Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет43/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Соматикалық жағдай.
Соматикалық клиникадағы сияқты науқас толық 
тексеріледі. Психоз жағдайындағы ауруды қарау кезінде денесінде суицидаль- 
ды әрекет іздері қалуы мүмкін. Осылардың барлығы толық тексеріліп, ауру 
тарихына тіркелуі керек. Эпилепсиямен сырқат науқастар ұстама кезінде 
жарақаттанып, сүйегі сынып, күйіп қалуы мүмкін, бұлардың бәрі қарау кезінде 
байқалады. Тілде, ұрттың кілегей қабатында тіс іздері т.б. байқалады. 
Маниакальды-депрессивті психоз ұстамасын диагностикалауда симпатико- 
тоникалық соматовегетативті өзгерісті табу көмектеседі: салмақ жоғалту, іш 
қату, артериялық қан қысымының жоғарылауы, тамыр соғысының жиілеуі
дене қызуының жоғарылауы және т.б. Истериялық бұзылыстар соматикалық 
аурулардың көптеген белгілерін симуляциялайды: ауру сезімі, құсу, кекіру, 
метеоризм, дене қызуының көтерілуі және т.с.с.
Соматикалық өзгерістер басқа да психикалық аурулармен бірге жүреді: 
ш изофрения, инволюциялық психоз, мерездік психоз, алкогольдік психоз. 
Осылайша, шизофрения кезінде жиі ауытқулар немесе физикалық даму артта 
қалу белгілері бақыланады. Гипертоксикалық вариантында ағза сусыздануы, 
капиллярлардың жарылуы орын алады, дене температурасы 40—41 °С дейін 
жетеді. Сандырақ күйіндегі науқастар тамақтанудан бас тартады немесе 
физиологиялық дефекация, зәр шығаруды тежейді. Бала көтере алатын жастағы 
әйелдерде психоз жағдайында менструация тоқтайды.
П сихикалық аурулар кезінде гормональдық фон өзгерісі жиі кездесетін 
жайт. Сонымен қатар, эндокринді, соматикалық, инфекциялық аурулар психо- 
патологиялық симптоматика құбылысын тудыра алады, ол сипаты, жеделдігі, 
ағымы, ауырлығы бойынша соматикалық өзгерістерге сәйкес келеді, бұл зерт­
теу үрдісінде анықталуы тиіс. Ең маңызды орынды трофикалық өзгерістер 
алады. Үдемелі салданумен, сенильді психоз, кататониялық ступормен сырқат 
науқастарда тері тургоры төмендейді, пигментті дақтар пайда бола бастайды
естің төмендеуі орын алады, шаштары жылдам түсе бастайды, физикалық 
зорығу бақыланады. Ал нейролюэсте тіндер эластикалылығы төмендеп, 
сүйектер сынғыштығы артып, ішкі мүшелер капсулаларының жарылулары 
болады.
Неврологиялық статус.
Неврологиялық клиникадағы сияқты тексеріледі. 
Психикалық бұзылыстар бас миының күрделі бұзылыстарының нәтижесінде 
болатындықтан, психикалық науқастарда пайда болған неврологиялық белгілер 
сирек кездесетін жағдай емес. Бұндай жағдай көбіне органикалық психоздарда 
кездеседі: жарақаттық, инфекциялық, қан тамырлық, интоксикацияға, бас миы 
ісігіне байланысты.
Бас сүйегінің 12 жұп жүйкесі, сіңірлік периостальды және құрсақ рефлекстері, 
сезімталдық, координациялық сынамаларды орындау, вегетативті жүйке 
жүйесінің жағдайы тексеріледі.
Бас сүйек жүйкелері патологиялары арасында көздік симптом негізгі орын 
алады. Көбіне нейромерезге (ми мерезі, жұлын семуі, үдемелі сал) Арджил— 
Робертсон симптомы тән, бұл конвергенция және акомадация сақталуы кезінде 
көз қарашықтарының жарыққа реакциясының жоғалуымен көрініс береді. 
Арджил-Робертсон синдромы толық болғанда анизокория (қарашықтар әр түрлі


94
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
көлемді), қарашықтар деформациясы бақыланады, пилокорпин мен атропин 
әсеріне реакция төмен болады.
Кәрілік ақыл кемдігінде қарашықтар тарылған, олардың реактивтілігі төмен 
болса, қорқыныш, депрессия, атропиндік психоз жағдайларында қарашықтар 
кеңейген күйде болады. Энцефалитке птоз (жоғарғы қабақтың түсуі), стробизм 
(қылилық), диплопия (көз алдында екілену), конвергенция парезі, сирек көз 
жыпылықтату тән.
Дөрекі органикалық психоздарда, инсульттен кейінгі жағдайларда, кейде 
гемианопсия және скотома (көру алаңының бір бөлігінің түсіп қалуы) кездеседі. 
Бас айналуына шағыммен жүретін вестибулярлы бұзылыстар, әдетте, психо- 
сенсорлы сипаттағы қабылдау бұзылыстарымен бірге жүреді.
Психиатриялық тәжірибеде сіңірлік рефлекстердің өзгерістері көп кездесетін 
құбылыс. Олар О Ж Ж -ны ң органикалық бұзылысында, сонымен қатар
функциялық патология, невроздар кезінде де жоғарылайды. Корсаков психо- 
зында, психопатологиялық диабетте, вибрациялық ауруларда полиневрит пай­
да болады және сіңірлік рефлекстер жойылады. Психикалық ауру дамуында 
Б абинский, Оппенгейм, Бехтеров, Россолимо ж әне т.б. патологиялы қ 
рефлекстердің пайда болуы церебральды-органикалық өзгерістердің күшейгенін 
білдіреді. Осы патологиялық рефлекстер сопорозды және коматозды жағдайдағы 
науқастарда анықталады. Аз уақыт ішінде оларда эпилепсиялық ұстама электро- 
шоктан кейін пайда болады.
Дөрекі органикалық психоздармен сырқат науқастарда психикалық маразм 
сатысында қармау, сору рефлекстері пайда болып, құрсақ ішілік жату позасы 
байқалады. Бұл симптоматика кататониялық ступор немесе естің сопорозды 
бұзылыстарында орын алады және қайтымды, жағдайдың жақсаруына қарай 
жоғалады.
Сезімталдылықтың бұзылуы — жүйке жүйесінің органикалық патология- 
сы немесе истерия белгісі болып табылады. Истерия да жүйеленбеген түрде 
көрінеді, тітіркену немесе сезімталды қты ң жоғалу зонасы иннервация 
заңдылықтарына сәйкес емес ж әне өзін-өзі иландыру нәтижесі болып табы­
лады. Осындай функционалды сипаттағы истериялық салдану, көру, есту, 
сөйлеу, жүру бұзылысы, гиперкинездік бұзылыстар анық көрінеді. Барлық 
психикалық ауруларда вегетативті және вазомоторлы бұзылыстар қатар жүреді 
ж әне олардың инициальды, жедел кезеңдерінде айқын көрінеді. Вегетативті 
ауытқулардың симпатикотоникалық бағытталуы маниакальды-депрессивті 
психоз ұстамасының бастапқы кезеңінде, алкогольді делирийде, кардиогенді, 
ота жасатудан кейінгі, атропиндік психоздарда орын алады, парасимпа- 
тикотоникалық — тұмауға байланысты психоздарда, шығу тегі әрқилы амен- 
цияда бақыланады. Үрдіске гипоталамустық құрылымдар қосылған кездегі 
невроздар, эндокринопатиялар, мидың органикалық аурулары вегетативті 
пароксизмдермен бірге жүруі мүмкін, ол симпатикотоникалық және парасим- 
патикотоникалық бағытта өтеді.
Экстрапирамидті гипо және гиперкинетикалық бұзылыстар (пароксизм, 
қалтырау, тарсионды спазм, гиперкинездер) психофармокологиялық тера- 
пияның жанама әсері ретінде көрініс береді.


Экспериментальды-психологиялық зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет