98
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
дайындықты қажет ететін тестілер қолданылады. Осылайша, патофизио-
логиялық әдістер көмегімен мидың жергілікті патологиясын, қантамырлық
аурулар кезіндегі сөйлеу, праксис ж әне қабылдау бұзылысын зерттейді.
Адамның ақыл-ойлық жасын анықтайтын (Бине әдісі) және жалпы интеллект
деңгейін аны қтайты н (Векслер әдісі) ж ән е басқа да қабілеттердің даму
дәрежесін анықтайтын әдістер бар. Мұндай ақпарат әсіресе, балалар мен
жасөспірімдердің психикалық дамуының барысы мен жағдайын қадағалау
үшін аса қажет.
Соңғы уақытта шекаралық психиатрияда адамның тұлғалық ерекшеліктерін
зерттеу, оның әлеуметтік ортаға бейімделуін зерттеу ж әне психологиялық
қорғанудың механизмін зерттеу кеңінен таралған. Бұндай әдістерге тұлғаны
жан-жақты зерттеу (ТЖЗ), Роршах әдісі және басқалар жатады. Тұлғаны жан-
жақты зерттеудің Роршах әдісінен айырмаш алығы — тұлғаны бағалауда
математикалық талдау жүргізіп, табылған ауытқуларды бұрыннан белгілі
стандарттармен салыстырамыз. Тұлғаны жан-жақты зерттеу әдісімен тұлғаның
көзден ж асы ры н акц ен туац и ясы н , п си хи кал ы қ дерт н әти ж есіндегі
патологиялық өзгерістерін және аномалиясын анықтауға, адамның психикалық
бейімделуін зерттеуге болады. Бұл әдіс біздің елімізде көп жылдар бойы кеңінен
қолданылуда, ол миннесоттық анкеталық тұлғалық тестінің орысша нұсқасы
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: