Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
173
Зерттеу әдістері
Сана бұзылыстары клиникалык әдіспен және наукас жүріс-тұрысын бакылау,
оларды сұрастыру аркылы зерттеледі.
Сана
бұзылыстары, ең бірінші кезекте, жүріс-тұрыс бұзылысымен көрініс
беретіндіктен, наукастардың жағдайын бакылау зерттеудің бірінші сатысы
болып табылады.
С ананы ң есеңгіреу типі бойынш а бұзылысында наукастың үдемелі
кимылсыздык жағдайы бакыланады. Обнубиляция және есеңгіреу жағдайларында
наукас аз козғалмалы, корш аған ортаға катыссыз болады. Обнубиляция
жағдайындағы болып жаткан жайтты түсінудің киындауы абдырау мимикасы-
мен көрініс береді.
Сомнолентті жағдайда наукас ауыр ұйкы жағдайында тәрізді болады. Сопор,
кома наукастардың козғалыссыздығымен сипатталады. Делириозды наукастың
жүріс-тұрысы оның галлюцинаторлы күйзелістерін, аффективті күйін бейнелейді.
Наукас
бір нәрсеге карайлап, тыңдап, сілкіп, корғанып, шабуыл жасап,
жасырынуы мүмкін. Бет әлпетінде таңыркау, коркыныш, ашу,
шошыну ми-
микасы болады. Делирийдің ауыр формаларында («мусситирлеуші делирий»)
наукастар төсек жағдайында болады, бірдеңені карайлап, колдарымен
кармайды, былдырлайды.
Кәсіптік делирий кезінде, яғни, сахна тәрізді кәсіби
галлюцинациялар ағымы жағдайында наукастар әдеттелген немесе кәсіби
кимыл-әрекеттер жасайды. Жалпы алғанда, делирийге жүріс-тұрыстың жыл-
дам ауыспалылығы және кешкі уакытта басым айкындылык тән. Онейроидты
жағдайда наукастар ступорозды жағдайда болады немесе коршаған ортаға
таңы ркаған күйде жүреді. Бет әлпеттерінде кызығуш ылык, коркы ны ш ,
таңыркау мимикасы бакыланады, сирек жағдайда жеңіл
психомоторлы козу
бакыланады. Қарауыткан жағдайда наукастар жүріс-тұрысы әркилы болады.
Сомнабулизм туыстарын сұрастыру аркылы немесе медицина персоналдарының
бакылаулары аркылы зерттеледі. Қажет болған жағдайда туыстары мен меди
цина персоналдары дәрігерден накты нені бакылау керектігі жөнінде акпар
алулары керек.
Галлюцинаторлы-параноидты сана күңгірттенулерімен наукастар жүріс-
тұрысы үш нұскамен көрініс береді:
1) наукас әлденеге карайлайды, козғалыссыз, кейде жеке сөздер, кимылдар
бакыланады;
2) агрессивті әрекеттермен күрделі, ретті жүріс-тұрыс;
3) коркыныш-күйзелісімен, айналадағыларға шабуыл жасаумен көрінетін
айкын психомоторлы мазасыздык болуы мүмкін.
Сананың карауыткан жағдайларының ортак ерекшелігі олардың кенеттен
басталып, кенет аякталуы болып табылады.
Жүріс-тұрысты бакылау сұрау жолымен толыктырылады. Бұл
кезде мыналар
маңызды: наукаспен контакт жүргізіледі және оның сипаты кандай; науастың
өзіндік тұлғасы, орын, коршаған орта ситуациясы бойынша бағдары сакталған
ба; наукастың күйзелістері жөнінде сұрастырылады (не көреді, «дауыстар» естиді
ме). Артынан наукастың басынан өткен жағдайлары есінде сакталды ма, егер
сакталса, каншалыкты дәрежеде.