірак нәтижесіз болған. Сүйемелдеуші мектеп 
бағдарламасы бойынша да оқи алмаған. Үйінде өзін-өзі күгудің элементарлы 
тәсілдерін орындайды, ата-анасыныщ бақылауымен қарапайы м еңбек 
процестерін орындаған. 16 жасынан 1-топ мүгедегі. Осы уакытқа дейін сабыр- 
лы, болбыр, аз козғалатын болып өскен. Пубертатты кезең басынан бастап 
айқын психомоторлы козу жағдайлары бақыланған, ызалы, агрессивті күйлерге 
түсетін болған, анасына катысты оғаш эротикалы к козу күйлері болған. 
Психиатриялық ауруханаға бірнеше рет орналастырылып, аминазин, неулептил 
кабылдаған. Дегенмен, шыкканнан кейін үйінде ұзак тұрактамаған.
Соматикалык жағдайы: орта бойлы, арты қ салмақты. Терісі таза, түсі 
калыпты. Ішкі мүшелері өзгеріссіз.
Неврологиялык жағдайы: көз карашыктары бір деңгейде, жарыкка реакция­
сы сакталған, сіңірлік және периостальды рефлекстері екі жақгы күшейген, 
біртекті емес. Наукасты Ромберг позасына тұрғызу мүмкін емес.
Психикалык жағдайы: ішін алға кампайтып айрықша позада тұр, колдары 
бүгілген, колдарымен және саусақгарымен біртекті кимылдар жасайды. Тек 
карапайым инструкцияларды киындыкпен орындайды. Госпитализациялану- 
ын еш ауырсынбайды. Сабырлы, аздап бейғам. Элементарлы сұрақгарға біртекті 
жауап қайырады. Өзі жайлы ештеңе айта алмайды. Ешқандай сұраныс, шағымдар 
айгпайды, сөзі олигофазалы, ойлауы накты. Наукас элементарлы ұғымдардың 
өзін біріктіре алмайды. Оқып, жаза алмайды, онға дейін санай алады, оның 
өзінде қателеседі. Ағымдағы күнді білмейді, уақыгты бағдарлай алмайды. Күндер


Олигофрения кезіндегі психикалық бүзылыстар
363
мен айларды есіне сақтай алмайды. Қызығушылықтары аса шектелген. 
Бөлімшедегі тәртібі бірқалыпты, режимге пассивті бағынады, қорғансыз, 
қасықты дұрыс ұстай алмағандықтан медицина қызметкерлері тамақтандырады. 
Басқа науқастармен қатынаспайды, ұқыпсыз, лас, бөлектеніп жүреді. Палата- 
да өзінің кереуетін таниды. Өзінің аты-жөнін дұрыс айтады, жасын білмейді. 
Туыстарының келгендеріне немқұрайлы, тек әкелген тағамдарға қуанады. 
Бөлімше жағдайын ауырсынбайды.
Диагноз: имбецильділік дәрежесіндегі олигофрения.
Дебилдік
(латынша 
dibilis
— әлсіз, әлжуаз) — олигофренияның жеңіл дәрежесі, 
ойлау рутинділігімен (қарапайымдылығымен), абстрактылы ойлау қабілетінің 
болмауымен көрінетін интеллектуалды жеткіліксіздіктің өзіне тән сипатымен 
ерекшеленеді.
Дебилдік жағдайын анықтау қиы н, өйткені бұл дәрежеде имбецильдік 
кезіндегідей дөрекі бұзылыстар болмайды. Науқастың сөздік қоры жеткілікті, 
механикалық жадысы жақсы болған жағдайда кемақылдықты анықтау қиындай 
түседі.
Дебилдер қарапайым ұғымдарды біріктіре алады, бірақ абстрактылы 
түсініктердің жоғары деңгейіне қабілетсіз. Дебилдердің сөз қоры жеткілікті жоғары 
мөлшерде болуы мүмкін, бірақ олардың сөздері біртекті, кедей, ойлау өнімділігі 
төмен. Кейде олар қарапайым, әсіресе тұрмыстық өмірде жақсы бағытталады, 
жеке өмір сүруге қабілетті. Олар бастауыш немесе көмекші мектептерді аяқтайды, 
қарапайым қызмет түріне орналаса алады және неке құра алады.
Дебилдік дәрежесіндегі тұлғаның эмоционалды және еріктік ерекшеліктері, 
имбецильдікпен салыстырғанда, жақсырақ дамыған, олардың мінез-құлықтық 
ерекшеліктері әрқилы, дегенмен ортақ белгілері де бар — өзін-өзі ұстау, 
әуестіктерін басуға жеткіліксіз қабілет, аса сенгіштік. Сондықтан мұндай 
науқастар өзгелердің ықпалына жеңіл түседі. Дебилдердің қозғалыс сферасы 
едәуір жетілген, бірақ қозғалыстары икемсіз, сілтемелі болып келеді.
Олигофренияның басқа да формаларындағыдай дебилдерде физикалық даму 
ақаулары, неврологиялық бұзылыстар бақыланады. Олигофренияның жеңіл 
түрі — дебилдікті шекаралық ақыл кемдігінің жеңіл формаларынан ажырату 
қажет. Интеллектуалды жеткіліксіздіктің шекаралық формаларымен сырқат 
балалар тұлғалық дамудың артта қалуымен ерекшеленеді: сенгіштік, жеткіліксіз 
сын, таным қызметінің төмендеуі, эмоциялардың дифференцацяланбауы. 
Мақсатты әрекет етуі бұзылған, міндеттер құруға және орындауға қабілетсіз 
балалар ерекше топты құрайды. Оларға қозғалыстық тежеусіздену, мақсатты 
қызмет бұзылысы, зейін шашырандылығы, концентрациясының бұзылысы 
тән, олар қиялдауға бейім келеді.
Олигофренияның әр түрлі дәрежелерінің өзіне тән ерекшеліктері болғанымен, 
олардың арасында нақты шекара жоқ. Олигофренияның барлық дәрежелеріне 
даму тежелуінщ глобальдылығы ж әне неғұрлым «балғын» психикалы қ 
функциялардың жетілмеуі тән.
Соңғы жылдарда олигофренияларды динамикалық зерттеу қолданылуда. 
Әлеуметтік-еңбектік оңалту жұмыстарын жүргізу арқылы психикалық ақауды 
компенсациялау мүмкіндігі пайда болды.


364
XXVIII Тарау. Кемақылдық (олигофрениялар)
Қолайсыз факторлар әсерінен (психикалык жарақаттар, соматикалык 
инф екциялы к аурулар, ж ы ны сты к метаморфоз, қартаю, алкоголизация 
және т.б.) декомпенсация жағдайы пайда болуы мүмкін. Декомпенсацияның 
клиникалык көріністері невроз тәрізді және психопатия тәрізді бұзылыстармен, 
сонымен катар, пубертат алды және пубертатты кезеңдерде өзгерген сана фо- 
нында аффективті және козғалыстык бұзылыстармен, егде жас кезеңінде гал- 
лю цинаторлы ж әне санды ракты к ф еномендермен сипатталатын психоз 
жағдайларымен көрінеді. Психоз кұрылымы мазмұнының карапайымдылығымен 
ерекшеленеді.
Олигофрения синдромдары аса тұракты, сондыктан емдеу кезінде айтар- 
лыктай тиімді әсерге кол жеткізу мүмкін емес. Бұған карамастан, дәрігерлік- 
педагогикалык шаралар кешенін өткізу наукастардың өмірлік жағдайларға 
адаптациялануына оң ыкпал көрсетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет