Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет196/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Инволюциялық параноид
Бұл психоз жүйеленген санды рақтық идеялар дамуымен сипатталады. 
Сандырақгык идеялар, ереже бойынша, үрейлі-жабырқаулы көңіл-күймен бірге 
жүреді. Наукастар өздері мен жакындарының сәттілігі мен денсаулығы үшін 
үрейленеді. Сандырактык идеялардың мазмұны қияли, фантастикалық сипат- 
та емес, карапайым өмірдегі нақгы оқиғаларға катысты болады. Наукастар 
көршілері немесе басқа да адамдар олар жоқта үйіне кіріп, ыдыс-аяқ, үй 
жиһаздарын бүлдіретінін, тамаққа улы зат салатынын мәлімдейді. Кейде 
наукастардың айтқандары шындыкка ұксап, айналасындағыларды шатастыра- 
ды. Бір науқас жақындарына, таныстарына өзінің көршісі ол үйде болмағанда 
кілт таңдап алып үйге кіріп, азық-түлік пен заттарын ұрлайтындығын 
әңгімелеген. Наукастың туыстары онымен бірге милицияға шағымданған. Бірак 
күндердің күнінде, наукас туыстарына көршісінің үйіне түсіп, зиян келтіру 
мақсатында кілеміне дейін бүлдіріп кеткендігі жөнінде әңгімелеген, осы 
жағдайдан кейін туыстары оның ауруға шалдыкканын түсінеді.
Сандырактык күйзелістермен катар наукастарда галлюцинаторлы көріністер 
жиі бакыланады. Галлюцинациялар есту сипатында жиі болады. Науқастар 
кабырғаның арғы жағынан шу, аяк дыбысын, өзін коркытатын, іс-әрекетін 
жазғырушы дауыстар естиді. П сихопатологиялык көріністерінің жалпы 
суреттемесіне әр түрлі ипохондриялык сезімдердің косылуы жиі кездеседі. 
Наукас денесінің әр бөлігіндегі, жиі жыныс мүшелері аумағындағы жағымсыз 
сезімдерге шағымданады. Бұл сезімдерді сандырактык сипатта талкылайды, 
оларды соңына түсушілер, кастандық жасаушылар тарапынан уландыру не­
месе баска да әсерлердің салдарымен байланыстырады.
Науқас С .Н .Н ., 56 жаста. Туыстарынан ешкім психикалык аурулармен 
зардап шекпеген. Уақытында туылған. Анасының жүктілігі ж әне босануы 
жақсы өткен, ешқандай асқынусыз. Балалық шағында калыпты өсіп, дамыған, 
дамуы жағынан кұрдастарынан арта калмаған. Мектепке 8 жасында барған.


344
ХХѴІ Тарау. Кэрілік кезеңнің психикалық аурулары
Мінезі көңілді, ашық, мейірімді, көп достары болған. Мектепте жақсы оқыған. 
Соғыс кезінде эвакуацияда болып, соғыс біткен соң, анасы мен кіші сіңілісі 
тұратын Апрелевкаға (Мәскеу обл.) көшіп барған. Бұл жерде грампластинка- 
лар заводында жұмыс жасап, жас жұмысшылар мектебінде 9 сыныпты бітірген. 
Одан кейін балабақшаға ауысқан, себебі балаларды тәрбиелеуді ұнатқан және 
балабақша үйіне жақын орналасқан. Күйеуге шыққан. 49 жасында сіңлісі мен 
күйеуіне пәтерлес көршілерінің өзіне нашар қарайтындығы жөнінде әңгімелеген. 
Дәлел ретінде үйіне кеш қайтқан күні есікті қанша соқса да, көршілері есік 
ашпағанын келтіреді. Сіңлісіне көршілері оны бұл үйден ығыстырып шығарып 
жіберіп, үйді өздері толық иемденбекші деп шағымданған. Көршісінің өзі 
жоқта бөлмеге кіріп, оның заттарын бүлдіретінін байқай бастайды. Дәлел 
ретінде шынының кетігін, төсек төсеніштеріндегі дақтарды, сөгілген жіптерді 
нұсқаған.
Науқас бірқатар уақыт өткен соң ізіне түскендер тек заттарды бүлдіріп қана 
қоймай, сонымен бірге, тамаққа улы заттар қосуға көшкенін «байқай бастаған» 
(науқас сорпа ішкенде тілінің күйгенін сезген). Көршісі оның бас жуатын су- 
ына улы зат қосып жібергенін, соның нәтижесінде шашы түсе бастағанын 
әңгімелеген.
Бірнеше рет милиция қызметкерлеріне шағымданған, бөлмесін ауыстыруды 
өтінген. Жеке бір бөлмелі үйді пәтер алып, өте қатты қуанған. Бірақ, қуанышы 
ұзаққа созылмады, себебі, астында тұратын көршілері ізіне түсіп, әлі күнге 
дейін олардың аңдулары жалғасуда деп есептейді. Осы себепке байланысты 
психиатриялық ауруханаға жатқызылған.
Түскен кездегі психикалық күйі: дәрігермен жеңіл сөйлеседі, даусы жұмсақ, 
монотонды, әңгімеде байымды, бұл ауруханада жатуы дұрыс емес деп, көршілері 
тарапынан ұйымдастырылған аңдулар жөнінде егжей-тегжейлі әңгімелейді. 
Госпитализацияны солардың ұйымдастырғанына сенімді. Таза емес істермен 
айналысатын «топ» бар деп есептейді. Ол жөнінде науқас хабардар болғандықтан, 
олар өзінен құтылғысы келеді. Көршілерінің өзін өлтіру қажет деген сөздерін 
естіген. Көрш ілерінщ дауыстарын аш ық терезеден, үй қабырғасы арқылы 
еститінін айтады. Өзін психикалық науқас деп есептемейді.
Бірінші күні бөлімшеде ешкіммен сөйлескен жоқ, уақытының көп бөлігін 
төсекте газет-журнал оқумен өткізді. Ешқандай шағым айтпайды. Бөлімшеге 
түскеннен бері ешқандай жағымсыз әсер сезінбеді, дауыстар естімеді. Үйқысы, 
тәбеті жақсы. Бөлімшеде жүргеніне қымсынбайды, дәріні медперсоналдың 
қадағалауымен қабылдайды, мүмкіндігінше лақтырып тастауға ұмтылады.
Инволюциялық параноидтың болжамы инволюциялық меланхолия сияқты 
аса жайлы емес. Науқаста аффективті бұзылыстар, сандырақтық күйзелістер 
ұзақ уақыт сақталады. Бұл психопатологиялық көріністердің инерттілігі мен 
тұрақтылығына бас миы қан тамырларының атеросклеротикалық өзгерістері 
ықпал етеді. Уақыт өте келе науқастардағы депрессивті-үрейлі және сандырақтық 
көріністер біртекті сипат алады. Науқастар өздерінің шағымдарын, үрейлерін 
ж әне санды рақты қ күйзелістерін біртекті сөздермен баяндайды. Дертті 
көріністердің айтарлықтай әлсіреуі және өзінің алдағы болған күйзелістеріне


Жалпы клиникалық ерекшеліктері
345
деген сын көзқарас калыптасуы да мүмкін. Бірак дерттен толык айығу бай- 
калмайды.
Науқастарда өздеріне тән тұлғалык өзгерістер байкалады: кызығушылыктар 
шеңбері тарылады, тұлғалык көріністер монотондылығы, жоғары үрейшілдік 
пен күмәншілдік.
Кәрілік алды кезең психоздарының клиникалык көрінісінің ерекшеліктеріне 
байланысты МДП-пен, шизофрениямен, кан тамырлык және баска да психоз- 
дармен диферренциалды диагностика жүргізу кажеттілігі пайда болады. Инво- 
люционды меланхолияның үрейлі күйдің бакылануымен, жедел кезеңде және 
одан кейінгі кезеңде де шизофрениялык тип бойынша тұлға өзгерістерінің 
болмауымен шизофрения ауруының кеш басталуы жағдайынан, МДП кезіндегі 
депрессиядан айырмашылығы бар. Органикалык психоздардан және соның 
ішінде кан тамырлык генезді психоздардан инволюционды меланхолияның 
инициалды көріністерінде бакытсыздыкты күту үрейі, ипохондриялылык 
бакыланады, клиникалык сипатында бұзылған сана эпизодтары, психоор- 
ганикалык тип бойынша тұлғаның айкын өзгерістерінің, бас миының органикалык 
ауруын нұсқайтын неврологиялык мәліметтердің болмауымен ерекшеленеді. 
Егде жастағы адамдарда дамуы мүмкін баска психикалык аурулардағы парано- 
идты синдромнан инволюционды параноидты ажырату үшін жоғарыда аталған 
диференциалды диагностикалык критерийлерді колдануға болады. Сонымен 
қатар, инволюционды параноидқа «қарапайым өмірдегі оқиғаларды» бейнелейтін 
сандырактык идеялар тән. Бұл аурулар диагностикасында оның егде жастағы 
адамдарда алғаш рет пайда болу фактісінің үлкен мәні бар.
Кәрілік жас кезеңіндегі психикалык бұзылыстар клиникасында кан тамырлык 
бұзылыстардың үлес салмағы басым.
Сондықган, жиі кәрілік алды ж әне кәрілік жас кезеңінің психотикалык 
бұзылыстарын кан тамырлык психоздардан ажырату кажет болады. Бірінші 
кезекге, қан тамырлык патологиямен науқастардағы психопотологиялық күйлер 
ағымының ерекшеліктеріне назар аудару кажет. Бас миының кан тамырлык 
патологиясы бар наукастардағы психопатологиялык бұзылыстардың динами- 
касында психотикалык бұзылыстар мен кан тамырлык патология динамикасы 
арасында белгілі бір байланыстылықгы байқауға болады. Мұндай науқастардың 
психикалы к күйінде көрсетілген психотикалы к синдромдардан баска 
психоорганикалык тип бойынша тұлға өзгерістері анықгалады. Сонымен бірге, 
тиянакты жиналған анамнез, әсіресе кан тамырлык патологияны нұскайтын 
мәліметтер болған жағдайда (мысалы, гипертониялык ауру) дұрыс диагноз кою 
жеңілдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет