90
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
Ақырында науқас жеке адамдардың немесе ұйымдардың соңына түскеніне,
гипнозбен, сәулелермен, электр тоғымен әсер етуіне, материалдық ж әне
моральдық шығын келтіруіне шағымдануы мүмкін, яғни өзінің сандырақ иде-
яларын шағым ретінде айтып беруі мүмкін. Сонымен, науқас шағымдарымен
танысу зерттеушіге патологияны анықтауда бағдар береді.
Анамнезді тек аурудың сөздерінен ғана емес,
сонымен қатар басқа да
науқасты танитын адамдардан жинаған дұрыс. Науқастан жиналған анамнез
(субъективті анамнез)
есте сақтау, сана бұзылуында, сандырақ жағдайларында,
диссимуляция кезінде дұрыс мәлімет бермеуі мүмкін. Науқас кейде өзінің
туысқандарындағы бар психикалық аурулар жайында, балалық шағының
ерекшеліктері жөнінде, басынан өткерген соматикалық аурулары, бас-ми
жарақаттары, орын алған талмалар, ұстамалары жайында біле бермейді. Мұндай
жағдайларда
туыстарын, достарын, көршілерін сұрастыру қажет — мұны
объективті анамнез
деп атайды. Обьективті анамнезді науқастың қатысуымен
жинауға болмайды.
Анамнезді екі түрге бөледі: өмір анамнезі және ауру анамнезі.
Кей жағдайларда бертін келе тұлға дамуына әсерін тигізген, бүкіл өмір бой-
ында бірге келе жатқан туа пайда болған немесе жүре пайда болған ерте жас
кезеңіндегі психикалық патологиялар жөнінде өмір анамнезінен бөлек мәлімет
жинау мүмкін емес.
Өмір анамнезін жинауда ең алдымен, тұқым қуалаушылық мәселесін
айқындау керек — ата-анасыны ң ж әне ж ақын туыстарының психикалық
денсаулық жағдайын, жеке бас ерекшеліктерін толық анықтап алу керек. Ту-
ыстарына қатысты психикалық ауруларды толық сипаттау керек. Тұқымында
өзіне-өзі қол жұмсағандар, оғаш жүріс-тұрысты, ақыл-ой кемістігі бар адамдар,
ұстамалары бар адамдар, нашақорлық және маскүнемдіктен зардап шегетіндер,
тұқым қуалайтын соматикалық аурулары бар адамдар бар-жоғын анықтау қажет.
Ерте даму кезеңін анықтауда анасының жүктілік кезіндегі денсаулығын анықтау
керек, босанғанда жарақат
болған-болмағандығын, қандай жағдайда, қалай
өскенін, тәрбиесін, қай жаста тілі шыққаны, жүргені, мектепке барғаны жайлы
сұрау керек. Егер дамуында кедергі болса немесе дамуы бірқалыпты болмаса
(мысалы, жасына сай емес әуесқойлық), осылардың барлығы ерекше тіркелуі
керек. Балалық шағында ұйқы кезінде жүру, қорқыныштар, кекештену, энурез
болған-болмағаны жөнінде білу қажет. Науқас қай жерде, қалай оқыды, қандай
қызығушылықтары болды, қабілеттілігі, тәртібі анықталып,
жыныстық даму
кезеңі, осы кездегі мінез-кұлқы мен жүріс-тұрысындағы ерекшеліктерін анықтау
керек.
Н ауқастың білім дәрежесі, еңбек ж олын бастаған уақыты, жұмысқа
көзқарасы, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасы, мамандығы бойынша
өсуі — осының барлығы маңызды сұрақтар, ол туралы міндетті түрде анамнез-
де көрсетіліп, өмірдің әр түрлі кезеңдерінде аурудың әлеуметтік бейімділу
дәрежесі туралы көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар,
науқастың басынан өткен
аурулары мен олардың асқынулары, бас ми ж арақаттары , өндірістік
зияндылықтар, зиянды әдеттері (ішімдікке салыну, темекі шегу, дәрілік заттар
Клиникалық әдіс
91
қолдану) жөнінде мәлімет алу қажет. Анамнездің арнайы бір бөлімі жыныстық
ерекшеліктерге, жыныстық және жанұялық өмірге арналады; жыныстық өмірдің
басталуы, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасқа, түсініспеушілік
себептері, жүктілік, босану, түсіктер, менопауза т.б.
Достарыңызбен бөлісу: