АЛКОГОЛИЗМНІҢ ТАРАЛУ Д Ә РЕЖ ЕСІ
Алкоголизм және маскүнемдік мәселесі маңызды әлеуметтік-медициналык
проблемалардың бірі болып табылады. Бұл спиртгі ішімдікгерді колдану әдетінің
тұрғындар арасында кең таралуы және алкогольді шектен тыс пайдаланатын
адамдар санының көбеюі нәтижесінде тұрғындар мен коғам денсаулығына
үлкен кауіп төндіруімен байланысты болып отыр.
Д Д ¥-ны ң, отандык ж әне шетелдік авторлардың мәліметтері бойынша,
алкоголизмнің таралу көрсеткіші жоғары дамыған елдерде 1000 адамға шакканда
10-нан 100-ге дейін наукас санына сәйкес келеді.
15 экономикасы дамыған елдер арасындағы таңдамалы зертеулер (¥лыбри-
тания, Дания, Канада, АҚШ , ГФР және т.б.) алкоголизмнің орташа жылдык
таралу көрсеткіші 1000 тұрғынға шакканда 1900-1929 ж.ж. 0,3-тен 1930-1940 ж.ж
3,3-ке дейін ж әне 1956-1975 ж.ж. 12,3-ке дейін өскенін көрсетті.
Алкоголизмнің клиникалық көріністері
253
Әйелдер мен жастар арасында алкоголизмнің өсуі бакылануда, дамыған
капиталистік мемлекеттерде соғыска дейінгі кезеңмен салыстырғанда,
тұрғындардың алкоголизммен ауыру дәрежесі 2 - 2 '/ 2 есе өсті, ал оның ересек-
тер арасында таралуы 1-10% аралығына жетті.
Егер 1984 ж. алкоголизм диагнозымен алғаш диспансерлік тіркеуге 520 мың
адам, 1986 ж. 532 мың адам алынған болса, казіргі уакытта тіркеудегі алкого
лизммен наукастардың саны миллондарға жетгі. Ғалымдардың пікірінше, біздің
елімізде олардың саны 6 -7 млн-ды кұрайды. Ю.П. Лисицын мәліметі бойын
ша, алкоголизммен наукастанған әр адамға 3 -4 ішімдікгі шекген тыс колданатын
адамнан келеді.
Біздің елімізде алкоголизммен наукастану үрдісі жоғарылап келеді, соның
ішінде, әйелдер арасында да кездесуде.
АЛКОГОЛИЗМНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ
Алкоголизмді 3 сатыға бөлу кең тараған: бастапкы, ортаңғы және соңғы.
Әрбір сатысы өзіне тән белгілермен — симптомдармен және синдромдармен
сипатталады.
Бастапцы (неврастениялык) сатысы.
Алкоголизмнің бастапкы сатысының
белгісі — тұрмыстык маскүнемдік. Сондыктан алкоголизмді ерте аныктауда
оның маңызы зор.
Алкоголизмнің алғашкы сатысының ерте және маңызды белгілерінің бірі —
ж абы скак сипаттағы алкогольге патологиялы к әуестік, колданылатын
алкогольдің мөлшерін бакылау кабілетінің төмендеу белгісі және артынан мүлде
мөлшерін
бақылауды жоғалту
болып табылады.
Алкоголизмнің алғашкы симптомы
қорғаныстық қусу рефлексінің жоғалуы
—
спиртік ішімдікті артык мөлшерде кабылдағанда кұсу болмайды. Алкогольге
толеранттылык өзгереді — оның жоғарылауы бакыланады, колданылатын
спиртті ішімдік мөлшері жоғарылай түседі.
Алкоголизмнің алғашкы сатысында-ак
палимпсесттер
— алкогольді маста-
ну жағдайында болған кейбір окиғаларды есіне мүлдем түсіре алмаумен көрінетін
ес бұзылысы симптомы орын алады.
Наукастардың кейбірінде алкогольді мастану сипаты өзгереді: олар ызалы,
жабыскак, ренжігіш, жиі күдікшіл бола түседі.
Алкоголизмнің бастапкы сатысының психопатологиялык бұзылыстарының
симптомдары үдемелі және күшейген
астениялык синдром
фонында пайда бо-
лады және көрініс береді. Оның негізгі көріністері — сылбырлык, әлсіздік, тез
шаршағыштык, зейіннің бұзылуы, интеллектуалды үрдістің зорығуы және бас
ауыруы болып табылады. Осылардың барлығы наукастың еңбек сапасының
төмендеуіне әкеліп соктырады. Оларда ұйкы бұзылысы ерте пайда болып, үдей
түседі. Олар ұзак уакыт ұйыктай алмайды, ұйкысы шала, үзілісті, коркынышты
сипатта жиі түстер көреді, көбіне. ¥ й кы дан кейін сергектік сезімі жок.
Тітіркенгіштік және себепсіз ашушаңдык, айналадағылармен конфликтілер
үнемі болатын сипат алады.
Наукастар алкогольді жиі колданады, тәуліктік мөлшері 1 л күшті шарап
немесе 400-500 мл арак деңгейіне жетеді.
254
XV Тарау. Алкоголизм
Алкоголизмнің бірінші сатысының ұзактығы алкогольді колданудың интен-
сивтілігіне байланысты, ол орта есеппен бір жылдан алты жылға дейін. Алко-
голизмнің алғашкы сатысында-ак фупкпиопаллы
Достарыңызбен бөлісу: |