92
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
бағдарлау болады: бұл кезде ауру өзін бір уақытта ауруханада да, түрмеде де
жатырмын, кейбір науқастарды емдейді, кейбіреулері тергеуде жатыр деп
есептейді.
Бағдарлаудың бұзылуы сана бұзылыстарын анықтаудың критерийлерінің
бірі болып табылады. Делирий уақыт пен кеңістікті бағдарлау бұзылысымен
жүреді, аменциядан айырмашылығы, бұл кезде өзіндік жеке тұлғасын бағдарлау
бұзылысы болмайды.
Сонан соң қабылдау бұзылыстарын суреттейді: иллюзия, галлюцинация,
психосенсорлық бұзылыстар т.б. Патологияның бұл түрі туралы
мәліметтерді
ауруды арнайы сұрау арқылы біледі: дауыстар естиді ме, олар қайдан естіледі,
олар көп пе, оларды кімдер айтады ж ән е т.б. Бақылау әдісі арқылы
галлюцинациялардың объективті белгілері анықталады (олардың мазмұнына
байланысты мимика, поза, жүріс-тұрыс және т.б. өзгереді).
Осылайш а нақты , түпкілікті түрде ойлау сипатталады: оны ң темпін,
ассоциациялық қызметін, логикалық үрдістің бұзылуы — жабысқақтықтар,
аса
бағалы идеялар, сандырақ. Ассоциациялық үрдістердің бұзылуы кезінде
науқас сөзінің үлгісін немесе оның жазбасының үзіндісін мысалға алуға бо-
лады.
Одан әрі ес пен интеллектіні зерттеу мәліметтері келтіріледі. Ес жөніндегі
мәліметті анамнез жинау кезінде аурудың сұрақтарға жауабынан білуге болады.
Аурудың есі бұзылғанда анамнездік мәліметтерді науқас ретімен, толық жеткізе
алмайды, соңғы уақыт кезеңінде болған, ағымдағы оқиғалар ұмытылады. Ауруға
есте жеңіл сақталатын ақпаратты ұсынуға болады, оқыған кітабының, көрген
кинофильмінің мазмұнын айтып беру сұралады.
Аурудың білім қоры, оның
қоғамда алатын орнына сәйкестігі анықталады. Науқастың ой түйіндеу, пікірлесу
қабілетін анықтау үшін оған арифметикалық қызметті қажет ететін қарапайым
есептеу операцияларын, сурет бойынша әңгімелеу, мақалдарды түсіндіріп
беру т.б. ұсынылады.
Эмоциялар толық суреттеледі: көңіл-күй, реакциялар және т.б. эмоциялық
көріністер. Науқас эм оциясы ны ң көлемі, тұрақтылығы, басым сипаты,
ситуацияға ж әне науқастың ф изикалы қ күйіне ж әне жалпы психикалық
мазмұнға сәйкестігі көрсетіледі.
Осылайша, эйф ория кезінде көңіл-күй
әдеттегідей көтеріңкі емес, адекватсыз түрде көтеріледі, мұндай жағдайлар өлім
алдындағы кахексиялық ауруларда, өкпе-жүрек жетіспеушілігі ауруларында,
трансмуральды миокард инфарктында, алкоголизмнің үшінші сатысында
және т.б. жағдайларда кездеседі. Депрессивті немесе маниакальды жағдайларда,
дисфория, апатия, үрей, қорқыныш кезінде олардың белгілеріне көңіл аудару
керек.
Ерікті-қозғалыстық бұзылыстар науқастың активті және пассивті назарына,
әуестіктеріне, тілектеріне, аурудың әрекеті мен жүріс-тұрысына әсерін тигізеді.
Тексеру кезіндегі науқастың мимикасын, пантомимикасын, сыртқы көрінісін
және бөлімшедегі жүріс-тұрысын суреттеу қажет.
Психикалық статустың аяғында науқастың өз жағдайына сыни көзқарасын
және болашағына болжамын атап өту керек.