Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет29/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Заңды іс-шаралар
әр түрлі кәсіби зияндылықтарда қызмет етушілерге арналған 
жұмыс күнінің, жұмыс аптасы ны ң ұзақты ғыны ң нормаларынреттейді, 
жеңілдіктерге, жұмыс қабілеті жартылай немесе толық жойылған жағдайда 
компенсацияға кепілдік береді, зейнетақы тағайындау тәртібін анықтайды, 
жасөспірімдер мен әйелдер үшін жұмыс нормасы мен жағдайларын анықтайды.
Заңның орындалуы мен нормаларын бақылау санитарлық қадағалау арқылы 
іске асырылады, ол дұрыс ұйымдастырылса, алдын алу шаралары сипатына ие 
болады.
Оның мәні келесі 
санитарлық-техникалық шаралардан тұрады
: пайдалануға 
тапсырылатын өндірістікнысандардың, машиналардың, механизмдердің, жаңа 
жабдықтардың санитарлық жағдайын бақылау; технологиялық үрдістерді және 
хим иялы қ заттарды қауіпсіз түрлеріне алмастыру; шығарылған өніммен 
контактіде болмау және қашықтықтан басқаруды ұйымдастыру, шаңсыздандыруға 
бағытталған жұмыстар жүргізу; жабдықтарды герметизациялау; тиімділігі жоғары 
вентиляция жасау; жұмысшылардың индивидуалды қорғаныш заттарын дұрыс, 
жүйелі түрде пайдалану, оның тәртібін сақтауды бақылау; оларды нұсқаулықпен 
таныстыру және гигиенаны үйрету; токсикалық заттардың ауадағы МДК-сының 
жоғарылауын болдырмайтын жағдайларды бақылау және т.б.
Жалпы профилактикалық жұмыстардың үшінші бағыты — сауықтыру болып 
табылады, ол міндетті түрде алдын алу және кезеңдік медициналық тексеру- 
лерден, емдік-профилактикалық қоректендіру, витаминизация, өндірістік 
гимнастика, шаң мен газды орындарда жұмыс істейтін адамдарға ингаляция, 
массаж, физио және сумен емдеуден тұрады. Өндіріс жағдайындағы барлық 
жедел уланулар ерекше тіркеуге алынып, СЭС тексеруінен 24 сағат ішінде өтуі 
керек, созылмалы уланулар СЭС тексеруінен хабар алынған күннен бастап 
7 күн ішінде өтуі керек.
Тексеру нәтижелері арқылы алдағы санитарлық-техникалық және емдік 
шаралардың мазмұны анықталады.
Арнайы жұмыстар ілкі, салдарлық, үшіншілік психопрофилактикамен бай­
ланысты болуы мүмкін. Сау адамдардағы жүйкелік-психикалық бұзылыстарды 
ескертуге бағытталған жұмыстар комплексін мысалға келтіреміз (ілкі психо­
профилактика):
1) цехтарда және белгілі бір өндірісте, оның бөлімдеріндегі жұмыс сипатын 
және жұмыс жағдайынзерттеу;
2) өндірісте жұмыс істейтіндер арасындағы жалпы аурушаңдық ішінен 
жүйкелік-психикалық ауруларды зерттеу;
3) медико-санитарлық бөлімдегі психоневролог консультациясы, жұмыс- 
шыларды кезеңмен тексеру және диспансеризация жүргізу, осы мәлімет- 
терді талдау;


Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
63
4) ж үйкелік-психикалық бұзылыстарға байланысты жоғары қауіптегі 
контингентті динамикалық бақылау, тіркеу, егде жастағы адамдарды
жасөспірімдерді, жоғарғы және орта білім беру оқу орнында оқып жүріп 
жұмыс жасайтындарды, жиі және ұзақ ауыратындарды, созылмалы кәсіби 
аурулармен ауыратындарды анықтау және т.б.;
5) 1-4 іс-шаралардың мәліметтерін талдау негізінде психопрофилактикалық 
жұмыстың жоспарын құру және оны медико-санитарлық бөлімнің жал- 
пы кешенді жоспарына енгізу;
6) жұмысқа тұратындарды алдын ала тексеру және психикалық денсаулығына 
байланысты кәсіби түрде таңдап алу;
7) заңдық нормативтерді және техникалық қауіпсіздік және индивидуалды 
қорғаныш ережелерін сақтауды қатаң бақылау;
8) профилактикалық ем жүргізу — спецификалы, нақты кәсіптік зиянды- 
лықтарға бағытталған және қоршаған ортаның зиянды әсеріне ОЖЖ-нің 
және организмнің қарсылық әсерінің жоғарылауын қамтамасыз ететін 
спецификалы емес ем;
9) зиянды әдеттермен және алкоголизммен күресу;
10) арнайы топтарды керекті дағдыларға үйрететін психогигиена бойынша 
жұмыс жүргізу (қажу мен невроздың және т.б. профилактикасы); арнайы 
дайындалған бағдарлама бойынша жұмыстар, өндірістік-техникалық 
оқыту жүйесіне енгізілуі мүмкін;
11) кең психогигиеналық үгіттеу, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Осы мақсатта жергілікті және радиотрансляциялық торап бойынша үзіліс 
кезінде мәліметтер беру, стационарлық және көшпелі қабырға газеттерін әдемі 
безендіру, санитарлық бюллетень шығару, жұмыс істейтіндер мен оқитындарға 
психогигиеналық өзекті тақырыптарға нұсқаулар беру, денсаулыққа арналған 
тақырыптық кештер өткізілуі қажет.
Екінш ілік психопрофилактика мақсаты басталған ж үйке-психикалы қ 
бұзылыстардың ауырлауы мен рецидивтерін болдырмау үшін, сонымен қатар 
оның асқынуының алдын алу болғандықтан, оның негізі ерте этиологиялық 
диагностика жүргізу болып табылады. Бұл ең алдымен, дерттің кәсіби фактор- 
лармен байланысты немесе байланыссыз екенін анықтайды. Бұл үшін диагно­
стика кезінде анамнез мәліметтері талқыланып, жиналады, зертханалық 
көрсеткіштермен бірге клиникалық зерттеудің нәтижелері салыстырылады 
(соматикалық, неврологиялық, психологиялық).
Анамнезінде аурудың жұмысқа тұруынан бұрынғы аралықтағы денсаулық 
жағдайына көңіл бөлінеді, алғашқы медициналық зерттеу нәтижелері ескеріледі. 
Қазіргі кездегі патологияның сол кезде байқалмауы кәсіби ауру диагнос- 
тикасының критерийлерінің бірі болып табылады. Аурудың кәсіби зиянды- 
лықтармен байланысы анықталады, оның сандық бағасы беріледі (ұзақтығы, 
үздіксіздігі, әсер интенсивтілігі) зиянды факторлардың сапалы қ сипаты 
анықталады, осы мәліметтердің патологиялық өзгерістердің динамикасымен, 
айқындығымен арасындағы байланыс салыстырылады. Арасында байланыстың 
болуы кәсіби аурулардың пайда болу жиілігін жоғарылатады. Осылайша, сынап, 
марганец фосфорорганикалық қосылыстармен уланғанда және басқа да кәсіби


64
V Тарау. Психопрофилактика
патология түрлері кезінде астенизациямен, интелектуалды-мнестикалық 
төмендеу, ой жұмысы кезіндегі жоғары шаршағыштық, тұлға құлдырауымен 
көрініс беретін энцефалопатия дамуы мүмкін. Сол салада жұмыс істейтін 
адамдардағы патологияның ұқсастығын және өндіріспен байланысы жоқ ауру 
белгілерінің пайда болуын анықтау маңызды болып табылады.
Жағдайды талдау кезінде психопатологиялық жауаптың сипаты (экзогенді 
және эндогенді түрдегі реакция), оның соматикалық, неврологиялық өзгерістерге 
және лабораториялық зерттеу көрсеткіштеріне байланыстылығы ескеріледі. 
Психопатологиялық жауап берудің экзогенді түрінде және сәйкес анамнес- 
тикалы қ мәліметтер болғанда, ағзада улы заттардың немесе зат алмасу, 
эндокринді ж әне басқа да бұзылыстар зияндылықтары әсерінен дамыған 
соматопсихикалық параллельдің болуы жүйке-психикалық өзгерістермен кәсіби 
ауру диагнозын айқындай түседі.
Осылай тітіркенген әлсіздік көріністерімен ж әне ұйқының бұзылуымен 
астениялық симптоматиканың пайда болуы, қорғасынмен жұмыс істейтін 
адамда апатияның, жоғары шаршағыштықтың, ұмытшақтықтың үдеуі созыл- 
малы уланудың болу мүмкіндігін білдіреді.
Қызыл иек қырындағы қорғасындық жиек, гипохромды анемия, қанда 
базофильді-дәнді эритроциттердің көп болуы, ретикулоцитоз, порфиринурия, 
зәрмен қорғасынның бөлінуі, бауырдың функциялық жеткіліксіздігі, полинев­
рит сияқты белгілердің болуы тұжырымның дұрыс екендігін дәлелдейді.
Ауруды анықтау терапияны бастауға мүмкіндік береді, оның шарты — кәсіби 
зияндылықтармен жұмысты тоқтату болып саналады. Организмнен улы 
заттардың шығарылуына, жойылуына, ыдырауына шаралар қолданылады, 
патогенетикалық, синдромальды терапия жұмыстары жүргізіледі, жалпы 
әлдендіретін шаралар қолданады. Жағдайдың синдромологиялық құр^ілымына 
байланысты психофармокологиялық басушы ж әне әлдендіретін терапия 
тағайындалады, витаминдер қолданылады, ноотроптар, тағы басқа психоэнер- 
гетикалық заттар, жеке тұлғалық реакцияларда — психотерапия тағайындалады. 
Егер психиканың патологиялық өнімі психотропты дәрілермен толық және тез 
басылатын болса, кәсіби патология кезіндегі психопатологиялық дефицитарлы 
психопатологиялық симптоматика (психоорганикалық синдром, амнестикалық 
синдром, ақыл-естің кемдігі) аса тұрақтылығымен ерекшеленеді. Емдеу және 
айықтыру жұмыстарының тиімділігін көтеру үшін белсенділік пен жігерлілік 
қажет. Көбіне курорттарда емделу жақсы нәтиже береді.
Кәсіби аурулар кезіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет