Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


АЛКОГОЛИЗМ КЕЗІН Д ЕГІ ЖАСТЫҚ



Pdf көрінісі
бет141/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

АЛКОГОЛИЗМ КЕЗІН Д ЕГІ ЖАСТЫҚ 
ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ РӨЛІ
Жастык фактордың алкоголизмнің басталуы мен дамуында маңызы бар. 
Алкоголизм неғұрлым ерте жаста (жасөспірімдік, жастык шакта) басталса, 
соғұрлым катерлі өтеді: сатылардың ауысуы мен ауырлауы жылдам жүреді, ал 
алкоголизм көріністері айкын сипатта өтеді. 
Жас кезде
түзілген алкоголизм 
тұлғаға айрыкша теріс әсер көрсетеді, энцефалопатиялык синдромның жылдам 
үдеуіне, психоздардың ерте дамуына ыкпал етеді.
Картаю алдындағы
кезеңде пайда болған алкоголизм токсикалык энцефа- 
лопатияның жылдам дамуына және өршуіне алып келеді және де ауру сатылары 
тез алмасады. Бұл кезеңде алкоголизм жедел психоздармен сирек, ал созылмалы 
психоздармен жиірек аскынады. Соматикалык бұзылыстар ерте аныкталады.
Соңғы уакытта әйелдер арасындағы алкоголизм кең таралып кетті. Әйелдер 
алкоголизмінің біркатар ерекшеліктері болады.
Әйелдерде алкоголизм жылдам каркы нмен дамып ж әне клиникалы к 
көріністері бойынша, ерлермен салыстырғанда, ауыр өтеді. Бірак алкоголизмнің 
жеңіл ағымы жөнінде және әйелдер алкоголизмін катерлі деп санауға мүмкіндік 
бермейтін мәліметтер де бар (ауырлатушы факгорлар болмағанда).
Ерлерден айырмашылығы, әйелдерде ішімдікке патологиялык әуестік 
алкогольді шектен тыс колданудың алғашкы 1-2-ш і жылдарында түзіледі және


258
XV Тарау. Алкоголизм
осы уакыт аралығында спирттік ішімдіктерге ф изикалык тәуелділік, яғни, 
абстинентті синдром аныкталады. Әйелдерде тұлғаның алкогольдік өзгерісі 
сексуалды азғындыкпен және әлеуметтік деградациямен көріне отырып, жыл­
дам каркынмен дамиды.
АЛКОГОЛЬДІҢ АДАМ АҒЗАСЫ НА Ә СЕРІ ЖӘНЕ 
АЛКОГОЛЬДІК МАСТАНУ ДИАГНОСТИКАСЫ
Алкогольдің адам ағзасына әсерінің 2 ерекшелігін бөлуге болады — оның 
мастык туғызатын тікелей әсері және алкоголизм ауруына алып келетін жүйелі 
түрде шектен тыс колдану.
Алкогольдің негізгі әсері — 
мастандырушы эсер.
Алкоголь әсерінің нәтижесі 
кабылданған спиртті ішімдіктің дозасына ғана емес, оның күштілігіне де бай­
ланысты. Арак тәрізді күшті ішімдіктер әсер еткенде, алкоголь 1 сағат ішінде 
канда максимальды концентрациясына жетеді. Бұл кезде мастану тез дамиды 
және айкын көрініс береді.
Мастану кезінде соматикалык, неврологиялык және психикалык бұзылыстар 
катары бакыланады. Олардың көріністері мастану дәрежесіне байланысты болады.
Алкогольдік мастанудың жеңіл, орташа, ауыр дәрежелерін бөледі.
Мастанудың 
жеңіл дэрежесінде
кабылдау дәрежесі төмендейді. Интеллек- 
туалды үрдістер бұзылады: зейін бұзылады, реакциялар баяулайды, ойлау ло- 
гикасы төмендейді, ұксас ассоцациялар бакыланады. Қоршаған ортаны кабылдау 
киындап, сыни көзкарас төмендейді. Көңіл-күй тұраксыз, жиі көтеріңкі, бірак 
кейде ашушаңдык, тітіркенгіштік көрініс беруі мүмкін. Қимыл координациясы 
бұзылған, сөйлеудің жеңіл бұзылыстары бакыланады.
Мастанудың 
орташа дэрежесінде
зейін күрт бұзылады, ол елітпелі болып 
келеді. Қабылдау нактылығы және дифференцациясы жоғалады. Интеллек- 
туалдык үрдістер баяу, персеверациялар пайда болады, ойлау кездейсок ассо- 
цияциялармен көрінеді. Примитивті, әсіресе, сексуальды әуестіктер жандана- 
ды. Орташа дәрежелі мастану жағдайындағы адамдар жиі ызалы, агрессивті 
болады, ол өз кезегінде төбелестерге және ұрыс-керіске әкеледі. Қимыл коор- 
динациясы едәуір бұзылған, жүрісі тәлтіректеген, сөйлеу — дизартриялы.
Мастанудың 
ауыр дэрежесінің
клиникасы үдемелі есеңгіреумен көрінеді. 
Артынан терең ұйкыға кетеді: мас адам колайсыз калыпта және кез келген 
жерде ұйыктап калады, еріксіз зәр бөлінуі, дефекация, кейде бұлшыкет тыры- 
сулары болуы мүмкін. Мастану кезеңі жөніндегі естеліктер, әдетте, сакталады, 
алайда кейде үзік-үзік болуы мүмкін.
Ауыр алкогольді интоксикация кезінде пайда болатын коматозды жағдайда 
алкогольді организмнен шұғыл шығаруға бағытталған шараларды орындау 
керек (асказанды шаю, жүрек-кан тамыр ж әне тыныстык функцияларды 
сүйемелдеу).
Мастанудың жеңіл дәрежесінде алкогольдің кандағы концентрациясы 2%о, 
орташа дәрежесінде 2 - 5 % , ауыр дәрежесінде 5 % -д ан жоғары болады. Бұл 
мәліметтер 1 кг дене массасына шакканда төмендегі көрсетілген алкогольдің 
(спирт) мөлшеріне сәйкес келеді: 1-1,5; 1,5-2 және 2,5—3,5 мл.


Патологиялық мастану
259
Мастануды және оның дәрежесін аныктау үшін негізгі мәліметгі клиникалык 
көрінісі береді. Сонымен катар, олар алкогольдің организмдегі кұрам бөлігін 
және оның концентрациясын аныктайтын біркатар зертханалык әдістермен 
және сынамалармен негізделеді.
Тыныспен шыккан ауада алкоголь бар-жоғын дәлелдейтін сапалык реакция 
Раппопорт реакциясы болып табылады. Бұл кезде алкоголь күкірт кышкылыныщ 
катысуымен ацетальдегидке айналады және калий перманганаты ерітіндісінің 
тамшыларын коскан кезде түссізденеді. Шоймош модификациясындағы Вид- 
марк әдісі анағұрлым дәлірек болып табылады, бұл кезде сандык аныктау 
әдісімен кандағы алкоголь концентрациясы аныкталады. Бұл әдіс Видмарктың 
арнайы колбасы ішінде алкогольдің бір уакытты дистилляциялануы мен 
тотығуына негізделген.
Алкогольдік мастану фактісін аныктау үшін Л.А. Мохов және И.П. Ш ин- 
каренко ұсынған индикаторлы түтіктер кеңінен колданылады. Бұл түтіктерде 
кұрғак реагент — мактаға сіңірілген хром ангидридінің концентрацияланған 
күкірт кышкылындағы ерітіндісі бар. Алкогольдің тыныспен шыккан булары 
индикатордың сары түсін жасыл немесе көгілдір түске өзгертеді, осылайша, 
тыныспен шыккан ауада алкоголь бар екенін көрсетеді (бұл оң реакция ретінде 
бағаланады).
Алкогольдің кандағы максималды концентрациясын аныктаудың дәл әдісі 
В.Ф. Пономоревтің газды-сұйыктыкты хроматографиясы болып табылады. Бұл 
әдіс алкогольдің этилнитратка айналуына, артынан түзілген өнімнің газды 
хроматографта тіркелуіне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет