Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет42/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Ауру анамнезінде
аурудың пайда болуына себеп болған жағдайларды, 
аурудың алғашқы белгілерін, олардың өткірлік дәрежесін, динамикасын, 
ө зін -ө зі емдеуге ты ры су ж олы нда қолдан ы лған өмір салты н өзгерту 
талпыны старыны ң, емдік шаралардың әсерін көрсету керек. Науқастың 
психиатрға көріне бастаған мезетін, емнің қорытындысын көрсету керек. 
Егер науқасқа бұған дейін стационарлық ем қолданылған болса, онда оның 
қандай емдік мекемеде, қанш а уақыт, қандай препараттармен емделгенін, 
қандай жағдайда шығарылғанын нақтылау керек; сүйемелдеуші ем қабылдады 
ма, қандай препараттармен, қандай мөлшерде қабылдағанын анықтау қажет. 
П сихикалық дертке байланысты өндірісте ж әне жанұяда науқас статусы 
өзгерді ме, мүгедектік берілді ме, білу қажет. Психиатриялық стационарға 
қайталап түскен аурудың әрбір госпитализациясы туралы мәліметтер алу 
қажет.
Бацылау әдісі.
Науқасты сұрай отырып, дәрігер оның сұрақтарға реакция- 
сына, жүріс-тұрысына, м им икасы на көңіл аударады. Бұл тексерудің 
маңыздылығы ауруды сұрастыру қиындаған жағдайда, яғни, ступор, сананың 
өзгерген жағдайында, естің дөрекі бұзылыстарында, негативизімде ж әне 
диссимуляциялық жағдайларда артады. Сұраудың және бақылаудың нәтижесінде 
дәрігер аурудың психикалық жағдайын суреттеп көрсетеді.
Психикалық жағдай.
Ауру тарихында психикалық жағдайды белгілі бір рет- 
пен жазу керек. Суреттеу схема бойынша сұраққа жауап ретінде болмауы тиіс, 
ол науқастың және орын алған психикалық бұзылыстардың күрделі, жоспарлы 
сипаттамасы болуы тиіс. Психикалық статусқа дәрігердің жеке ойын көрсететін 
сөз тіркесін және терминдерді жазуға болмайды, мысалы, «Науқаста жабысқақ 
ойлар бар», «Науқастың галлюцинациясы бар» т.б. Бұл құбылыстардың бәрі 
нақты суреттелуі тиіс.
Психикалық статуста науқаспен контактінің бар-жоғы бекітіледі. Аурумен 
байланыс толық немесе формальды өтуі мүмкін: «сұрады — айттым, сұрамады — 
айтпадым» деген тәрізді. Байланыс толық емес болуы мүмкін: науқас өзінің 
сандырақтық немесе өзге күйзелістеріне қатысты емес тақырыптарда ашық 
әңгімелесуі мүмкін. Ступор, негативизм, диссимуляция, науқастың дәрігерге 
деген сандырақтық көзқарасында, императивті галлюцинациялар кезінде кон­
такт қиынға түседі немесе мүмкін болмайды.
Одан әрі статуста аурудың уақытқа, орынға, жеке басына байланысты 
бағдары белгіленеді. Ес пен интеллект бұзылыстарында аурудың қоршаған 
ортаны, уақытты бағдарлауы бұзылады. Мысалы, науқас ауруханада екенін 
біледі, бірақ қай ауруханада екенін білмейді, жылды біледі, қандай ай, күн 
екенін білмейді. Науқастың сандырақ әсерінен бағдары бұзылуы мүмкін: 
өзін ауруханада емес түрмеде жатырмын деп, дәрігерді тергеуші деп, жазған 
ауру тарихы н тергеу қағазы деп ойлайды . Кейбір ауруларда екіж ақты


92
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
бағдарлау болады: бұл кезде ауру өзін бір уақытта ауруханада да, түрмеде де 
жатырмын, кейбір науқастарды емдейді, кейбіреулері тергеуде жатыр деп 
есептейді.
Бағдарлаудың бұзылуы сана бұзылыстарын анықтаудың критерийлерінің 
бірі болып табылады. Делирий уақыт пен кеңістікті бағдарлау бұзылысымен 
жүреді, аменциядан айырмашылығы, бұл кезде өзіндік жеке тұлғасын бағдарлау 
бұзылысы болмайды.
Сонан соң қабылдау бұзылыстарын суреттейді: иллюзия, галлюцинация, 
психосенсорлық бұзылыстар т.б. Патологияның бұл түрі туралы мәліметтерді 
ауруды арнайы сұрау арқылы біледі: дауыстар естиді ме, олар қайдан естіледі, 
олар көп пе, оларды кімдер айтады ж ән е т.б. Бақылау әдісі арқылы 
галлюцинациялардың объективті белгілері анықталады (олардың мазмұнына 
байланысты мимика, поза, жүріс-тұрыс және т.б. өзгереді).
Осылайш а нақты , түпкілікті түрде ойлау сипатталады: оны ң темпін, 
ассоциациялық қызметін, логикалық үрдістің бұзылуы — жабысқақтықтар, 
аса бағалы идеялар, сандырақ. Ассоциациялық үрдістердің бұзылуы кезінде 
науқас сөзінің үлгісін немесе оның жазбасының үзіндісін мысалға алуға бо- 
лады.
Одан әрі ес пен интеллектіні зерттеу мәліметтері келтіріледі. Ес жөніндегі 
мәліметті анамнез жинау кезінде аурудың сұрақтарға жауабынан білуге болады. 
Аурудың есі бұзылғанда анамнездік мәліметтерді науқас ретімен, толық жеткізе 
алмайды, соңғы уақыт кезеңінде болған, ағымдағы оқиғалар ұмытылады. Ауруға 
есте жеңіл сақталатын ақпаратты ұсынуға болады, оқыған кітабының, көрген 
кинофильмінің мазмұнын айтып беру сұралады. Аурудың білім қоры, оның 
қоғамда алатын орнына сәйкестігі анықталады. Науқастың ой түйіндеу, пікірлесу 
қабілетін анықтау үшін оған арифметикалық қызметті қажет ететін қарапайым 
есептеу операцияларын, сурет бойынша әңгімелеу, мақалдарды түсіндіріп 
беру т.б. ұсынылады.
Эмоциялар толық суреттеледі: көңіл-күй, реакциялар және т.б. эмоциялық 
көріністер. Науқас эм оциясы ны ң көлемі, тұрақтылығы, басым сипаты, 
ситуацияға ж әне науқастың ф изикалы қ күйіне ж әне жалпы психикалық 
мазмұнға сәйкестігі көрсетіледі. Осылайша, эйф ория кезінде көңіл-күй 
әдеттегідей көтеріңкі емес, адекватсыз түрде көтеріледі, мұндай жағдайлар өлім 
алдындағы кахексиялық ауруларда, өкпе-жүрек жетіспеушілігі ауруларында, 
трансмуральды миокард инфарктында, алкоголизмнің үшінші сатысында 
және т.б. жағдайларда кездеседі. Депрессивті немесе маниакальды жағдайларда, 
дисфория, апатия, үрей, қорқыныш кезінде олардың белгілеріне көңіл аудару 
керек.
Ерікті-қозғалыстық бұзылыстар науқастың активті және пассивті назарына, 
әуестіктеріне, тілектеріне, аурудың әрекеті мен жүріс-тұрысына әсерін тигізеді. 
Тексеру кезіндегі науқастың мимикасын, пантомимикасын, сыртқы көрінісін 
және бөлімшедегі жүріс-тұрысын суреттеу қажет.
Психикалық статустың аяғында науқастың өз жағдайына сыни көзқарасын 
және болашағына болжамын атап өту керек.


Клиникалық әдіс
93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет