88
VI Тарау. Психикалық аурулар жѳніндегі жалпы мәліметтер
аурулары, психопатологиялық
өнімнің ауырлауымен ғана емес, психикалық
ақаудың тереңдеуімен, интеллектуалды, эмоциялық және еріктік функциялардың
жоғалуымен жүретін маскүнемдік, нашақорлық, эпилепсия, шизофрения жа-
тады. Қайсы бір нозологиялық формаға тәнділік патологиялық үрдістің
прогредиенттілігін толығынан ашпайды. Бір ауру шеңберінде прогредиенттілік
дәрежесі әр түрлі формалар мен жеке жағдайлар кездеседі.
Осылайша, аз
прогредиенттіге рекуррентті шизофрения, баяу ағымды (көбіне невроз тәрізді)
шизофренияны, ал дөрекі прогредиенттіге қатерлі жасөспірімдік формасын
жатқызамыз. Бір ауру ағымының әр сатысында прогредиенттілік дәрежесі
өзгеріп отырады.
Ауру ағымы үздіксіз немесе ұстама тәрізді өтеді. Ауру үздіксіз ағымда өткенде
психопатологиялық симптоматика өрш іп, әлсіреп тұрады,
бірақ дертті
бұзылыстар толық жоғалмайды. Үстама тәрізді ағымда ауру белгілері әртүрлі
айқынды лы қ пен ұзақтықтағы аш ы қ аралықтармен үзіліп тұрады. Аш ық
аралықтар кейде толық саулық жағдайына ұқсас болады. Мұндай аралықтарды
интермиссия (сауығу) деп атасақ, ал ауру ағымын интермиссиялы немесе цир-
кулярлы деп атаймыз.
Мұндай ағымда кезеңдік шизофрения және маниакальды-депрессивті пси
хоз өтеді. Интермиссия кейде жылдарға созылады,
жылына бір-екі ұстама
болып, науқастың қалған өмірінің барлығы интермиссия болуы мүмкін.
Психоздың циркулярлы дамуы кезіндегі ұстамаларды фаза деп атайды. Үстама
тәрізді ағымның ремиттирлеуші ағымы түрінде дертті жағдай толық жоғалмайды,
ұстама аралық кезеңдерде ремиссияда психопатологиялық өнімнің «ұшқындары»
қалады; сонымен қатар, әр ұстамадан кейін күшейіп тұратын дефицитарлы
симптоматика бақыланады.
Жедел экзогенді психоз (аққызба) ағымына қарай транзиторлы болып та
былады, яғни, жеке психозды эпизодпен көрінетін өткінші сипатта болады.
Психоздың нәтижесі толық немесе толық емес айығу бола алады.Толық
емес айығу психикалық кемшілік дамығанын білдіреді, психикалық қызметтің
аса зорығуымен (тұрақты астенизация), психопатизациямен, энергетикалық
потенциалдың төмендеуімен көрінеді, ол өз кезегінде әлеуметтік бейімделуді
бұзады. Белсенді патологиялық үрдістің басылуымен прогредиентті ағымдағы
аурулар
органикалық, эпилепсиялық және ш изофрениялық ақыл кемдігіне
әкеліп соқтырады. Психикалық ауру нәтижесіндегі өлім — өте сирек кездесетін
құбылыс (АҚШ, Англия, Франция және т.б.). Психикалық аурулар нәтижесіндегі
өлім басқа себептер нәтижесіндегі өлімдер ішінде 0,03 пайыздан 0,05 пайызға
дейін орын алады. Күрт қозу және сана күңгірттенуімен жүретін ақ қызба және
басқа жедел экзогенді психоз нәтижесі өлімге соқтыруы мүмкін (өлімге алып
келетін кататония); гипертоксикалы қ ш изоф рениям ен, эпилеп сиялы қ
статустағы науқас, үдемелі сал ауруындағы маразм жағдайындағы науқас, Пик
немесе Альцгеймер ауруындағы ақыл кемдігі жағдайындағы аурулар өлім
жағдайына ұшырауы мүмкін. Ж иі психозбен
зардап шегетіндер жалпы
соматикалық және инфекциялық аурулардан өледі, қоғамдық қауіпті әрекеттер
жасау нәтижесінде мертігеді.