Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет30/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

үшіншілік психопрофилактиканың
өзіндік ерек- 
шеліктері бар. Егер кәсіби емес ауруларда оның жоғарғы тиімділігінің көр- 
сеткіші — аурудың кәсіби деңгейі төмендемей ем қабылдағаннан кейін бұрынғы 
жұмыс жағдайына қайта оралуы болып табылса, айқын кәсіби патология кезінде 
мұндай мүмкіндік болмайды. Емдеу нәтижесіндегі жетістіктердің тұрақтылығына 
сенім тек адамның бұрын өндірісте ауру туғызған агентпен кездеспейтіндігіне 
кепілдік болғанда болады. Сондықтан үшіншілік психопрофилактиканың 
міндеті — адамның кәсіби зиянды әсерлермен байланыста болмайтын өндіріске 
қайта квалификациядан өткеннен кейін өзінің бұрынғы кәсіби деңгейіне жетуі 
болып табылады. Квалификация өзгерту қиындықтары кезінде, кәсіби емес


Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
65
аурулармен салыстырғанда, науқастың 3-топ мүгедектікте болған кезеңі 
қолданылуы мүмкін. Жас организмнің жоғары бейімделгіштік мүмкіндіктеріне 
байланысты үшіншілік психопрофилактика нәтижесі жастарда, ересек адамдарға 
қарағанда, тиімдірек болады.
Ж алпы өндірістік орындарда кәсіби аурулармен ауырмайтын көптеген 
психикалық аурулар қызмет жасайды (3,5%, егер алкоголизмнен зардап 
шегетіндерді санамаса). Сөз созылмалы аурулар жөнінде болып отыр, оның И — 
эндогенді психоздар (шизофрения, эпилепсия, маниакальды-депрессивті пси­
хоз), психопатологиялық симптоматикамен бас-ми жарақатынан кейін болатын 
резидуальды көріністер — И соматогенді, инвалюциялық және басқа психикалық 
аурулар — И құрайды. Арнайы жүргізілген зерттеулер, осы аурулардың жоғарғы 
кәсіби деңгейде жұмыс істеп, еңбекте алған шағымдары аз екенін дәлелдеген. 
П сихикалық ауру пайда болған әрбір жағдайда олардың әрқайсы сы ны ң 
клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі белсенді диспансерлік 
бақылау жақсы ұйымдастырылса, ыңғайлы еңбек жағдайын қарастыратын 
болса, уақыт өте психикалық жағдайының өзгеруіне қарай психикалық 
науқастарды қарапайым өндіріс жағдайына икемдеуді кеңінен қолдануға бо- 
лады.
Өндіріс орындарындағы психопроф илактиканы ұйымдастыру ж әне 
психоневрологиялық көмек жергілікті жағдайларға және қажеттіліктерге бай- 
ланысты құралады. Ыңғайлы нұсқасы — үлкен зауыттарда медико-санитарлық 
бөлімнің болуы, психоневрологиялық диспансерде аудан кәсіпорындарында 
жұмыс істейтіндерге арнайы көмек көрсететін өнеркәсіптік психиатр кабинетінің 
қызмет етуі, ірі көлемдегі кәсіпоры нды немесе бірнеше зауыттар мен 
ф абрикаларға қы змет көрсететін емханадағы психоневролог қы зметін 
ұйымдастыру, ведомстволық бағынышты психогигиена, психопрофилактика 
орталықтарын құру болып табылады. Қарапайым нұсқа құрамына диспансерлік 
бақылау, элементарлы психоневрологиялық көмек көрсету, цех дәрігерлік 
бөлімшесінің арнайы дайындығынан өткен бөлімшелік терапевт, медико- 
санитарлық бөлімнің немесе емхана невропатологының тарапынан сауықтыру 
шаралары мен медициналық білімді уағыздау, әр түрлі мамандардың жұмыс- 
шыларды жоспарланған медициналық тексеруден өткізуі кезінде психонев- 
рологтың кезеңдік тексеруі, психоневрологиялық диспансер дәрігерінің жүйелі 
түрде бақылауы кіреді.
Осы кезге дейін алкоголизмді анықтаумен және емдеумен тек арнайы емдік- 
профилактикалық орындар ғана айналысты. Қазіргі уақытта ішімдікпен басты 
күресті өндірістік орындарда іске асыру көзделіп отыр, бұл міндет кәсіпорындарға 
қызмет көрсететін жалпы медициналық емханалар және ведомстволық емха- 
налар, денсаулық сақтау орындары, медико-санитарлық бөлімдердің дәрігерлері 
және орта медициналық қызметкерлер күшін қолданып іске асырылады. Керек 
жағдайларда қалалық немесе аудандық денсаулық сақтау органдарының шешімі 
бойынша құр^ілыс және транспорт ұйымдарына, кәсіпорындарға қызмет ететін 
емханаларда немесе медико-санитарлық бөлімдер жанынан наркологиялық 
кабинеттер ұйымдастырылады. Наркологиялық кабинеттердің міндеті алкого­
лизмнен зардап шегетіндерді ерте анықтап, оларды есепке алып, кешенді ем


66
V Тарау. Психопрофилактика
жүргізу және диспансеризация, ішімдікке қарсы үгіт және профилактика ша- 
раларын жүргізу болып табылады. Кабинет жұмысы әкімшілікпен, кадрлар 
бөлімімен, зауыт комитетімен, маскүнемдікпен күрес комиссиясымен тығыз 
байланыста жүргізіледі. Наркологиялық кабинетке есепке алу пациенттің 
тұрғылықты жеріндегі психоневрологиялы қ диспансерді (егер болса, 
наркологиялық диспансерді) міндетті түрде хабарландыру арқылы жүргізіледі. 
Есептен шығару үшін ішімдікті толық тыйғаннан 3 жыл өткеннен кейін бола- 
ды, ол объективті мәліметтермен дәлелденуі керек. Есепте тұрғандар жылына 
2 рет наркологтан тексеруден өтіп тұрады, әрбір 6 айда бақылау нәтижелері 
туралы мәліметтер тұрғылықты жердегі диспансерге жеткізіліп тұрады. 
Н ауқастарға көрсетілетін емдік көм ек көлемі п си хон еврологи ялы қ 
диспансерлердегі наркологиялық кабинеттегідей болады. Белсенді емнен кейін 
қосымша қуаттандыратын терапия тағайындалады. Кейбір ірі өндіріс орында- 
рында белсенді ем жүргізу үшін профилакторийлер, күндізгі немесе түнгі ста- 
ционарлар жұмыс істейді. Қуаттандырғыш қосымша терапияның мақсаты — 
ішімдікке деген теріс көзқарасқа жеткізу және спирттік ішімдіктерді пайдалануды 
сенімді түрде тоқтату. Ішімдікке қарсы жұмыстардың маңызды бөлігі — 
науқастардың тұрақты психотерапиялық ұжымын құру және емге қарсылық 
көрсететін және ішімдік ішу дәстүрін таратушы адамдарды бөлек емдеу (изо- 
ляциялау) болып табылады. Бұндай ауруларға тіпті, қоғамдық-әлеуметтік ша- 
ралардан бастап, күштеп емдеу шаралары да қолданылады. Наркологиялық 
кабинеттердің мақсаты — ішімдікке қарсы белсенді күрес, сауыққандарды 
еңбекке тарту, орналастыру, көпшілік жерлерде ж әне өндірісте жетістікке 
жетулерін қамтамасыз ету, олардың отбасылық бейімделуіне көмек беру болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет