Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері.
69
ретінде көрініс береді, психикалық инфантилизм түрінде бағаланады. Әдетте,
психикалық инфантилизмге физикалық инфантилизм сәйкес келеді. Бұндай
адамдарда 25-30 жаста жасөспірімдік бейнесі сақталады, дене салмағының,
бойының жетіспеушілігі байқалады, екіншілік жыныс белгілері нашар дамыған
болады. Ой-пікірінің жетік дамымауы себебінен мұндай адамдар өзгелердің
ықпалына түсіп кетеді, күшті және авторитетті кісілердің пікіріне бағынады,
өзгенің еркін орындайтын пассивті орындаушы болады. Инфантилизммен қыз
балалар мен жігіттер асоциальды ортаға түскенде олар осы ортаға сәйкес өмір
стилін жеңіл қабылдайды. Олар спирттік ішімдіктерді қолдануға үйірленеді.
Қылмыстық әрекеттер жасаулары мүмкін.
Жеке психикалық функциялар дамуының тежелуі психикалық дамудың
жалпы теңсіздігіне —
асинхронияға
әкеліп соқтырады. Осындай жағдайда
сақталған психикалық функциялар, осындай жетіспеушілік болған жағдайда
соның орнын толтыру үшін қарқынды дами бастайды, кейде ол біржақты
дарындылық түрінде көрінеді, психикалы қ теңсіздіктің айқындылығын
көрсетеді.
Даму біртексіздігі тежелусіз-ақ жүйелер мен мүшелердің әдеттегіден күшті
жетілу нәтижесінде де болады. Бұл құбылыс
акселерация
деп аталады. Акселе
рат жасөспірімдер мен жастардың бойлары ата-анасынан ұзын, сүйек-бұлшықет
жүйесі жақсы жетілген; олар жыныстық қатынаста да және өздерінің физикалық
белгілері бойынша ерте дамуларына, басқа жынысқа деген қызығушылықтарының
ерте дамуына байланысты олар ерте үйленіп, балалы болуларына болар еді.
Бірақ берік социалды жағдайдың болмауы, материалдық ж әне моральдық
дербестіктің болмауы, ең бастысы, психологиялық дайындықтың болмауы
оларға өз отбасын құруға мүмкіндік бермейді. Қазіргі өмір жағдайына байла-
нысты, қарым-қатынас және ақпарат құралдарының қолжетімділігіне (газет,
журнал, радио, теледидар, кино) байланысты көптеген балалар өткенмен
салыстырғанда жылдам, интелектуалды түрде дамиды. Нәтижесінде тұлғалық
ерекше маңыздылығын сезіну, өзінің құрдастары қатарында басымдылығы
жөнінде иллюзия, қызығушылықтарының жасына сәйкес еместігі кейде кон-
серватизмге ж әне ересектердің бірж ақтылығы на қарсы (ата-ананы ң,
оқытушылардың) наразылық тудырады. Өмірлік тәжірибесі болмай тұра өзін
танытуға ұмтылу, ситуацияларға ересек көзқарастың болмауы конфликтіге
әкеліп соқтырады. Нәтижесінде барлығынан түңілу, депрессивті реакциялар
түрінде жасөспірімнің өзі зардап шегеді. Балаларда психикалық дерттің баста-
луы жастық криздік кезеңдермен ұштасады.
Достарыңызбен бөлісу: