Профилактика
263
Ішкі мүшелердің бұзылған қызметін қалыпқа келтіруге және ағзадағы дәру-
мендік құрамды, әсіресе, В тобының дәрумендерін қалпына келтіруге ықпал
ететін ем тағайындалады.
Нақты алкогольге қарсы дәрілік терапия, оған жиіркеніш сезімін тудыруға,
ағзаның оған сенсибилизациялануына бағытталған. Алкогольге жиіркеніш
сезімін шартты рефлекс туындату тәсілімен шақырады. Жиі апоморфинотера-
пия әдісімен алкогольге деген жүрек айну, құсу реакциясын туғызады. Науқастың
тері астына құсу шақырғанға дейін 0,2-ден 1,5 мл-ге дейін 1%-дық апоморфин
ерітіндісін енгізеді (мөлшерін күн сайын 0,1 мл-ге көбейтіп отырады). Құсуға
жақындағанда науқасқа 50 мл алкогольді ішімдік береді. Ем алкогольге шарт
ты рефлекторлы құсу реакциясы берік қалыптасқанға дейін созылады.
Алкогольге ағзаның сенсибилизациялануына антабус (антэтил, тетурам
және т.б.), кальций карбамиді цитраты, метронидазол, фуразолидон және басқа
препараттарды қолдану арқылы қол жеткізіледі. Тетурам — алкогольге сенси-
билизациялайтын аса кең тараған препарат. Оның әсері тетурамның (антабус)
адам ағзасында алкоголь метаболизмінің қалыпты (тотығуын) үрдісін ацеталь-
дегид сатысында үзуіне негізделген. Организмде жиналған ацетальдегидтің
токсикалық әсері тетурам алкогольдік реакция пайда болуына алып келеді: тері
жабындысының қызаруы, тыныс пен жүрек соғысының жиілеуі, артериалдық
қан қысымының төмендеуі, үрей және қорқыныш сезімдерінің пайда болуы
және т.б.
Антабуспен емдеуге төмендегідей қарсы көрсеткіштер бар: полиневриттер,
ІІ—ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру, ауыр қан тамыр аурулары, бауыр цирро
зы, жаңа пайда болған және тіндердің ыдырауы сатысындағы туберкулез, про-
цессуалды психикалық аурулар.
Эффект ұзаққа созылуы үшін антабуспен курсты ем жүргізіледі, ем күніне
0,25—0,5 г дозадан басталып, емнің 3—5 күндерінде антабусты-алкогольдік
сынамалар (30—50 мл арақ беріледі) жасалады. Емнің бір курсы 3—5 ретке дейін
сынамадан тұрады. Кейін науқасты күніне 0,5—0,25 г антабус мөлшерімен
сүйемелдеуші терапияға ауыстырады.
Алкогольге қарсы емнен кейінгі ремиссия ұзақтығы туралы авторлардың
арасында ортақ пікір жоқ. Ол әр түрлі факторларға тәуелді. Дұрыс ұйым-
дастырылған ем ж әне медико-әлеуметтік бақылау алкоголизм кезіндегі
терапиялық ремиссиялардың мерзімін едәуір ұзартады.
Достарыңызбен бөлісу: