Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Патологиялық реакциялардын



Pdf көрінісі
бет34/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Патологиялық реакциялардын
қалыптасуы бірнеше себептермен ерекшеленеді (Личко А.Е., 1983): олар сандық


72
V Тарау. Психопрофилактика
жағынан күшейген және оларды тудырған жағдайдың маңыздылығына сәйкес 
емес; генерализациялануға бейім, осы ситуацияны ң ш егінен шығып, 
патологиялық реакция туындатқан микротоп шекарасынан асып, таралуға 
бейім; әр түрлі ситуацияларға, жауаптың стереотипіне айналуға бейім; әлеуметтік 
бейімділікті жоюға әкеп соқтырады.
Сипатталған реакциялар
нәтижесінде жүріс-тұрыс патологиясы туады. Оның 
негізгі варианты 
делинквентті
жүріс-тұрыс болып табылады, ол — заң 
бұзушылықтар, жұмысқа бармау, сабақтарды жіберу, ұсақ бұзақылық, ұсақ 
ұрлық, қоғам тәртібін бұзу.
Делинквенттіліктің қарапайым себебі тәрбиенің жетіспеуі, бақылаудың 
жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл жағдайға толық емес немесе ажырасқан 
жанұядағы тәрбие және соғыс кезіндегі жетімдік алып келеді. Мінез аномали- 
ясы бар адамдардың асоциалды орта зияндылығына ұшырау мүмкіндігі жоғары. 
Делинквенттілікке жақын жүріс-тұрыстың патологиялық нұсқалары үйден қашу 
және жасөспірімдердің қаңғыбастығы болып табылады. Осы сияқты әрекеттер 
м отивтерінің арасында сауы қ-сайранға талпыну, жазалау қорқы ны ш ы , 
үлкендердің қатаң талабына немесе көңіл аудармауына қарсы наразылық 
көрсету. Кей жағдайда үйден қашулар жиі құб^ілысқа айналады. 1972 ж. АҚШ-та 
1 млн үйден қашу тіркелген.
Қоғамда үрей тудыратын жүріс-тұрыс нұсқаларына жасөспірімдердің 
іш імдікке үйір болуы ж әне есірткі қолдануы жатады. Кеңес авторлары 
мәліметтері бойынша, мектепте оқитын тәртібі нашар жасөспірімдердің 14 пай- 
ызы спирттік ішімдік қолданады, м илицияда балалар бөлмесінде есепте 
тұрғандардың 13 пайызында алкоголизм диагностикаланған. Алкоголизмге 
бейімдейтін осы факторлардан басқа отбасылық жайсыз қатынастар және ата- 
ананың ішімдік қолдануы, дұрыс тәрбие бермеу, сонымен қатар, мінез-құлық 
патологиясын (психопатия) айтуға болады.
Тұрғындардың көпшілігі есірткі заттарын қолданаты н шет елдерде 
жасөспірімдердегі алкоголизм мәселесі екінші орынға қойылады. Осы ғасырдың 
50-ші жылдарында Жапонияда басталып және АҚШ, Англия, Канада, Швеция, 
Испания, Оңтүстік Америка елдері, Нидерланды, ФРГ, Австрия, Финляндия 
және т.б. басқа елдерде таралған наркотиктер эпидемия сипатын алды. Амфе­
тамин, барбитураттар, марихуанна, героин, ЛСД, тұрмыстық химия заттары 
(желім, тіс пастасы, аяқ киім кремі, еріткіштер) тәрізді допингтер кең таралған. 
Біздің елде жасөспірімдер нашақорлығына өте тың көзбен қарайды. Нашақорлық 
жағдайлары психопатия тәртібі бұзылған жасөспірімдер арасында жиі диагно- 
стикаланады, басқаша айтқанда эмоционалды-ерікті сферадағы бұзылыс сал- 
дарынан мінез патологиясы және оның акцентуациясы нашақорлыққа әкеліп 
соқтырады.
Жасөспірімдердің есірткі заттарын қолдануы топтасу реакциясымен байла­
нысты. Ересектер патологиясымен салыстырғанда, жасөспірімдерге басынан- 
ақ полинаркомания тән: олар модаға және жалпы үрдіске еліктеп, ойланбастан 
барлық заттарды қатарынан пайдаланады, емделуге ынтасы болмайды.
«Суицидалды тәртіп»
деп өзіне-өзі қол жұмсауға талпыну, әрекет ету, өзін 
өлтіру жөніндегі ойлармен жүретін жағдайды айтамыз. Бұл әрекет формалары


Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
73
14 жасқа дейінгілерге тән емес, 15-16 жаста суицидалды қауіп жылдам өседі 
және 16-19 жаста өзінің шарықтау шегіне жетеді. Өзіне-өзі қол салу, әдетте, 
психожарақаттаушы жағдайға реакция болып саналады және бұл жиі мінез- 
құлық құрылымы бұзылған жасөспірімдерде кездеседі.
Жүріс-тұрыс формаларына ж әне патологиялық реакцияларға педагогтар 
мен психопатологтардың зейінін аударту керек, себебі олар жасөспірім дамып 
тәрбиеленетін жағдайлардың сәтсіз жақтарын, тәрбиесіндегі жіберіліп жатқан 
қателіктерді көрсетіп береді. М едико-педагогикалы қ коррекция мұндай 
жағдайларда тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психоте­
рапия және еңбекке орналастырумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет