Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет74/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЭМОЦИЯ БҰЗЫ ЛЫ СТАРЫ
Эмоция
— (латын тілінен алғанда emotio — толқытамын) — адамның 
қоршаған орта құбылыстарына ж әне де өзіне деген көзқарасын білдіретін 
психикалық үрдіс.
Психикалық қызметтер құрылысын қарастырғанда, адамдар тек түйсініп, 
ойлап, еске түсіріп, әрекет етіп, сезініп қоймай, субъективті күй — ләззат алу, 
қуану, масаттану, қорқу, ашыну, ашу-ыза, таң қалу, қайғыру, тәубаға келу
өкіну күйлерін кешетіні анықталды. Бұл күйзеліс кез-келген психикалық актіні 
қанықтыра түседі, оған айқындылық береді.
Эмоцияның басты қызметі кез келген психикалық қызмет тәрізді шындықты 
бейнелеу болып табылады. Э моциялы қ қызмет нәтижесі тітіркендіргіштің 
орналасуын, қасиетін, механизмін және басқа параметрлерін анықтап жатпай- 
ақ, оның ағзаға зиян немесе пайдасын көрсете отырып, ағзаның оларға 
субьективті жылдам жауабын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, эмоция — 
бұл кезде адам субьективті формада өзінің қоршаған ортаға қатынасы ғана емес, 
қоршаған ортаның өзіне қатынасы күйзеліспен жүретін психикалық үрдіс. 
Эмоцияның оң және теріс түрін бастан өткізе отырып, біз қоршаған ортаның 
мәнін бейнелейміз (қолайлы ма, қолайсыз ба).
Эмоциялар — сыртқы тітіркендіргіштерді әрекет мотивтеріне айналдыратын 
ерекше механизм.
Эмоцияларға байланысты бұзылған тепе-тендік, гомеостазды қалыптастыруға 
бағытталған қимылдық және жүріс—тұрыстық реакциялар қосылады. Осылай­
ша, эмоциялар — өзін-өзі реттеу рефлексінің пайда болу көзінде тұрған үрдіс, 
ол ағзаның қалыпты функциясын қамтамасыз етеді және ағзаның қиын, төтенше 
жағдайлармен күресуіне жағдай жасайды. Бұл эмоцияға әмбебап сипат береді 
және осы эмоциялар адам тұлғасының ядросына жақын екенін және тұлғаны 
тұтастай бейнелейтінін көрсетеді.
Өзіндік реттелу (саморегуляция) кері байланыс принципі бойынша іске 
асады. Егер ағзаның қандай да бір қажеттілігі қанағаттандырылған болса, онда 
оң эмоция пайда болады. М едицинада
реконвалесцент эйфориясы
деген түсінік 
қолданылады. Бұл — жедел дертті жағдайды басынан өткерген, қызба 
ұстамасынан шығу жағдайындағы адамда болатын көтеріңкі көңіл-күй. Ауыр 
ауру сезімін бірден басу да эйфория туғызады. Оң эмоцияның қандай да бір 
қажеттілікті қанағаттандыруы жөніндегі сигналдан гөрі, биологиялық мәнінің 
маңызы өте зор. Қажеттілікті қанағаттандыруға ағзаның жұмсаған күші үшін 
оң эмоция тарту болып табылады.
Э моциялар бас м иы ны ң қыртыс асты құрылымдарыньщ қызметіне 
негізделген күрделі интегралды үрдіс. Эмоция интеграциясы үрдісінде бірінші 
дәрежелі рөл гипаталамусқа қатысты — ол мидың төменгі және жоғары жатқан


Эмоция бүзылыстары
141
бөліктерімен ағзаның сыртқы ж әне ішкі ортасымен, барлық сезімтал және 
атқарушы жүйелер мен мүшелер арасындағы әр түрлі байланыстардан тұратын 
ерекше диспетчерлік пункт болып саналады. Гипотоламус қозғыштығына және 
ондағы симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтарына 
байланысты эмоция пайда болу фактісі және олардың сапалық ерекшеліктері 
түсіндіріледі. Өзін-өзі реттеу ортақ үрдісі шеңберінде әрекетке түрткі түзіледі 
(субьектитивті күйзеліс түріндегі эмоциялық қозғалыс) және алдағы әрекеттің 
энергетикалы қ қамтамасыздалуы дайындалады (соматовегетативті ж әне 
алмасулық өзгерістер формасында).
Сондықтан, барлық эмоционалды реакциялар пульс өзгеруімен, артериялық 
қысым өзгеруімен, тыныс жиілігінің, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің, 
биохимиялық көрсеткіштердің ж әне т.б. өзгеруімен жүреді. Қорқыныш не­
месе ашу жағдайында жүрек қызметі күшейеді, пульс жиілейді, артериялық қан 
қысымы көтеріледі, газ алмасу артады, қандағы глюкоза мөлшері өседі, жұмыс 
жасап жатқан мүшелерге, әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне қоректік заттар мен 
оттегінің түсуі жоғарылайды; бұл кезде қанның ұйығыштығы жоғарылайды, 
осының әсерінен күрес кезінде (жануарларда) қан ағуы тоқтайды.
Филогенез кезінде эмоция — әрекетке дайындық — әрекет реакциялары 
неғұрлым жақсы жетілген болса, жануарлар қауіпті жағдайларды аластатуға 
соғұрлым бейім болып келеді.
Эмоцияның жүйкелік субстраты қыртысасты құрылымдар екеніне кли- 
никалық фактілер дәлел бола алады. Өте айқын эмоционалдық өзгерістер 
патологиялық үрдістің қыртыс астында емес, таламус пен гипоталамуста ор- 
наласатыны айдан анық. К линикалы қ деректер жүйке жүйесінің әр түрлі 
бөліктерінің экстрипациясы және тітіркендіру арқылы жасалған зерттеулермен 
дәлелденген. М и қызметі неғұрлым жоғары ж әне күрделі болған сайын 
эмоциялық реакциялардың құрылуы мен бағытында соғұрлым маңызды рөлді 
бас миының қыртысының қызметі атқарады.
Адамға жалпы жануарларға тән эмоциялармен қоса, жоғарғы дәрежедегі 
эмоциялық күйзелістер тән, олар зияткерлік және шығармашылық қызметке — 
сезімдерге байланысты пайда болады. 
Интеллектуалды, өнегелік және
эстетикалық
сезімдерді бөледі. Басым жағдайда адам эмоциялары саналы 
қабылданады; эмоция және оның белгілері саналы түрде тежеледі немесе жа- 
сырын болады; кез—келген эмоциялық күйзеліс сөз арқылы тулырылуы мүмкін.
Эмоцияның объективті белгілеріне
тән қалыпты көріністері — мимика, поза 
және оқшау қимылдар (пантомимика) жатады. Осы құбылыстарды бірінші 
болып Чарльз Дарвин түпкілікті зерттеген, ол эмоцияның сыртқы көріністері, 
эмоцияның өзі сияқты шығу тегі жануарлық екенін дәлелдеді. Жануарлар 
әлемінде өмір үшін күрес бейімделуге көмектеседі. Қорқыныш шақыратын 
поза — жануар ырылы жауды шошытады; ал көнбістік позасы мен мимикасы 
оны тыныштандырады, агрессияны төмендетеді; көздерін кең ашып, қастарын 
көтерумен таң қалу мимикасы бағдарлық реакцияны жеңілдетеді. Адамдарда 
бұл реакциялар адамзаттың әлеуметтік мәніне қарай, тәрбиеге байланысты 
өзгеріске ұш ыраған ж ән е санам ен бақыланады, бірақ эм оцияларды ң 
физиологиялық механизмі өзгермейді. Егер адам күшпен столды ұрса, онда ол


142
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
еріксіз тістенеді және тісін қайрайды. Жылау, күлу және басқа мимикалық 
әрекеттер туғаннан пайда болады, олар әр адамда бірдей және кішкене балалар 
да мұны жеңіл түрде түсінеді. Мимика және пантомимика адамдардың қатынас 
құралы болып табылады (эмоционалдық деңгейдегі қатынас).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет