Психикалық аурулар патогенезі
85
алмасудағы өзгерістер — осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда ис
терия, маниакальды-депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне
себеп болады. Ал алкогольді психоз, мерездік психоз, жарақаттар және цере-
бральды атеросклероз ерлер арасында көбірек кездеседі.
Жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар. Орга-
низмге адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде күрт өзгерістер
(пубертатты криз, климакс) невроз, реактивті жағдайлар, психопатиялар де-
компенсациясы, шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз ауруларынанегіз
болады. Қарттық ж әне пресенильді психоздар кезінде жастық факторлардың
рөлі маңыздырақ.
Өндірістік фактор психикалық бұзылыс себебі түрінде (кәсіби аурулар
кезінде) кейде оған бейімдейтін жағдай рөлін атқарады. Мысалы, өнеркәсіп
жағдайындағы үнемі шу, вибрация, эмоционалды жүктеме қантамырлық ауру
ды ауырлатып, психопатологиялық симптоматиканың дамуына ықпал ете
алады. Кезеңдік ағымдағы эндогенді психоздар үшін
маусымдық фактор,
ал
метеотропты фактор
қан тамырлық патологиясы немесе БМ Ж -нан кейінгі
резидуалды құбылыстар кездесетін адамдар үшін маңызды. Егер нақты себеп
болмаса, тек ауруға бейімдейтін жағдайлар психикалық ауру тудыруға қабілетті
емес. Мысалы, барлық бейімдеуші жағдай болғанымен, ағзада солғын спиро
хета болмаса, ми мерезі немесе үдемелі салдану туындамайды. Елде малярия
тәрізді қауіпті инфекциялар жойылғандықтан, қазіргі кезде осы аурумен бай-
ланысты психоздар да кездеспейді.
Осылайша, аурудың себептері де, оларға бейімдейтін жағдайлар да экзогенді
де, эндогенді де бола алады. Тәжірибеде нақты аурудың себебі мен бейімділік
жағдайын ажырату қиын, бұл кейбір ауруларды полиэтиологиялы деуге негіз
болды. Білім жетіспеушілігінен құбылысты қарапайым түсіндіруге тырысамыз.
Өмірде өзара қатынас және себеп-салдар қатынасы әлдеқайда күрделі. Осын-
дай өте күрделі мәселелерге психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі
қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: